Алматы облысында «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында алыс ауылдарға өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақындату ісі жүйелі қолға алынды. Бұл бастама қағаз жүзіндегі жоспар емес, нақты құрылыс пен техникаға, жергілікті жұртпен бірлесе істеліп жатқан күнделікті жұмысқа айналып отыр. Өңірдегі жұмыстарға Алматы облысы ТЖД бастығы, подполковник Д.Д. Оразбеков тікелей бақылау жасап, аудандық әкімдіктермен, белсенді азаматтармен және еріктілермен бір үстелдің басында отырып үйлестіру жүргізуде. Соңғы жылдары облыстың тау бөктері мен жайлауларында, далалық белдеуде, сонымен бірге ауыл ішіндегі жеке секторда өрт тәуекелі артқаны жасырын емес. Жаздың аптабында дала және қоқыс өрті, күз бен көктемде – қураған шөп пен бақшалық учаскелер, қыста пеш пен мұржаның ақауынан…
Автор: Асылхан Бөрібай
Армения мен Әзербайжан басшылары Уашингтонда тарихи келісімге қол қойды деп хабарлайды Ertenmedia. АҚШ президенті Дональд Трамптың тікелей араағайындығымен жүзеге асқан декларация екі ел арасындағы көпжылдық қарулы қақтығысқа нүкте қойып, бейбіт қатынас пен дипломатиялық диалогқа жол ашты. Құжат Армения премьері Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Илхәм Әлиевтің тікелей келіссөздері нәтижесінде қабылданған. Тараптар қол жеткізілген бейбіт келісімді толық бекіту мен ратификациялауды мойнына алды. Сондай-ақ, өзара егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеу, әскери текетірестен бас тарту міндетін де өз жауапкершілігіне алып отыр. Декларацияның басты тармағының бірі өңірдегі көлік қатынасын жақсарту және Әзербайжанның негізгі аумағы мен Нахишеван эксклавы арасын жалғайтын жаңа транспорттық дәліз ашу. Армения…
Бүгін Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан халықаралық кинологиялық федерация (FCI) эгидасы аясындағы World Dog Show 2025 дүниежүзілік иттер көрмесінде «Қазақ тазысы» ит тұқымы ресми түрде әлемге таныстырылды. Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған болатын. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылып отыр. Қазақтың төл ит тұқымдары алғашқы сайыста айтарлықтай маңызды нәтижеге қол жеткізді: 5 тазы өздерінің рингтерінде жүлделі орындарды жеңіп алды. «2025 жылғы Әлемнің жас чемпионы» аталымында Темірлан атты тазы жеңімпаз болды,…
ҰҚК-нің Шекара қызметінің бұрынғы басшысы, кезінде Назарбаевтар әулетімен байланысы бар компанияға артықшылық берген генерал Дархан Ділманов бостандыққа шықты. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. «Аталған азамат сот үкімімен белгіленген мерзімді толық өтеген соң босатылды», – деп нақтылады комитет өкілі. Ділманов осыдан екі жарым жыл бұрын қызметін асыра пайдаланғаны үшін төрт жылға сотталған. Сот оны шенінен, марапаттарынан және бағалы мүлкінен айырған еді. Қамауда отырған мерзімі жаза мерзіміне есептелгендіктен, генерал мерзімінен бұрын еркіндікке шықты. Ілгеріде атышулы болған бұл істің түбі Назарбаевтар отбасына тірелген. Генералдың үстінен қозғалған қылмыстық іс пандемия кезеңіндегі шекарадағы заңсыздыққа қатысты еді. Сол уақытта Қазақстан мен Қытай…
Александрия қаласында (АҚШ, Вирджиния штаты) өткен 2025 жылғы мектеп командалары арасындағы шахматтан Әлем чемпионатында РФММ (Алматы) құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Жеке есепте де оқушылар жарқын өнер көрсетті: Иманғали Ақылбай алтын медаль жеңіп алса, Эдгар Мамедов пен Зарина Нұрғалиева қола медаль иегерлері атанды. FIDE World Schools Team Championship 2025 аясында өткен бұл додаға 48 елден 55 команда қатысты. Ақтауда өткен екі жыл бұрынғы чемпионаттан айырмашылығы – Александрияда жас ерекшеліктері бойынша бөлініс болмады. Ал құрамда қыздар мен 12 жастағы спортшылардың болуы енді міндет емес, спорттық іріктеу нәтижесі ретінде бағаланды. Турнирдің соңғы күні әдеттегіден ерте – жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Қазақстан…
Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) ең үздік нәтижелердің бірін көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл дода оқушылардың жасанды интеллект мен техникалық білім саласындағы дайындық деңгейін көрсетті,- деп хабарлайды Ertenmedia Олимпиада 2–9 тамыз аралығында Бейжіңде өтіп, 61 елден келген 77 команданы жинады. Қазақстан атынан оған екі команда қатысып, құрама үздіктер қатарынан танылды. Осылайша, алтын медаль иегерлері – Қасымқан Жәнібек, Әбу Қанабек және Сұлтанби Исатай атанса, күміс медальді Аушахман Тәлім жеңіп алды, ал қола медаль Тимур Шакуов, Дәужан Бекетов пен Сұлтанбек Сарыға бұйырды. Сондай-ақ, IOAI ұйымдастыру комитетінің мақтау қағазымен Батыр…
Түркістанда «Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік: Азаматтық қоғамның қозғаушы күші» атты ХII өңірлік азаматтық форумы өтті. Ең алдымен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестік туралы «Елге еткен еңбек» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, арнайы бейнеролик көрсетілді,- деп хабарлайды Ertenmedia Келелі басқосуға Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Шымкент, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе және тағы басқа облыстардан делегация өкілдері қатысты. Азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан форумда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, бұл шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі екенін атап өтіп, қоғамдық ұйымдар елді өркендету бағытында жұмыс істеуі керек екендігін…
Елордада жасанды интеллект пен тоғызқұмалақ чемпиондары арасындағы сайыста жеңімпаздар анықталды. Қазақстанда алғаш рет тоғызқұмалақтан ел чемпиондары мен жасанды интеллект арасында тарихи ойын өтті. Бұл адамзат ақылы мен цифрлық алгоритмді тоғыстырған зияткерлік бәсеке болды. «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЧЕМПИОНДАРЫ vs ЖИ» атты ерекше іс-шара 2025 жылдың 7 тамызында Астана қаласындағы Денешынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS) алаңында ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақтың Әлем чемпионадары Асылхан Қожанәсіп (ХДСШ) пен Аяна ИСАХАН (ХДСШ) жасанды интеллектке қарсы тоғызқұмалақтың классика түрінен сайысқа түсті. Олардың әрқайсысы бір ойыннан жеке кездесіп, нәтижесінде 2:0 есебімен жасанды интеллектке есе жіберді. «Біз бүгін тоғызқұмалақ тарихындағы ерекше тарихи сәтті басымыздан кешіріп тұрмыз. Тұңғыш рет тоғызқұмалақтың үздік ойыншылары…
«Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде аса маңызды нысандар, аурухана, көпқабатты пәтерлерге су жеткізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia 06.08.2025 жылы кешкі сағат 20:50-де екінші су айдағыш насосы іске қосылды. Аталған су айдағыш насосоқа диаметрі 200 мм полиэтилен су құбыры жалғанып, Шардара су қоймасынан су Шардара қаласындағы бас су торабына жеткізілуде. – Бүгінгі таңға Шардара қаласының барлық шағынауданына су жіберілді. Сондай-ақ қала аумағындағы тұрғын үйлерге 28…
Бүгінгі күні Алматы облысында жастар саясаты нақты жобалар мен күнделікті тірлікте жүзеге асып жатқан ауқымды жұмысқа айналған. Орталықтағы сәнді конференция мен жалынды сөздің заманы өтіп барады – қазір жұрт нақты нәтижеге, көзге көрінетін іске сенеді. Алматы облысының жастармен жұмысын зерделеп, өңірдің ел ішіндегі ең өзекті мәселелерге қалай жауап беріп отырғанына көзімізді жеткіздік. Қазіргі таңда Алматы облысы тұрғындарының үштен бірі – жастар, оның ішінде ауыл жастары басым. Осыдан-ақ жергілікті биліктің бағыты мен саясатының қай бағытта ойысатынын бағамдауға болады. Жергілікті билік орындары ауылдағы баланың қаладағы замандасымен тең жағдайда өсіп, білім алуы үшін бар жағдайды жасайтыны анық. Қазір Алматы облысының әр ауданында заманауи…
