Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – ол жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау. Бүгінгі күні талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттің басты міндеттеріне айналды. Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» баса айтқан болатын. Бұл ретте, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі берілді. Бүгінгі таңда,…

Толық оқу

Президент Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, биылғы жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін тыңдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Әкімнің айтуынша, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 31%-ға артып, 360 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп саласында 680 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Құрылыс қарқыны күшейіп, биылдың өзінде 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Ғабит Сыздықбеков өнеркәсіп әлеуетін арттыру мақсатында қала аумағында «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтары іске қосылғанын атап өтті. Шымкенттегі шағын және орта бизнес нысандарының саны 139 мыңнан асып, осы салада 245 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Президентке инфрақұрылымды жаңғырту шараларының барысы да таныстырылды. Атап…

Толық оқу

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева Астанада өткен қазақ-өзбек ғылыми-шығармашыл зиялыларының алғашқы форумында сөз сөйледі. Іс-шара Т.Нарбаеваның Қазақстанға ресми сапары аясында ұйымдастырылды. Форум барысында екі елдегі ғылыми және мәдени ортаның өкілдері мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, халықтық дипломатияны дамытуға және дәстүр сабақтастығын сақтауға қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ олар бірқатар бағытта өзара байланысты одан әрі арттыру жолындағы басым міндеттерді белгіледі,- деп хабарлайды Ertenmedia Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан зиялыларының алғашқы форумы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өткізіліп жатқанын айтты. Президент екі елдің ғылыми-шығармашыл зиялыларының өзара байланысына үнемі баса мән беріп келеді. Осы орайда бұл…

Толық оқу

Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген бюджет ақшасының қалай жұмсалғанын тексеріп, нәтижесін жариялады деп жазады Ertenmedia. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, министрлікке бағынышты ұйым басшылары және мем.органдардың өкілдері қатысты. Тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді. Ғылым саласына бөлінген қаржы көлемі 219 млрд теңгеге дейін өссе де, зерттеулер мен ғылыми әзірлемелердің сапасы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр. «Ғылыми жобаларды іске асыруда нақты сектордың, яғни бизнестің сұранысы ескерілмеген. Әзірленген ғылыми өнімдер көбіне іс жүзінде қолдануға жарамайды. Қолданбалы зерттеулерге басымдық беру керек», – дейді Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің орындалуын бақылау формалды түрде жүргізілген. Қателігі бар жобалар…

Толық оқу

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов газ нарығындағы негізгі ойыншылармен өткізген жиында белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia. Кездесуге мемлекеттік органдар, Бәсекелестікті қорғау агенттігі, жеке компаниялар, «Қазақстан темір жолы» мен Қазақстанның отын қауымдастығы өкілдері қатысты. Жиында газ тасымалдау тарифінің өсуі басты мәселе ретінде көтерілді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, сұйытылған газды тасымалдау тарифі 2025 жылдың өзінде үш рет айтарлықтай өскен. «Тек 1 маусымнан бастап теміржолмен газ тасымалдау қызметінің тарифтері өсті. Соның салдарынан сұйытылған газдың әр литрінің өзіндік құнындағы көлік шығындарының үлесі артты», – деді министрлік өкілдері. Әлібек Жамауов нарықтың тұрақты жұмыс істеуі үшін баға тепе-теңдігін сақтау қажет екенін атап өтті. «Біздің негізгі міндетіміз…

Толық оқу

Қазақстанда рубльдің еркін айналымы теңгені тәлтіректетіп, капиталдың елден кетуін күшейтуде деп жазады Ertenmedia. Белгілі экономист Рахымбек Әбдірахманов Digital Business Finance-қа берген сұхбатында елдегі экономикалық ахуалдың астарына үңіліп, негізгі түйткілдерді талдап берді. Оның айтуынша, еліміздегі инвестиция ағынының кері көрсеткіші былтыр тарихи рекорд орнатқан. Елге келген тікелей инвестиция көлемі сыртқа кеткен капиталдан 2,6 миллиард долларға аз болды. Мұндай жағдай тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет тіркелген. «Инвесторлардың елден кетуіне бірнеше себеп бар. Біріншісі саяси тәуекелдің артуы. Екіншісі макроэкономикалық тұрақсыздық. Үшіншісі және ең маңыздысы санкция астындағы Ресеймен экономикалық байланыстардың тым күшейіп кеткені. Саяси интеграция туралы сөз қозғамай-ақ қояйын, бірақ экономикалық интеграция қарқынды жүріп жатыр.…

Толық оқу

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай республикалық екі ірі телеарнаның жаңа басшыларын таныстырды деп жазады Ertenmedia. «Белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалды. Бүгін оны телеарна ұжымына таныстырдым», – деп жазды Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол Танысбайдың отандық медиа саласына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Соңғы алты жылда тарихи сериалдар мен анимациялық фильмдер өндірісіне ерекше серпін берілгенін айтты. «Корпорация отандық контентті интернет алаңдарда және шетелде насихаттауда үлкен жетістіктерге жетті», – деді Желдібай. Осыған дейін «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры міндетін 2020 жылдың желтоқсанынан бері Арман Құдайбергенов атқарған. Ал оның алдында 17 жыл бойы бұл қызметті Сергей Киселёв…

Толық оқу

Алматыда 18-19 тамыз күндері Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалі өтіп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан делегаттар қатысуда. Фестиваль аясында жастар саясаты, кәсіпкерлік, азаматтық белсенділік және әлеуметтік бастамаларды дамыту бағыттарында семиналар ұйымдастырылып, жас көшбасшылар мен кәсіпкерлер бас қосады. Жиынның ресми ашылуы барысында Алматы қаласына «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. «Алматы – азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз…

Толық оқу

Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists, CPJ) Қазақстан билігінен Азаттық радиосының маусым айынан бері аккредитациясыз қалған 16 журналисінің құқығын қалпына келтіруді талап етті деп жазады Ertenmedia. Ұйым мәлімдемесін 19 тамызға белгіленген сот отырысының қарсаңында жасады. 2024 жылы қабылданған БАҚ туралы заңға сәйкес, шетелдік журналистер Қазақстанда аккредитациясыз жұмыс істей алмайды. «Азаттық радиосының өткір материалдары Қазақстан медиа саласындағы маңызды орнын жоғалтпауы тиіс. Сот шешімі радио жұмысына үлкен кедергі келтіруі мүмкін екеніне алаңдаймыз. Қазақстан билігі Азаттық журналистеріне қысым жасамай, жұмысын жалғастыруына жағдай жасауы керек. Шетелдік БАҚ-ты аккредитациялаудағы қатаң ережелер қайта қаралуы тиіс», – дейді Журналистерді қорғау комитетінің Еуропа мен Орталық Азия бойынша…

Толық оқу

Қазақстанда шетелдік қаржыландыру арқылы жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) белсенділігі артып келеді. Бұл үрдіс қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Бірқатар журналистер мен сарапшылар сырттан келетін гранттардың ашықтығы мен мазмұнына бақылау орнату қажет екенін алға тартуда,- деп хабарлайды Ertenmedia Оңғар Кабден: «Қоғамды бөлетін емес, біріктіретін идеялар қажет» Журналист әрі қоғам белсендісі Оңғар Кабден шетелдік гранттардың астарында ұлтқа жат идеология жатқанын айтып, ҮЕҰ-лардың кейбірі «адам құқығы» мен «әйел теңдігі» ұранын жамылып, ЛГБТ мен батыстық құндылықтарды насихаттаумен айналысады деп есептейді. «Мемлекет әйелдер құқығын қорғай алмай отыр деу — әділетсіз. Бірақ бұл тақырыпты сылтау етіп, теріс насихат жүргізетін ұйымдар көбейді. Олар ұлттық құндылықтарға қарсы келеді», —…

Толық оқу