Автор: editor

Ілияс Бақтығалиев дейтін саясаттанушы әйгілі Жұмабек Тәшеновке қатысты қалыптасқан қоғамдық пікірді теріске шығарып, тосын мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia. Айтуынша, саясаткердің есімі ел арасында ешбір дәлелсіз, әсіреленіп, мифке айналған. Оның тарихи тұлғасына терең бойламай жатып, пір тұтатын қауым көп. «Кей тарихи тұлғалар ешбір дәйексіз культ деңгейіне көтерілді. Соның бірі Жұмабек Тәшенов. Оны бүкіл кеңестік жүйеге қарсы келген көзсіз батыр ретінде сипаттайды. Хрущёвтің алдында қасқайып тұрып, қазақ жерінің Тәшкентке берілуіне жеке өзі тосқауыл болды деген әңгіме кең тараған. Бірақ осы оқиғаның нақты тарихи құжаты қайда? Жиын-шардың протоколы, оның пікірін растайтын стенограмма бар ма? Шын мәнінде, мұндай бір-бірде ресми құжат жоқ. Бар…

Read More

Таяу Шығыс… Тарихы да, тағдыры да күрделі бұл өңір бүгінде дүниежүзінің назарын аударып отыр. Геосаяси координаттар қайта жазылып жатқан тұста Иран мен Израиль арасындағы текетірес тек екі елдің тағдырын емес, бүкіл әлемдік қауіпсіздік архитектурасының болашағын сынап тұр. Прокси соғыстар, баллистикалық ракеталар, дипломатиялық маневрлер мен ішкі саяси амбициялар. Осы ретте «Жаһан жайы» бағдарламасының журналистері түйінді тарқату үшін біз саясаттанушы, халықаралық қатынастар доктринасына терең бойлаған ғалым Қазыбек Майгелдиновпен сұхбаттасуды жөн көрдік. – Қазыбек мырза қош келдіңіз. Ең алдымен Иран-Израиль шиеленісіне қатысты стратегиялық бағамыңызды білсек. Қақтығыс қайда барып тіреледі? – Бұл қарапайым текетірес емес. Біз классикалық прокси соғысқа куә болып отырмыз. Иран…

Read More

Бүгін Оралда «Есірткісіз жастар – болашаққа жол бастар» атауымен жастар акциясы өтті. БҚО қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен, облыстық полиция департаментінің қолдауымен және «Жастар рухы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен акция 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналды,- деп хабарлайды Ertenmedia. Нашақорлық – жаһандық деңгейдегі өзекті мәселе. Ол жеке адамға ғана емес, қоғам мен ұлт болашағына да қауіп төндіреді. Акцияның мақсаты – қоғам назарын есірткімен күрес тақырыбына аудару, жастарға оның зиянын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Акцияға БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы, БҚО прокурорының орынбасары Азамат Борамбайұлы, БҚО ПД басшысының орынбасары Абылайхан Серікұлы, сондай-ақ қала…

Read More

Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шара аясында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Бұл — өңірде құқықтық тәртіпті нығайту мен құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын күшейту бағытындағы маңызды қадам. Салтанатты рәсім Қонаев қаласының Орталық алаңында өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, полиция бөлімшелерінің басшыларына көлік кілттерін салтанатты түрде табыстады. Облыс әкімінің айтуынша, автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін, қылмыстарға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді. – Бұл – жай ғана техника емес. Бұл – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құралдар. Халықтың тыныштығы мен тәртібі осы көліктердің арқасында жаңа деңгейге…

Read More

Түнеукүні генерал Новиковқа тиесілі жерді мемлекет меншігіне қайтарған депутат Бақытжан Базарбек осы бағыттағы жұмысты үдете түспек. Бас прокурорға сауал жолдаған мәжілісмен келесі кезекте Назарбаевтың сенімді серігі болған Нұртай Әбіқаев пен экс-премьер Сергей Терещенкоға қатысы бар компанияларға шүйлікті, деп хабарлайды Ertenmedia. Депутаттың айтуынша, Жетісу облысы Сарқан ауданында жерді иемденіп отырған бірнеше кәсіпорынның артында марқұм Сергей Терещенконың жақындары тұр. «Сарқан ауданына жасаған сапарымызда аудан әкімдігі мен тұрғындардан «Март-Агро», «Сарканд-МТС-Агро», «Сарканд-Агро» компаниясының жерді ұзақ уақыттан бері игермей отырғаны туралы шағым алдық. Оның ішінде экс-премьер Сергей Терещенкоға қатысы бар жер телімдері де кездеседі. Алайда облыстық Жер ресурсын басқару департаменті мұны жоққа шығарып, жер мақсатты…

Read More

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам – 2025»  салтанатты шарасы өтті. Басқосуға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, өңірдің БАҚ саласы мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау және жауапты сала басшылары қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia. Аймақ басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі бастамалар мен жаңашылдықтарды халыққа жеткізудегі қаламгерлер рөліне тоқталды. «Бүгінгі мереке — мерзімді басылымдар мен телеарналарда, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда қызмет жасайтын шығармашылық өкілдерінің, журналист жасаған сюжет пен жазған мақаланың техникалық, көркемдік тұрғыдан толыққанды жарыққа шығуына еңбек сіңіретін оператор, дизайнер, режиссер, инженерлердің мерейлі күні. Сіздер жаңа бетбұрыстар кезеңінде қоғам мен…

Read More

Саясаттанушы Талғат Қалиев Бектенов басқаратын министрлер кабинетінің жұмысына баға берді деп жазады Ertenmedia. Оның пікірінше қазіргі Үкімет аласапыран, алмағайып уақытта билікке келген. Оларға оңай емес. Бір жағынан, бұған дейінгі үкіметтің кем-кетігін түзеу міндеті тұрса, енді бір жағынан геосаяси сын-қатер алқымнан алуда. Президент Тоқаев та министрлер кабинетінен тың идея күтетінін, экономикалық блоктың ескі шаблоннан шыға алмай, инерциямен жұмыс істейтінін сынға алып жүр. «Бектенов өзіне дейінгі премьерлер жіберген қателіктің салдарымен күресуге көп күш жұмсады. Олжастың тұсында Қазақстанның екі ірі серіктесі Ресей мен Батыстың арасы мүлдем нашарлап кетті. Қазіргі үкімет дүлей дауыл жағдайында жұмыс істеуде. Бұған елдегі стратегиялық инфрақұрылымның тозуы қосылып, жағдайды тіпті…

Read More

Әлемнің жетекші және неғұрлым беделді бизнес мектептерінің бірі саналатын Stanford Graduate School of Business (Stanford GSB) мектебі «Freedom Holding: Building an Ecosystem on the Path to Scale» деген атаумен Freedom Holding Corp. компаниясы туралы кейсті жариялады деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл кейс Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турловпен болған сұхбатқа негізделіп жасалып, компанияны масштабтау стратегиясын, қаржылық және тұтыну сервистерінің цифрлық экожүйесінің құрылымын және басқарудың негізгі шешімдерін егжей-тегжейлі сипаттайды. Бизнестің серпінді өсуіндегі технологияның, тік интеграцияның және корпоративтік мәдениеттің рөліне ерекше назар аударылады. Stanford GSB әдіс-тәсілдерінің топтамасы MBA бағдарламаларында қолданылады және бүкіл әлем бойынша студенттер, басшылар және кәсіпкерлер үшін зерттеу…

Read More

2025 жылғы 27 маусымда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының жетекші тауар өндірушілері қатысқан «Қазақстанның үздік тауары – 2025» жыл сайынғы байқауы, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі мен «Ауыл Аманаты» жобасына қатысушылардың өнімдерінің таныстырылымы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia. Көрмені ШҚО әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Байқау-көрменің басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру, отандық брендтерді ілгерілету және өңірдегі өндірісті дамыту. Көрме жәрмеңке форматында өтті. Қонақтар ұсынылған өнімдермен танысып, оларды сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, көрмеге қатысушылар әлеуетті бизнес әріптестері мен жеткізушілерімен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға қосымша мүмкіндік алды. «Біздің облысымыз өндірістік кәсіпорындарымен,…

Read More

Мақтаарал ауданында 5 елді мекенге табиғи газ берілді. Аудан әкімі Бақыт Асанов ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісу үшін Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер ауылында болды,- деп хабарлайды  Ertenmedia. «Бұл — үлкен қуаныш пен маңызды тарихи сәт. Табиғи газдың берілуі — елді мекендеріміздің инфрақұрылымын дамыту жолындағы үлкен қадам. Бұл тек өмір сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге, әлеуметтік және экономикалық дамуға жол ашады. Мемлекет басшысының ел халқын сапалы өмір сүру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалары мен бастамалары нәтижесінде, осындай игі істер жүзеге асып отыр» — деді, Бақыт Насырханұлы. Жиында аудан басшысы газдың жоспардан ерте қосылуына атсалысқан «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан…

Read More