Аспан асты елінің астанасында қазақ саз өнерінің сайыпқыраны, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мерейтой аясында Бейжіңнің орталық концерт залында «Әлқисса» атты шығармашылық бағдарлама ұйымдастырылып, кеш барысында қазақтың біртуар сазгерінің өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық туындылар орындалды. Салтанатты іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өңір басшысы өз сөзінде екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті. «Нұрғиса Тілендиев – қазақ руханиятының алтын қазығы. Оның мәңгілік әуендері — халқымыздың жүрегінде сақталған ұлттық кодтың бір бөлігі. Ұлы тұлғаның ғасырлық мерейтойының Бейжіңде аталып өтуі – Қазақстан мен…
Автор: editor
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ), баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге 293,9 мың адам қамтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 21,1 млрд теңге сомаға 117 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 5,5 млрд теңге сомасын 30,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады. Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру…
Түркістан облысында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханалары жаңа кітап қорымен толықтырылуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жалпы облыста 70-ке жуық Coworking-орталық, кітапханашылар клубы, оқырман жобалары іске қосылған. Қазіргі таңда оқушы оқырмандар үлесі 80%-ды құрайды. Бұдан бөлек, облыста “Кел, балалар, оқылық!” кітапханашылар клубы құрылып, “KITAPLIKE” оқырмандар клубы және “Кітаптарды жарнамалау” жобалары қолға алынған. Сонымен қатар, өңірде “КІТАПХАНА+ТЕАТР” жобасы, “Отбасымен бірге кітап оқимыз” атты марафон, “Каникулда кітап оқимыз” атты кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларында “Оқу сағаты”, яғни әр оқушының мектепке келгенде 20 минут кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Облыс көлемінде авторлық “KitapХАН@“ кітап оқу сайысын…
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр зарядтау станцияларын (ЭЗС) орнату үшін 311 жер телімін бөлді. Әрбір учаскеде конкурстық іріктеуден өткен отандық инвесторлар екі паркоместке есептелген қуаты 60 кВт-тан басталатын бір ЭЗС орналастырады. Барлық станциялар пайдалануға берілгеннен кейін қалада электромобильдерді зарядтауға арналған 622 жаңа паркоместр пайда болады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бір учаскеге инвестордың ең төменгі салымы 10 млн теңгені құрайды. Бұл ретте халық үшін аккумуляторлық батареяны зарядтаудың 1 кВт үшін шекті құны ҚҚС есебімен 100 теңгеден аспайды. Учаскелер ұзартуға басым құқығы бар инвесторларға 4 жыл мерзімге берілді. Зарядтау станцияларын орнату қала тұрғындарының жаппай тартылатын жерлерінде-базарлар, саябақтар, кафелер және басқа да қоғамдық кеңістіктер аумағында…
«Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында Бастыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы бойынша бірнеше ауылдық округте жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды көбейту, сондай-ақ ауыл тұрғындарын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы ел ішінде ішкі көші-қонды тиімді реттеу. Ж.Молдағалиев ауылдық округі Жеке кәсіпкер Мершат Әділбекұлы Жәрдемовтің тапсырысымен екі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды: Т.Сұлтанғалиев көшесі, 16А мекенжайында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылғы 1 сәуірде басталып, 15 маусымда толық аяқталады деп жоспарланып отыр. С.Сейітов көшесі, 3А мекенжайында салынып жатқан екі пәтерлі тағы бір тұрғын үйдің құрылысы да жоғарыда…
ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада аясында өткен жарыстарда Жетісу университетінің спортшы студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жеңіл атлетикадан қыздар арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Аяна Болатбекқызы алтын медаль жеңіп алса, ерлер арасындағы осы қашықтықта 3-курс студенті Айбол Омаров та бірінші орынды иеленіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Ақбаян Нұрмәмет 1500 метрлік жарыста үшінші орынды иеленіп, қола медальмен марапатталды. Сондай-ақ, 4×100 метрлік эстафеталық жарыста Жетісу университетінің құрама командасы үшінші орын алып, Универсиада жүлдегерлері қатарынан көрінді. Команда құрамында Ақбаян Нұрмәмет, Аяна Болатбекқызы, Анель Нұрмұхамбет және…
2025 жылдың 18-21 мамыр аралығында Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлерінің форумы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен, сонымен қатар шетелдік мәдени және шығармашылық қауымдастықтардан келген 700-ден астам адам қатысты. Ауқымды іс-шара 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында форум қатысушыларын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев құттықтап, Мемлекет басшысының атынан бірқатар мемлекеттік наградаларды табыстады. «Құрмет» орденімен Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің әртісі Лариса Насретдинова марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Mezzo» вокалдық тобының солистері — Асан Нұрбергенов, Жәнібек Сейдахметов, Жасұлан Сыдықов, Медет Орымбаев, сондай-ақ Республикалық академиялық неміс драма театрының әртісі Тимур Бонданк…
2025 жылы ел Үкіметі экономиканың нақты секторын жедел дамытуға бел буып, білек сыбана кірісті. Мемлекет IT мен логистикадан бастап, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау мен химияға дейінгі басты салалардағы шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Міндет-шағын бизнесті орта және ірі бизнестің деңгейіне жеткізу. Кәсіпкерлерге «Даму» қоры айтарлықтай қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, несиеге кепілдік беру көлемі едәуір артты. Енді кепіл жеткіліксіз болса, мемлекет жобаның 85%-ға дейінгі құнын жабады. Соның арқасында, елімізде жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік артады. Бұл саясаттың нәтижесі де іс жүзінде белгілі болуда. 2010 жылдан бері «Дамудың» қолдауымен химия өнеркәсібі саласындағы 512 жобаға 195 млрд теңге…
Ақтөбе облысында «Мансап» орталықтары арқылы жаңа мамандықты игеріп жатқан азаматтар қатары артып келеді. Ақтөбе қаласындағы «Мансап» орталығының маманы Райымгүл Қожантаеваның айтуынша, биыл жұмыссыз ретінде тіркелген 120 адам түрлі мамандық бойынша курстарда оқып, жұмысқа орналасады. – Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында басталған жобаның мақсаты – жұмыссыздарды жұмыспен қамтып, олардың білімін шыңдау. Курсқа қабылдау 23 сәуірде басталды. Бүгінде шаштараз курсында – 10, пішуші курсында – 12, тігіншілік курсында 9 адам оқып жатыр. Бұдан бөлек алдағы уақытта жұмыссыздарға кондитер, аспаз, слесарь-сантехник курстары оқытылады. Мұнда ынталы қатысушылар теориялық білім алып, үйренгенін тәжірибе жүзінде пысықтайды. Курсты аяқтағанша білім алушыларға 43574 теңге көлемінде…
Будапешт қаласында 21 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) саммиті өтті. Бұл жиында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіне қатысты бірнеше маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы өз сөзінде әдеттегідей «Орта дәлізді» дамыту қажеттігін атап өтіп, оны Шығыс пен Батысты байланыстыратын ірі транзиттік көпірге айналдыруға шақырды. Сонымен бірге ол «Солтүстік – Оңтүстік» деп аталатын тік бағыттағы сауда дәлізін де ұмыт қалдырмады. «Бұл бағыттарды дамыту арқылы түркі аймағының негізгі транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін айтарлықтай нығайтуға болады», – деді Тоқаев. Президент ТМҰ елдерінің арасындағы өзара сауданы одан әрі арттырудың маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі көрсеткіштер көңіл көншітпейді.…
