Өскемен қаласында халықаралық стандарттарға сай заманауи фармацевтикалық логистикалық хаб іске қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Medservise Plus компаниясы іске асырған бұл орталық енді Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын кешенде дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және жеткізу үшін барлық жағдай жасалған. Ғимарат ішінде автоматты есеп жүргізу жүйелері, температуралық бақылау, заманауи технологиямен жабдықталған қоймалар бар. «Фармацевтикалық саладағы сапалы логистикалық инфрақұрылым халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. Біз осындай маңызды жобаның қаржылық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Бұл хаб өңірдегі дәрі-дәрмек жеткізу тізбегінің ең негізгі буынына айналады», – деді Altyn…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайында Jet A-1 маркалы авиакеросинді сақтап, құятын арнайы кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әуежайдың иелері, танымал бизнесмендер Тимур Турлов пен Ерлан Оспанов жобаның елде теңдесі жоқ екенін айтып отыр. Қазақстанда Jet A-1 маркалы авиакеросинге арналған арнайы кешен болмағандықтан, көптеген шетелдік авиакомпаниялар елге рейс ашудан бас тартып келген. Турловтың сөзінше, құрылыстың алғашқы кезеңі техникалық жабдықтарды жобалау мен монтаждау 2026 жылдың басында аяқталады. Ал 2026 жылдың соңына дейін кешен аумағында сыйымдылығы 2 мың текше метр болатын резервуар салынып, қызметкерлерге арналған инфрақұрылым толық пайдалануға берілмек. 2027 жылдың үшінші тоқсанында қойма көлемі екі есе, яғни 4 мың текше метрге дейін ұлғайтылады.…
Атырау облысы Доссор кентінің тұрғыны Нәсіпқали Дәулетбаев жергілікті әкім мен аудандық мәслихат депутатының қысымынан кейін жеңіп алған тендерінен бас тартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Оқиға 2024 жылы басталған. Кәсіпкер кенттегі тал-теректі суару мен дезинфекция жұмысына арналған, құны 9 миллион теңгелік тендерді жеңіп алады. Бірақ көп ұзамай әкімдікке шақыртылып, әкім Асылан Қосмағамбетов пен депутат Әділбек Идиятовпен кездеседі. «Әкім маған сен бұл жұмысты атқара алмайсың, ағаштар қурап қалуы мүмкін деді. Сосын 1 миллион теңгені өзіңе қалдыр, қалған 8 миллионын бізге бер. Жұмысты өзіміз істейміз, сонда халықпен де мәселе туындамайды» деп шарт қойды», – дейді кәсіпкер. Кәсіпкер ресми түрде келісімшарт жасап,…
Жыл сайын елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде мерекеленеді. Қоғамды достыққа, бауырластыққа үндейтін спорт – елдіктің белгісі, мемлекеттің мәртебесі. Атаулы күн қарсаңында Туризм және спорт министрі Ербол МЫРЗАБОСЫНОВПЕН сұхбат құрып, саланың даму бағытын сұраған едік. – Мемлекет тарапынан спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижелеріне тоқталсаңыз. – Расында елімізде спортты дамыту мен насихаттауға айрықша мән беріліп, мемлекет барынша көп азаматты, әсіресе жастарды, спортпен айналысуға жан-жақты қамқорлық жасап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жобаларды жүйелі жүзеге асыру жалғасып келеді. Атап айтар болсақ, былтыр 90 спорт нысаны салынды. Оның 61-і –…
Зәмзагүл Файзолланова көпшілікке Бопай лақап атымен танымал спортшы. Ол – дзюдо, қазақ күресі, ережесіз жекпе-жек сияқты үш спорттың шебері ғана емес, аяулы жар, үш баланың анасы, екі жоғары білімі бар әскери қызметкер. Спорт күніне орай BAQ.KZ тілшісі спортшымен сұхбаттасты. – Зәмзагүл, спортқа қалай келдіңіз? – Мені спортқа 8 жасымда әкем алып келді. Әкем – самбо, қазақ күресі, сумо, дзюдо сияқты күрес түрлерінен спорт шебері. Сол себепті кішкентайымнан спортқа деген қызығушылығым қалыптасты. Басында гимнастика, жеңіл атлетика, жүзумен айналыстым, кейін дзюдоға келдім. Басында бұл да уақытша деп ойладым, бірақ дзюдоны шын ұнатып қалдым. Бар болғаны бір ай дайындалып, алғашқы жарысымда екінші орын…
Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысында қысқы спорт түрлері жаңа тыныс алып, қарқынды дами бастады деп жазады Ertenmedia. Қазір облыста шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы спорты, шайбалы хоккей және допты хоккей бойынша жас спортшылардың жаңа толқыны өсіп келеді. Осы бес спорт түрі өңірдегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі бағыттарына айналған. Қазіргі таңда қысқы спорт түрлерінен Ақжайық өңірінде 500-ге жуық бала жаттығады. Атап айтсақ, шорт-тректе 125, допты хоккейде 131, шайбалы хоккейде 96, шаңғы спортында 73, ал мәнерлеп сырғанауда 53 жас өрен бағын сынауда. Бұлардың арасында 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері, 21 спорт шеберлігіне кандидат бар. Бұған қоса, жас буын қатарында…
Бүгінде өңірде 1563 спорт нысаны жұмыс істейді. Соңғы екі жылда 36 спорт алаңы, 3 хоккей корты салынды. Ауылдық жердердегі спорт инфрақұрылымын дамытуы да басты орында. Осы күнге дейін Бөрлі ауданында бір заманауи спорт манежі және 8 спорт кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамытуға жеке кәсіпкерлер де үлес қосуда. Мәселен, Орал қаласында 2 спорт кешені, Бөрлі ауданында кәсіпкерлер қолдауымен спорт манежі салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржысына көпсалалы спорт-сауықтыру кешені іске қосылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта құру мақсатында «Жастар» стадионы маңында арнайы спорт кешенінің құрылысы аяқтала келді. Оның ашылуы 2025 жылдың тамызына жоспарланған.…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ең алдымен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не арнайы барып, заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырған инвестициялық жобаның тиімділігін көзбен көріп, кәсіп иелерімен кездесті. Жобаны «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруды, соңғы үлгідегі мақта өңдеу зауыттарын, тамшылатып суару таспаларын шығаратын өндіріс орнын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды. Аралау барысында Ертай Кенжебекұлы жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету,…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында көшпелі отырыс өткізді. Жиында тұрақтылықты сақтау, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды. Жиын барысында Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, халықпен тығыз байланыс орнату және көтерілген мәселелерді дер кезінде назарға алып, заң аясында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру керектігін атап өтті. Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жұмашбеков пен Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов баяндама жасады. Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтіп, ел бірлігін нығайту жолында…
Биыл ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл! Осыған орай туған жері Отырарда «Әнім сен едің» атты концерт өтті. Салтанатты жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, тарихи өңірде бастау алған бүгінгі өнер кешінің маңызы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек және Шәмшінің қарындасы Райхан Домбаевалар Отырар өлкесінде дүниеге келіп, қазақ даласын әнімен тербеткен ұлы композитордың әндерін насихаттауға бағытталған шараның ұйымдастырушыларына алғысын айтты. Алдымен қонақтар орталық алаңдағы ұлы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан соң жиналған көпшілік Шәмші музей-үйі ұсынған жәдігерлермен…










