Автор: Асылхан Бөрібай

Әңгіме арнайы экономикалық аймақ «Қорғасқа» тіркеле алмай, қиындыққа ұшыраған «INTERNATIONAL CASTLE» ЖШС туралы деп жазады Ertenmedia. Компания құрылтайшыларының қатарында Қытайдың ХоЧэн уезіндегі «Цзя Чэн Чжен Чжи» трикотаж фабрикасы бар. Бас прокуратураның мәліметінше, компания «Қорғас» аумағында «Шеберлер қаласы» атты ірі сауда павильонын салуды жоспарлаған. Алайда аймаққа тіркелу кезінде түрлі бюрократиялық кедергілерге тап болып, нәтижесінде экономикалық аймаққа қатысу мерзімі аяқталған. Одан бөлек, құрылысқа арналған материалдарды елге әкелу кезінде кедендік рәсімдеу жұмыстары аяқталмай қалған. Осыған байланысты инвестор экономикалық аймақ қатысушылары тізімінен шығарылып, мемлекеттік кірістер органдары компанияға 1,4 миллиард теңге көлемінде қосымша кедендік төлем есептеген. Жағдайға Бас прокуратура араласып, мемлекеттік кірістер органдары салған шектеулердің…

Толық оқу

Қазақстанда мемлекеттік тіл саясатының тиімділігі мен тіл мәселесіне қатысты пікірлер азаматтардың тілдік ортасына байланысты әртүрлі бағаланып отыр. Ел халқының жартысынан астамы үш тұғырлы тіл идеясын қолдайды, сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін атап өткен азаматтардың үлесі де айтарлықтай жоғары, деп хабарлайды Ertenmedia. DEMOSCOPE бюросы 2025 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында MediaNet халықаралық журналистика орталығы, PaperLab зерттеу орталығы және Конрад Аденауэр қорының қолдауымен телефон арқылы ауқымды сауалнама жүргізген. Қазақстанның 17 өңірі мен республикалық маңызы бар қалаларынан 1100 адам қатысқан зерттеу қорытындысы бойынша халықтың басым бөлігі (50,7%) экс-президент Назарбаев 2006 жылы ұсынған үш тұғырлы тіл идеясын әлі де өзекті деп…

Толық оқу

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде «Жалпы ұлттық құндылық – ел дамуы» жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» облыстық форумы өтті. Аталған форум Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты,- деп хабарлайды Ertenmedia Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылық – ұлттың рухани өзегі екенін айтып, оны сақтау мен жаңғырту – әрбір азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың парызы екенін жеткізді. Іс-шара аясында «Ұлттық құндылық – ұлттың ұлы мұраты» атты облыстық идеялар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жалпы байқауға 51 жоба ұсынылып, оның 17-сі үздік деп танылды. Байқау қорытындысы бойынша 1-орын «Киіз өндіру – ұлттық өндіріс, тұрақты табыс көзі»…

Толық оқу

Қарасай ауданында Алматы облысының мектепке дейінгі, жалпы орта және техникалық білім беру саласы мамандарын біріктірген тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Биылғы жиын жаңа форматта – панельдік сессиялар түрінде ұйымдастырылды. Конференцияның тақырыбы да ерекше мәнге ие болды: «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман». Іс-шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Жиын ауданның үш білім беру нысанында қатар өткізілді: Қаскелең қаласындағы жаңа заманауи мектепте, Шамалған ауылындағы көпсалалы кәсіби колледжде және Қошмамбет ауылындағы мектепте. Әрбір оқу орнында оқушылар мен студенттердің қолөнер және ғылыми жұмыстары қойылған көрмелер ұйымдастырылды. Қаскелеңде облыстың әртүрлі мектептерінің оқушылары робототехника саласындағы жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, 2016 жылы құрылған және білім беру мекемелеріне…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды,- деп хабарлайды Ertenmedia Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау саласын сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс әрбір азамат үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Басты мақсат – халықтың өмір сүру жасын ұзарта түсу. 2025 жылы 14 шілдеде міндетті медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі жаңа Заңға қол қойылуы маңызды қадамдардың бірі болды. «Мемлекетіміздің ерекше басымдықтарының бірі – халықтың денсаулығын…

Толық оқу

Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы күрес орталығының жаңа шығарылымында медиадағы және әлеуметтік желілердегі кликбейт пен манипуляция мәселесіне назар аударылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Мысал ретінде қоғам белсендісі Бақытжан Төреғожинаға қатысты жағдай келтірілген. Оның жазбалары шындыққа сәйкес келмейтін деп танылып, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен омбудсмен аппараты, медициналық ұйымдар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдері кірген комиссия тарапынан ресми түрде теріске шығарылды. Еске салайық, 2025 жылғы шілде айында Төреғожина жалған ақпарат таратқаны үшін сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Орталық атап өткендей, фактілерді әсірелеу мен драматизация — манипуляторлардың жиі қолданатын әдісі, ол ресми…

Толық оқу

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – ол жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау. Бүгінгі күні талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттің басты міндеттеріне айналды. Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» баса айтқан болатын. Бұл ретте, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі берілді. Бүгінгі таңда,…

Толық оқу

Президент Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, биылғы жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін тыңдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Әкімнің айтуынша, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 31%-ға артып, 360 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп саласында 680 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Құрылыс қарқыны күшейіп, биылдың өзінде 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Ғабит Сыздықбеков өнеркәсіп әлеуетін арттыру мақсатында қала аумағында «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтары іске қосылғанын атап өтті. Шымкенттегі шағын және орта бизнес нысандарының саны 139 мыңнан асып, осы салада 245 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Президентке инфрақұрылымды жаңғырту шараларының барысы да таныстырылды. Атап…

Толық оқу

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева Астанада өткен қазақ-өзбек ғылыми-шығармашыл зиялыларының алғашқы форумында сөз сөйледі. Іс-шара Т.Нарбаеваның Қазақстанға ресми сапары аясында ұйымдастырылды. Форум барысында екі елдегі ғылыми және мәдени ортаның өкілдері мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, халықтық дипломатияны дамытуға және дәстүр сабақтастығын сақтауға қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ олар бірқатар бағытта өзара байланысты одан әрі арттыру жолындағы басым міндеттерді белгіледі,- деп хабарлайды Ertenmedia Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан зиялыларының алғашқы форумы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өткізіліп жатқанын айтты. Президент екі елдің ғылыми-шығармашыл зиялыларының өзара байланысына үнемі баса мән беріп келеді. Осы орайда бұл…

Толық оқу

Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген бюджет ақшасының қалай жұмсалғанын тексеріп, нәтижесін жариялады деп жазады Ertenmedia. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, министрлікке бағынышты ұйым басшылары және мем.органдардың өкілдері қатысты. Тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді. Ғылым саласына бөлінген қаржы көлемі 219 млрд теңгеге дейін өссе де, зерттеулер мен ғылыми әзірлемелердің сапасы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр. «Ғылыми жобаларды іске асыруда нақты сектордың, яғни бизнестің сұранысы ескерілмеген. Әзірленген ғылыми өнімдер көбіне іс жүзінде қолдануға жарамайды. Қолданбалы зерттеулерге басымдық беру керек», – дейді Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің орындалуын бақылау формалды түрде жүргізілген. Қателігі бар жобалар…

Толық оқу