Автор: editor

Түркістан облысында мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев  облыс орталығында орналасқан №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясындағы соңғы қоңырау рәсіміне қатысып,  жас түлектерге  жылы лебізін білдірді.  Аяқталғалы отырған оқу жылы өңір  үшін де жемісті жыл болды. 2024-2025 оқу жылында 33 884 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Оның 2313-і – «Алтын белгіге»  үміткерлер, 2400 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды.  Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 386 оқушы өтінім білдірген. – Сіздерді Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Биыл Наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біздің басты…

Толық оқу

Жетісу облысында өңір басшысы Бейбіт Исабаев мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты жиын өтіп, аймақтағы саланың бірқатар мамандарына еселі еңбегі үшін мемлекеттік наградалар тапсырылды. Сол сияқты 16 номинация бойынша үздіктер анықталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты жиынға қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаған өңір басшысы мереке қарсаңында Президенттің Бикен Римова атындағы драма театрына 50 жылдық мерейтойына орай академиялық мәртебе беру туралы ұсыныс білдіргенін атап өтті. Сондай-ақ жерлесіміз, актер, театрдың көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын Мемлекет басшысының қолынан алған болатын. – Мәдениет – тек іс-шаралардың жиынтығы ғана емес, ол – бүгінгі…

Толық оқу

Бүгін Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға берілді. Пәтер кілттерін жаңа қоныс иелеріне облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қалалықтарды жаңа пәтерне ие болуымен құттықтаған облыс әкімі тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың өмір сүру сапасын көтеруге тікелей әсер ететін игілікті іс екенін, бұл Президенттің қойып отырған басты талаптарының бірі екенін атап өтті. — Біз мемлекеттік бағдарламалардың және демеушілердің қолдауымен біз қазір тұрғын үймен қамту мәселесіне ерекше назар аударып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары қалада тұрғын үй беру қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның арқасында өткен жылдың қорытындысы бойыша Талдықорғанда тұрғын үй…

Толық оқу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен  «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізі ретінде мемлекеттік қызметшілердің ұйымдық мәдениетін арттыру: сын-тегеуріндер, проблемалар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш шараға Польша, Түркия, Өзбекстан және қазақстандық ғалымдар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті және тағы басқа да күштік құрылымдардың басшылары  қатысты. Халықаралық конференцияны Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының  докторы, профессор Ермек Бөрібаев ашып, министр Саясат Нұрбектің конференция қатысушыларына арнаған хатын оқып берді. Онда ведомство басшысы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — тек заңнамалық шаралар ғана емес, сонымен қатар мәдениетті қалыптастыру мен ғылыми зерттеулерді…

Толық оқу

Даниялық Carlsberg Group пен америкалық PepsiCo компаниясы Алматы облысында ірі сусын зауытын ашуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба құны 250 миллион доллардан асады. Зауыт жылына 340 миллион литр алкогольсіз сусын өндіруге қауқарлы болады және 500 адамды жұмыспен қамтиды. Бұл жоба бойынша Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Данияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Йеспер Вармен кездесу өткізіп, бірлескен жобаның іске асу барысын талқылады. Елші Йеспер Вардың айтуынша, бұл өндіріс ауылшаруашылық өнімдерінің қосымша құнын арттырып, өңірдегі өзге салалардың дамуына да серпін береді. Сонымен бірге, Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеруге айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде. Айта кетсек, PepsiCo…

Толық оқу

Бүгінде Түркістан облысындағы 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде, 33 884 оқушы 11-сыныпты бітіріп жатыр. Олардың 2 313-і «Алтын белгіге», 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, 9-сыныпты 45 мыңға жуық оқушы бітіреді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Өңірде тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждерге оқуға тарту бойынша жұмыстар жүзеге асуда. Биыл 11-сынып түлектері үшін мектеп бітіру іс-шарасы 23 мамырда, яғни бүгін барлық мектептерде ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, 1-11 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілуде. Бұл оқушылардың жыл бойы алған білімін қорытындылайды. Қорытынды мемлекеттік…

Толық оқу

Қазақстандық шаруалар жаңа Су кодексіне сәйкес, 2 млн текше метрге дейін еріген қар суын өз бетінше жинай алады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа Су кодексіне сәйкес, су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін еріген қар суын арнайы рұқсатсыз өз бетінше жинай алады. Бұл үшін көлемі 2 млн текше метрден аспайтын тоған, су қоймасы немесе өзге де қойма салу қажет. Еріген қар суын жинауға арналған гидротехникалық құрылымдар қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс, өзендермен, көлдермен және басқа да су нысандарымен байланыспауы керек әрі қоршаған ортаға зиян келтірмеуі қажет. Құрылыс аяқталғаннан кейін бассейндік су инспекциясын хабардар етіп, бұл нысанды арнайы тізімге енгізу қажет. Бұл…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының сол жағалауындағы Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында үш жолақты қозғалысы бар екі деңгейлі жол айрығының құрылыс барысын тексерді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс әкімі атап өткендей, бұл жоба өңір орталығы үшін аса маңызды. Ол автокөлік жүргізушілеріне қозғалыс уақытын едәуір қысқартып, Базовая көшесі мен Меновное ауылын қоса алғанда төрт бағытта еркін жүруге мүмкіндік береді. Мұнда бес жолақты қозғалыс қарастырылған. Жол айрығының өткізу қабілеті 2,5 есеге артады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш тәулігіне 85 мың автокөлік болса, құрылыс аяқталған соң 200 мыңнан астам автокөлікті қамтиды. Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, бұл жоба жол қозғалысын…

Толық оқу

Ауыл шаруашылығы министрлігі Астанадағы «Керуен» сауда орталығы маңындағы жер телімін неге тікелей әкімдікке бере алмай, жеке меншікке сатуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Бұл туралы вице-министр Азат Сұлтанов Qogam News басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.kz.  Министрлік өкілінің айтуынша, аталған жер телімі бұрынғы иесінен төрт жыл бойы игерілмегендіктен қайтарылып алынған. Бірақ министрлік оны сату процесін бастаған кезде Астана қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, телім құрылыс аймағынан абаттандыру аумағына ауыстырылған. «Жердің мақсаты өзгерген соң біз сотқа жүгініп, осы учаскені тікелей коммуналдық меншікке өткізіп, саябақ жасау үшін пайдалануды ұсындық. Алайда заң талаптарына сәйкес сот біздің өтінішімізді қабылдамады. Сондықтан сот шешімін орындау үшін жер…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Аймақ басшысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада болды және отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана — республика бойынша теңдесі жоқ инклюзивті жобалардың бірі. Екі қабатты кітапхананың жалпы аумағы – 800 шаршы метр. Нысан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржылай қолдауымен бой көтерген. Кітапхананың ішкі құрылымы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген. Онда компьютер мен смартфон пайдалануға үйрететін тифлотехнология кабинеті, брайль жүйесі бойынша оқу-жазуға баулитын кабинет, дыбысталған әдебиеттер қоры, брайль қарпімен жазылған 40 мыңнан астам кітап, coworking…

Толық оқу