Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматы қаласы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен 2025 жылдың 18 тамызынан бастап әкімнің орынбасары қызметіне Алмасхан Сматлаев келді. Сматлаев экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік етеді. Жаңа орынбасар Ресейдің Қаржы университетін «экономика», «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша және АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарынан бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет етті. 2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, кейіннен бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. Осы тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болған.
Автор: Асылхан Бөрібай
Тоқаев Өзбекстан Сенатының төрайымы Танзила Нарбаевамен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia. Тараптар кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды, сондай-ақ парламентаралық байланысты нығайтудың маңызды тұстарын талқылады. Президенттің айтуынша, Нарбаеваның Астанаға келуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ерекше байланыстың айқын көрінісі. Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынастың Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Сіздің сапарыңыз біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі тереңдету тұрғысынан өте маңызды. Біз бауырлас Өзбекстанмен ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Біздің өзара байланысымыз қаншалықты тығыз әрі нәтижелі болса, өңірдегі ахуал соншалықты тұрақты әрі тыныш болады. Бұл сапардың парламентаралық қарым-қатынасты нығайтуда маңызы зор»,…
Астанада «Азаттық радиосының» (RFE/RL-Kazakhstan) жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Сыртқы істер министрлігіне қарсы сот отырысының жарыссөзі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia. Редакцияның адвокаты Лилия Чаусованың айтуынша, министрліктің өзі журналистердің құжаттарын қарастыруды негізсіз созып, ақыры заңсыз түрде аккредитация беруден бас тартқан. Адвокат бұл үшін жауапкершілік редакцияда емес, ведомствода екенін алға тартты. Министрлік өкілі Әсел Мамашева болса, журналистердің аккредитациясыз жұмыс істегенін және заң бұзғанын мәлімдеді. СІМ дәл осы себеппен құжаттарды мақұлдамағанын айтты. Іс бойынша сот шешімі 19 тамыз күні жарияланады. Айта кетейік, шілде айында «Азаттық радиосы» Сыртқы істер министрлігін сотқа берген. Бұған дейін министрлік жеті журналистің аккредитациясын ұзартудан бас тартып, редакцияның бейбіт…
Ақтөбе соты «СНПС-Ақтөбемұнайгазды» монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін жазалады, деп хабарлайды Ertenmedia. Агенттіктің мәліметінше, негізгі акционері Қытайдың CNPC корпорациясы болып табылатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» серіктестеріне тиімсіз шарттарды мәжбүрлеп таңған. Компания сұйытылған газ нарығында үстемдігін пайдаланып, отын төлемінің мерзімін негізсіз қысқартып отырған. Мәселен, газ жеткізілген соң төлемді бес жұмыс күнінде емес, үш күн ішінде талап етіп, бұл шарт орындалмаған жағдайда жеткізілімді тоқтатқан. Бұған қоса компания цистерналарды газбен тек 85%-ға ғана толтыру талабын қойған, бұл өз кезегінде логистикалық қиындықтар туғызған. «Компания техникалық мүмкіндігі бола тұра, автокөлік арқылы жеткізілетін сұйытылған газ өндірісін негізсіз шектеп, нарықтағы өзге ойыншылардың құқығын бұзған», – деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау…
Қазақстанның Қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктердің корпоративтік табыс салығын (КПН) есептеу тәртібін өзгертетін жаңа ереже дайындады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп әзірлеген құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Толық мәтіні ашық көрсетілмесе де, жаңа ереженің басты мақсаты банктердің табысын нақты анықтап, бизнеске берілетін несиелер көлемін арттыру. «Біз банктерді кәсіпкерлерге несие беруге ынталандырып, бюджетке корпоративтік табыс салығының түсімін көбейткіміз келеді», – делінген жобаға берілген қысқаша түсініктемеде. Айта кетейік, жаңа Салық кодексіне сәйкес биыл банктерге арналған КПН мөлшерлемесі 20%-дан 25%-ға дейін өскен. Алайда кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудан түсетін табысқа бұрынғы 20% мөлшерлеме сақталды. Банк секторының «аса жоғары табысына» қатысты…
Қарашығанақ кенішіндегі маңызды технологиялық нысан газ айдауға арналған алтыншы компрессордың құрылысы мерзімінен кемінде жарты жылға кешігіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Жобаны іске асыруға жауапты KPO консорциумы жаңа компрессорды бастапқыда биыл қыркүйекте тапсыруы тиіс еді. Алайда, Upstream Online басылымы өз дереккөзіне сүйеніп, нысанның пайдалануға беру мерзімі 2026 жылдың ақпанына ауыстырылғанын мәлімдеді. Құны 735 млн доллар болатын KEP-1B деп аталатын компрессор Қарашығанақ кенішінің өндіріс қуатын арттыруға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі. Компрессор толық іске қосылса, кеніштен қосымша 5,8 млн тонна көмірсутек өндірілмек. KEP-1B Қарашығанақтағы қосымша екі компрессордың екіншісі. Біріншісі (KEP-1A) осы жылдың төртінші тоқсанында іске қосылуы керек. Жобаның басты мердігерлері халықаралық алпауыттар…
Алматы облысындағы Есік көліне баратын жолда туристерден заңсыз төлем алынып келгені анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Облыс әкімдігінің мәліметінше, туристерден ақы жинаған «Хабель» ЖШС-нің әрекеті заңға қайшы. Аталған компания Есік көліне барар жолда қосымша шлагбаум қойып, әрбір туристен 2 мың теңге, жеңіл көліктен 1,5 мың, шағын автобустан 5 мың, орта автобустан 15 мың, ал үлкен автобустан 20 мың теңгеге дейін ақша жинаған. Ешқандай чек берілмеген. Оған қоса, Іле-Алатауы ұлттық паркінің ресми экопостында да әр көліктен 1 179 теңге, автобустардан 11 009 теңге алынған. Алматы облысының әкімдігі «Хабель» ЖШС-не сенімгерлік басқару бойынша берілген аумақта туристерден қосымша ақы жинау туралы ешқандай келісім жоқ…
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзіне жасалған қарулы шабуылдың жай-жапсарын алғаш рет толық баяндады, деп хабарлайды Ertenmedia. Онлайн режимде өткен сот отырысында Берденов айыпталушы Ернар Жиембаймен арада ешқандай жақын таныстығы болмағанын айтты. Әкім орынбасарының сөзінше, ол Жиембаймен бар-жоғы үш рет кездескен: екі рет жұмыс барысында, бір рет шабуыл жасалған күні. «Жиембай маған бірнеше рет хабарласып, үйіме келемін деді. Бірақ мен оның сөзіне мән бермедім. Бір күні инспектор Асанбай хабарласып, Жиембай өзін өлтірем деп қорқытқанын айтты. Инспектор оны мас шығар деп топшылаған еді», – деді Берденов. Берденовтың айтуынша, Жиембай басқарып тұрған кезде «Тұрғын үй Шымкент» компаниясына қатысты шағым көбейген. Компания конкурссыз…
Алматыдағы Медеу ауданына қарасты Көлсай ықшамауданында заңсыз салынған элиталық үйлер мен коттедж қалашықтарына қатысты ауқымды тексеру басталады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Оның айтуынша, ауданда заңсыз жолмен рәсімделген 25 жер учаскесіне қатысты материал Бас прокуратураға, Алматы қаласының әкімдігі мен прокуратурасына, сондай-ақ тағы бес мемлекеттік ведомствоға жіберілген. «Көлсай Алматының інжу-маржаны. Бұл аумақта кез келген құрылысқа қатаң тыйым салынған. Бірақ рейд кезінде тау бөктерінің аяусыз талқандалғанын көзіммен көрдім: тау жоталары кесіліп, ағаштар мен алма бақтары оталған, бұлақтар мен сай-салалар көміліп, орнына элиталық коттедждер бой көтерген», – деді депутат. Аталған жер телімдеріне елдегі әйгілі кәсіпкерлер мен жоғары лауазымды…
Жамбыл облысында өгей әкесінен зорлық көрдік деген жасөспірімдердің оқиғасы елді дүр сілкіндірді. Балалар ұзақ жыл бойы құлдықта болып, ауыр жұмысқа жегілгенін мәлімдеген, деп хабарлайды Ertenmedia. Алайда алты баланың анасы Назерке мұны толықтай жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, күйеуі Ұзақбайға тағылған айыптың бәрі қып-қызыл жала. Журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында ол туған балаларының сөзін теріске шығарып, күйеуін қорғап шықты. Назерке Ұзақбаймен 2019 жылдан бері бірге тұрады. Осы уақыт ішінде күйеуінің балаларға зорлық-зомбылық жасағанын көрсем көзім шықсың деп отыр. «Егер олар расымен бес жыл бойы таяқ жеп, зорлық көрсе, неге ертерек кетіп қалмады?» – дейді Назерке. Балалардың денесіндегі көгерген із мен намазға…










