Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде (ТМҰ) Түркі әлемі елдері арасында сауда-саттықты арттырып, өңірлік интеграцияны тереңдетудің маңызды стратегиялық бағыттарын ұсынды. Президент өз сөзінде ТМҰ елдері арасындағы сауданы кеңейту мақсатында арнайы стратегиялық құжат әзірлеуді ұсынды. Оның айтуынша, ұйымға мүше мемлекеттердің қазіргі сауда айналымы 11,4 млрд долларды құрайды, бірақ бұл көрсеткіштің әлдеқайда өсу мүмкіндігі бар. Бұл ретте өңіраралық сауданың көлемімен қатар, оның түрлерін де әртараптандыру маңызды. Тоқаев, сондай-ақ энергетика мен көлік-логистика инфрақұрылымы салаларындағы трансұлттық жобаларға бірлескен күш жұмсау қажеттігін ерекше атап өтті. Әсіресе, Транскаспий бағытындағы энергетикалық инфрақұрылымды, оның ішінде Транскаспий мұнай құбырының жобасын бірлесіп жүзеге асыруға назар…
Автор: editor
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы былтырғы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін арнайы құрылған «Ақжайық» қайырымдылық қорының жұмысын тексеріп жатыр. Бұл туралы Ertenmedia «Орал апталығы» порталына сілтеме жасай отырып хабарлады. Қазір қордың қызметіне байланысты қаражаттың заңды әрі әділ бөлінуі бойынша тергеу амалдары әлі аяқталмаған. Сондықтан тергеу органдары тексерудің толық нәтижесін күту керектігін мәлімдеп отыр. Бұл қордың құрылтайшысы әрі директоры – БҚО Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Тілекқабыл Имашев. Ол қор жұмысының ашық жүргізілгенін және түскен қаражаттың нақты мақсаттарға жұмсалғанын айтады. Имашевтың дерегі бойынша, «Ақжайық» қорына су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде жалпы 73,4 миллиард теңге жиналған. Осы қомақты…
Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазақстан балалары» атты ұлттық науқан басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің бейнеүндеуінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министрдің айтуынша, онкүндік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен өтуде. Бұл бастама арқылы мемлекет бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтарға, ата-ана мен баланың өзара түсіністігіне баса назар аударуды көздеп отыр. «Құрметті достар! Баршаңызды алдағы Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталды. Өйткені бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады. Президентіміз балалардың сапалы…
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасында өмір сүру бақыты» атты тағылымды кездесу кеші өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кештің басты мақсаты — отбасылық байланыстарды нығайту, өскелең ұрпаққа отбасы тәрбиесінің маңызын түсіндіру. Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту. Іс-шараны ардагер журналист Роза Нарымбетова, ардагер ұстаз Несіпкүл Өтебаева ашып берді. Олар шараның мән-маңызына тоқталып, отбасы – қоғамның іргетасы екенін атап өтті. Қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, кештің тағылымды өтуіне сәттілік тіледі. Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары мен олардың ата-аналары Қонаевтар отбасы қатысты. Кеш барысында үлгілі отбасы мүшелері өзара сыйластық, тәрбиенің маңызы, отбасыдағы жылылық пен бірлік жайлы ойларымен бөлісті. Балалар…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинап, рекорд орнатқан Жәнібек Әбілханды қабылдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуге Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Исанова мен сынып жетекшісі Гүлзира Бортаева қатысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан жас түлекті арнайы құттықтап, сый-сыяпат жасады. Марапат пен оқуға қажет ноутбук құрылғысын табыстады. Ұстаздарына құрмет көрсетті. — Апта өңір үшін өте қуанышты жаңалықпен басталды. Оның басты себепкері әрі кейіпкері – Жәнібек өзіңіз. Республика көлемінде Түркістан өңірі мен ауылыңыздың абыройын көтеріп, рекорд жасадыңыз. Отандастарымызға үлгі болдыңыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Зияткер оқушымызды білім нәрімен сусындатып, тәрбие берген ұстаздарға алғысымыз мол.…
Абай облысында 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты үш жағдай тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz – Екі бала 5-қабаттан, бір бала балконнан құлап, жарақат алды. Абырой болғанда, бәрі аман қалды, бірақ бастарынан жарақат алып, емханаға жеткізілді. Екі ата-ана Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – деді тәртіп сақшысы. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, білім беру ұйымдары мен елді мекендерде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. Жыл басынан бері 300-ге…
Бүгін Шардара суқоймасының аумағында «Таза әлем — баршаға ортақ іс!» атты плоггинг өтті. Тазалық жұмыстарына армреслингтен 30 Әлем чемпионы, 20 Азия чемпионы мен 10 ел чемпионы қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шара экологиялық сананы арттырып, туған елге деген сүйіспеншілікті оятуға, сондай-ақ жас ұрпақты еңбекқорлық пен жауапкершілікке және табиғатқа жанашыр болуға бағытталған. «Бүгін Шардара су қоймасының жағалауын тазалау, қоқыстарын жинау жұмыстарына ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы – армрестлинг чемпиондары да өз үлестерін қосып отыр. Бұл – плоггинг спортшыларымыздың жастарға, өскелең ұрпаққа көрсеткен үлгісі. Армрестлингке келіп жаттығып жүрген жастар ағаларының жолымен апта сайын осы жағалауды тазалауға уәде беріп отыр. Біз өз…
Елордада 25 мамыр күні «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру өтеді. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамды маңызды әлеуметтік бастамаларға біріктіруді мақсат етеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Велошеру бағыты 25 шақырымды құрайды. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастап, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді. Тіркеу велошеру күні, яғни 25 мамырда сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Басталуы – 09:00. Қатысу тегін. Әрбір қатысушы өз велосипедімен келуі тиіс. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиеваның айтуынша, бұл – спорттық жарыс емес, сондықтан елорданың кез келген тұрғыны мен қонағы, жасына қарамастан, шараға қатыса…
Жетісу облысында соңғы үш жылда ауылдық жерлерде 12 мәдениет нысаны ашылды, соның бірі жуырда Көксу ауданының Мұсабек ауылында қолданысқа берілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қуанышты шараға Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов пен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мәдениет ордасының ашылуымен құттықтады. Жаңадан бой көтерген клубтың жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде заманауи технологиялармен жабдықталған 150 орындық көрермен залы, кітапханасы бар. — Ауылымызда жаңа мәдениет нысанының ашылғанына өте қуаныштымыз. 1990 жылдардың басынан бері елді мекенде мұндай мәдени нысан болған жоқ. Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Енді әртүрлі мәдени…
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет мәдениет саласында ауқымды жаңғыру жобасы жүзеге асырылуда. «Қазақстан халқына» қоры мен жергілікті әкімдік бірлесіп, 25 ауылдық кітапхананы жаңғырту ісін қолға алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл игі бастама еліміздегі мәдени инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған алғашқы жобалардың бірі. Батыс Қазақстан облысында бүгінде 357 мемлекеттік кітапхана жұмыс істесе, оның 333-і ауылдық жерде орналасқан. Соның ішінде 6 аудандық және 19 ауылдық кітапхана жаңғырту жобасына іріктеліп алынды. Жоба аясында арнайы жұмыс тобы кітапханалармен танысып, олардың ерекшеліктерін ескере отырып дизайн жобалар дайындады, пайдаланушылардың ұсыныс-талаптарын назарға алып, техникалық тапсырмалар жасалды. Жөндеу жұмыстары облыс әкімдігінің қолдауымен жүргізілуде. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен және «Қазақстан…
