Алматы кітапханалары дәстүрлі кітап мәдениеті мен заманауи цифрлық технологияларды ұштастыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде кітапханалар қала тұрғындарына көпфункционалды мәдени әрі білім беру алаңы ретінде жобаланып жатыр. Жаңа кітапхананың ашылу салтанатына Алматы қаласының тұрғындарымен қатар қала басшылығы, белгілі ғалымдар, бірқатар жазушылар қатысты. Кітапхананың бай кітап қоры мен дамыған материалдық-техникалық базасы әртүрлі жастағы және қызығушылығы сан алуан оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік зал, жеке жұмыс істеуге арналған тыныш оқу аймақтары, топтық кездесулер мен шығармашылық жобаларға арналған кеңістіктер жабдықталған. Сонымен қатар, мұнда оқырмандардың жайлы әрі тиімді уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған. Көру…
Автор: Асылхан Бөрібай
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егемендіктің ел өміріндегі тарихи мәнін атап өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бүгінгі мерекенің халқымыз үшін орны ерекше. Қазақстанның егемендік жолын таңдауы ерікті әрі түпкілікті шешім болды. Тәуелсіздік бәрінен қымбат құндылық. Осы ұстанымға берік болу өткен буын алдындағы борышымыз, болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз», – деді Мемлекет басшысы. Президент ел азаматтарының бірлігі мен жасампаз еңбегі, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың арқасында Қазақстан тәуелсіздігін нығайтып, биік белестерді бағындырғанын атап өтті. «Әлем күрделі сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Осындай жағдайда біз жас әрі жаңашыл ұлт ретінде болашаққа сеніммен қарауымыз қажет. Бірлігімізді бекемдеп, еліміздің әлемдік…
Қызылордада испандық Roca Group заманауи сантехникалық өнім шығаратын ірі зауыт салмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобаға жалпы көлемі 44 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ. Тиісті келісімге Қазақстан үкіметінің ғимаратында Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және «РОКА Қазақстан» компаниясының бас директоры Даниэль Эрнандес қол қойды. Зауыт керамикалық санитарлық өнімдер мен ванна бөлмесіне арналған жиһаздарды шығаруға маманданады. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың бірінші тоқсанында басталмақ. Жоба аясында 300 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және оқыту көзделген. Бұл Қазақстандағы алғашқы толық автоматтандырылған әрі халықаралық экологиялық стандарттарға сай сантехникалық өнім өндіретін кәсіпорын болмақ. Жылына 500 мың…
Хромтаудың экс-әкімі Сағындық Шабықбаев сотта пара алғанын мойындады. Алайда шенеунік бас бостандығынан айырылмай, тек айыппұлмен құтылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Orda-ның мәлім еткеніндей сот отырысы жеделдетілген тәртіпте өткен. Айыптауға сәйкес, бұрынғы әкім қала аумағын абаттандыру бойынша орындалмаған жұмыс актісіне қол қоймағаны үшін мердігерден пара алған. Шабықбаев соттағы соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. «Кінәмді толық мойындаймын, қатты өкінемін. Маған айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұраймын. Айыппұл төлеуге ақшам жеткілікті», – деді сотталушы. Сот Шабықбаевты кінәлі деп танып, пара сомасынан 30 есе артық 12 млн теңге айыппұл салды. Экс-шендінің мүлкі тәркіленген жоқ. Алайда ол енді мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс…
Түркістан облысының Сауран ауданынан Қожа Ахмет Ясауидің осы күнге дейін белгісіз болып келген хикметтері табылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ғалымдар табылған қолжазбаның 1834 жылы жазылғанын анықтады. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы ең ескі әрі құнды қолжазба. Тарихи жәдігер Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музейіне табысталды. «Бастамаға мұрындық болған Сауран ауданының тұрғыны, ақсақал Еркін Сапаров. Ол аталмыш қолжазбаны туысы Әлімжан Рамазанұлының үйінен тапқан. Әулетте атадан балаға мұра ретінде сақталып келген жалпы саны 17 ескі қолжазба мен сирек кездесетін кітаптар музей қорына өткізілді», – дейді «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы. Сол кітаптардың ішінен табылған сирек қолжазбаның бірі Ясауидің хикметтер жинағы. Ғалымдардың айтуынша, араб-парсы…
Алматы қаласы әкімдігі қаладағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерін 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен және сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға сала ардагерлері де келді. Басты мақсат бір жыл бойы қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікке жауап берген азаматтардың еңбегін елеп, үздіктерді көптің көзінше марапаттау. Салтанатты шараны Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Е. Ұзақов ашып, қос мерекенің мәніне тоқталды. Қызметтің сырт көзге көріне бермейтін, бірақ жауапкершілігі ауыр тұстары барын айтты. Бұдан кейін әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев сөз сөйлеп, жеке құрам мен ардагерлерге алғыс білдірді. Оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесінің тұрақтылығы тәртіпке, кәсібилікке және адам тағдырына салмақпен қарайтын қызметке сүйенеді. Марапаттау бөлігінде қызметте…
Өзбекстанда ел тарихын тұтастай қамтитын алғашқы тарихи-мәдени атласты әзірлеу жұмыстары аяқталуға таяп қалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба тарихи жадыны жүйелейтін, мәдени сабақтастықты көрсететін маңызды құрал ретінде қарастырылып отыр. Атлас Ислам өркениеті орталығының музейлік экспозициясы үшін дайындалған 39 саяси-мәдени карта негізінде жасалуда. Бұл карталар кейін біртұтас ғылыми әрі танымдық еңбекке біріктірілген. Жобаның басты ерекшелігі – хронологиялық кеңдігі. Атлас тас дәуірінен бастап ХХ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Әр кезең нақты тарихи деректерге сүйене отырып көрсетілген. Карталарда билік жүргізген әулеттер, ірі мәдени орталықтар, сауда жолдары, қалалар мен тарихи ескерткіштер белгіленген. Бұл тәсіл тарихты жалаң дерек ретінде емес, тірі процесс ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін алға тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз. Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі…
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алакөл ауданының Лепсі ауылында жаңа көпфункционалды спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Нысанның игілігін Лепсі спорт мектебінің балалары пайдаланатын болады. Жаңа кешеннің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, «ZHERSU» ИПК Бақылау кеңесінің төрағасы, кәсіпкер меценат Бауыржан Оспанов, Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов, Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Теңізбаев, Нұрбек Оралбай, Демеу Жадыраев, Назым Қызайбай, Нұрмахан Тыналиев, және басқа да атақты спортшылар, ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шарада Диас Рахметов облыс әкімінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, өңірде спорт саласын дамытуға жасалып отырған жағдайларға қысқаша тоқталды. – Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыс…
Соғысқа қарсылық білдіріп, Ресейден Қазақстанға қашқан 16 жастағы оқушы Тимур Турков елден шығарылмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Уральская неделя» басылымының мәліметінше жасөспірім Путин басқыншылығын қолдамайтынын айтып, Қазақстаннан баспана сұраған. Алайда жергілікті сот Тимурды Ресейге депортациялау және Қазақстанға 5 жыл бойы кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдапты. Қазір ол Орал қаласындағы қиын жағдайға түскен балалар орталығында. Тимурдың туған жері Ресейдің Мурманск облысындағы Летки ауылы. Анасы өмірден өткен, әкесі отбасын тастап кеткен, қамқоршысы ата-әжесі ғана. Тоғызыншы сыныпты аяқтаған соң, күзде Қазақстанға қашқан. Оның сөзінше, Ресейдегі пропаганда пен соғысқа үгіттеу науқаны күшейгендіктен, 18 жасқа толғанда майданға аттану қаупінен қорыққан. Шекараны 12 қыркүйек күні түнде…










