Автор: Асылхан Бөрібай

нұрлан сабуров

Қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыров Ресейге кіруіне салынған 50 жылдық тыйымға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Әзілкеш желіде жазба қалдырып, мәселені заңгерлер егжей-тегжейлі қарастырып жатқанын жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Артистің айтуынша, дәл қазір жағдайға байланысты түсініктеме берудің қажеті шамалы. Болған жайттың ақ-қарасын уақыт көрсетеді дейді ол. Сондай-ақ, Сабыров өнер жолының Екатеринбұрде басталып, Мәскеуде жалғасқанын еске алып, өзін қолдаған көрермендерге алғысын айтты. «Қай қалаға барсам да, мені жылы қабылдады. Шығармашылығымды дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік берген елге ризамын. Ресейде ғана емес, одан тыс жерлерде де маған сенім білдірген үлкен әрі көпұлтты аудиториям бар», – деп жазды комик өз парақшасында. Жазбасының соңында Нұрлан…

Толық оқу
Динара Закиева

Қазақстанда күн сайын бес бала қылмыстың құрбаны болады, өкініштісі сол балаларға зиян келтіретіндердің көбі өз үйінен, өз отбасы мүшелерінен шығып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы «24KZ» арнасындағы «Түйін» бағдарламасында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты. Оның сөзінше, мұндай қылмыстардың 60-70 пайызын ата-аналар мен бірге тұратын жақын адамдар жасайды екен. Осы себепті отбасында жасалған қылмысты анықтап, алдын алу өте күрделі. «Өкінішке қарай, елімізде күнделікті бес бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады. Оның 60-70 пайызында балалардың өз ата-анасы немесе бірге тұрып жатқан адамдар кінәлі болып шығады. Үй ішінде жасалатын қылмыстың анықталуы мен алдын алуы қиындай түседі», – деді Динара Зәкиева. Тоқаевтың тапсырмасынан…

Толық оқу
Ақпан ауа райы

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, жауын-шашын мен көктайғақ болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» дерегінше еліміздің солтүстігі мен орталық аймақтарында қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, күн жылы болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ салдарынан жолда жүру қиындайды. 16 өңір мен Астанада дауылды ескерту жарияланды. Астанада ауа райы тұрақсыз: қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ күтілуде. Түнде −7–9 °C, күндіз −1 мен +1 °C аралығында болады. Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде −1–3 °C, күндіз +5–7 °C шамасында. Шымкентте күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5–7 °C болса, күндіз +13–15 °C-қа дейін…

Толық оқу
Бектенов үкіметі

Олжас Бектенов Үкімет тізгінін ұстаған екі жылдың ішінде Қазақстанның бет-бейнесі түбегейлі өзгерді. Бұрынғыдай әлеуметтік көмекті оңды-солды шашудың заманы өтті. Әзір әр тиын қатаң есепте. Сарапшы Ғазиз Әбішев осындай пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пайымдауынша Бектенов кабинетінің басты ұраны «қаржылық тәртіп және экономикалық өсім». Үкімет соңғы екі жылда экономиканы «ауыр» әлеуметтік бағдарламалардан арылтып, бюджеттік тәртіп пен қаржылық сауаттылықты күшейтуге ден қойған. АҚШ, Германия, Ұлыбритания секілді алып елдер де дәл осы жолға түсіп, әлеуметтік көмекті бей-берекет үлестіруден бас тартуда. «Ендігі бағыт әлеуметтік салаға тоқтаусыз қаржы құюдан нақты экономикалық өсімге, жүйенің тұрақтылығына, қаражаттың нақты мұқтаждарға жетуіне қарай бұрылды. 2024-2025 жылдары осы бетбұрыс…

Толық оқу
Тоқаев үкімет

10 ақпан, сейсенбі күні президент Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақорданың мәліметінше, жиында елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талданып, алдағы кезеңге Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттер айқындалады. Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатына сын айтып, шұғыл әрі түбегейлі өзгеріс қажет екенін ескерткен. Осыған байланысты сарапшылар алдағы жиында Президенттің тағы да өткір мәлімдеме жасап, Бектенов бастаған министрлерге нақты міндет жүктеуі мүмкін екенін болжайды. Айта кетелік, бұған дейін Олжас Бектенов  «Үкімет ұлттық мүддені қорғай алмай отыр» деген «Ақжол» партиясына сынына жауап қатқан болатын. Контекст Президенттің соңғы сұхбатынан кейін…

Толық оқу
ақпан ауа райы

Алдағы күндері бірқатар өңірде ауа райы күрт құбылып, қыс мінез танытады. Әсіресе, Астана тұрғындарына 8 ақпан түні сақ болған абзал. Ауа температурасы -23 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжауынша, елордада бүгін жауын-шашынсыз, күн алабұлтты. Түнде сынап бағаны -21-23, ал күндіз -7-9 градусты көрсетеді. 9 ақпанда ауа райы күрт өзгереді: қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болып, бұрқасын тұрады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 20 м/с-қа жетеді. Түнде -8-10 градус болса, күндіз ауа температурасы -1 мен +1 арасында құбылады. 10 ақпанда да ауа райы тұрақсыз: аралас жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын жалғасады, температура -1 мен +1 аралығында сақталады. Алматыда алдағы күндер біршама…

Толық оқу
қайрат қожамжаров

Экс-бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың үстінен іс қозғалса да, әлі күнге бостандықта жүруі бекер емес. Оның қолында қазіргі лауазымды шенділерге қатысты аса құпия құжаттар бар. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан «Пікірмедиа» YouTube-арнасына берген сұхбатында осындай ой білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, ұзақ жыл бойы күштік құрылымдарда қызмет еткен Қожамжаров талай құпия мәліметты жинап алған. Әлгі ақпаратты өзін қорғау құралы ретінде пайдаланып отырған болуы мүмкін. «Қазір шешім қабылдап отырған мемлекеттік тұлғалардың көбі кезінде Қожамжаровтың кабинетіне кіріп-шығып жүрген адамдар. Олар шынайы өмірдегі министрлер, комитет төрағалары және тергеу органдарындағы шешім шығарушы қызметкерлер. Қожамжаров тікелей өзі араласпай-ақ, белгілі бір адам арқылы «егер маған тиетін болсаңдар,…

Толық оқу
Мемлекеттік күзет қызметі

Қазақстанның арнайы мақсаттағы жасақтары Дубайда өтіп жатқан UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің алғашқы күнінде жарқырай көрінді. Әлемнің 48 елінен жиналған 109 мықты команданың арасында біздің сарбаздар алғашқы ондықты толықтай жаулап алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Турнирдің бірінші күнінің қорытындысы бойынша, Kazakhstan С командасы көш бастаса, екінші орынға Kazakhstan D жайғасты. Kazakhstan B төртінші орыннан көрінсе, Kazakhstan A алғашқы ондықты түйіндеді. Әлемнің ең мықты күш құрылымдары бас қосқан додада Қазақстанның әйелдер құрамасы «Tomiris» те ерлік көрсетті. Жалпы есепте 20-шы орында тұрған қыздар командасы әйелдер арасында айқын көшбасшы. Айта кету керек, халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген жасақ құрамына Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық…

Толық оқу
Тоқаев сұхбаты 2026

Президент Тоқаев Пәкістанның беделді басылымы The News International-ға эксклюзивті сұхбат берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Исламабадтағы салтанатты қонақүйде өткен әңгіме барысында Тоқаев әлемдік саясаттың өткір мәселесімен қатар, Қазақстандағы маңызды саяси реформаларға, АҚШ-тағы ішкі ахуалға және халықаралық дағдарыстарды шешудегі ұстанымын ортаға салды. Президенттің Пәкістан позициясы Сұхбат басында Қазақстан Президенті жақында Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездескенін еске алып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. «Пәкістан біз үшін дос ел әрі халықаралық аренада беделі биік стратегиялық серіктесіміз. 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері түрлі салада табысты әріптестік орнаттық. Биылғы мемлекеттік сапарым барысында 60-тан астам маңызды келісімге қол қойылды. Бұл екі…

Толық оқу
Ақпанның алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан

Ақпанның алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан аумағына оңтүстіктен ойысқан жойқын циклон келеді хабарлайды Ertenmedia.kz. Елдің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылып, жауын-шашын, қалың қар мен ақтүтек боран соғады. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 4–6 ақпан аралығында еліміздің көп бөлігінде күн райы тұрақсыз болмақ. Әсіресе 5–6 ақпанда жауын мен қар күшейеді. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ұйытқыған екпінді жел мен ақ боран жолдағы жағдайды күрт қиындатуы мүмкін. Сондықтан алыс сапарға шығатын жүргізушілер аса сақ болғаны абзал. Бұл күндері ауа райы уақытша жылынғандай әсер береді. Себебі оңтүстік-батыстан ығысқан жылы ауа ағыны Қазақстанның біраз бөлігін жылытады. Күндізгі ауа температурасы: Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда – минус…

Толық оқу