Алматы облысында шетелде жұмыс істеуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарын кешенді түрде дайындауға бағытталған Алдын ала дайындық орталығы (Pre-departure Orientation Centre, PDO) өз жұмысын бастады. Жаңа орталық өңірлік Еңбек мобильділігі орталығының базасында құрылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Бұл бастама Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны бағдарламасы (1-фаза)» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаны қаржыландыруды Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға Алматы облысының әкімдігі мен өңірлік Еңбек мобильділігі орталығы қатысуда. Орталықтың басты мақсаты – еңбек миграциясына дайындалып жатқан азаматтарға шетелде заңды, қауіпсіз және табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті білім мен дағдыларды үйрету. Бағдарлама аясында құқықтық және қаржылық…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілер үшін жарыстағы және қоғамдық орындағы жүріс-тұрысына қатысты жаңа этика ережесі бекітілді. Құжатқа Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережеге сәйкес, кәсіби спортшыларға, жаттықтырушыларға және жарысқа қатысатын тұлғаларға дөрекі сөз қолдануға, жаттығу үдерісі туралы ішкі ақпаратты жариялауға, қоғамдық орындарда ішімдік немесе есірткі тұтынған күйде болуға, сондай-ақ біреуге қоқан-лоқы көрсетуге қатаң тыйым салынады. Бұған қоса, Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіретін әрекеттерге де жол берілмейді. Ережеде спорттық ортада діни көзқарастарды ашық жариялауға, басқаларды діни бірлестіктерге тартуға немесе миссионерлік әрекеттер жүргізуге тыйым салынған. Спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілер мемлекеттік туға, елтаңба мен әнұранға құрмет көрсетуі…
Астанада көше қылмыстары жиі тіркелетін аумақтарды алдын ала анықтап, сол жерлерде профилактикалық жұмысты күшейтуге мүмкіндік беретін «Көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia Мемлекет басшысының биыл 23 маусымда өткен құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасын орындау мақсатында – қылмыстық қатерлерді болжау және оларға қарсы іс-қимыл жүйесін қайта іске қосу үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әлеуетін пайдалана отырып, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қатерлерді алдын ала анықтап, ескертуге бағытталған болжамды-талдамалық орталыққа ведомствоны трансформациялау жөніндегі кешенді шаралар әзірленді. Жобаның басты мақсаты – қылмыстық қатерлерді алдын ала болжайтын және ескертуге мүмкіндік беретін…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы ХХVІІ сессиясы өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қарақат Абден, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, саяси партия филиалдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық Ассамблея құрылымдарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia Аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өңірде қолға алынған жұмыстарға тоқталды. «Ассамблеяның 30 жылдығына «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынуда. Сәулетті ғимараттың іргетасын…
Алматының Бостандық ауданында, Жандосов көшесінен Абай даңғылына дейінгі Гагарин бульвары учаскесінде заманауи жаяу жүргіншілер аймағын құру бойынша ауқымды жоба аяқталды. Бастама тұрғындардың өздерінен келіп, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Аудан әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп өткізген пресс-туры кезінде журналистер абаттандыру жұмысымен танысты. Жоба басталғанға дейін бұл учаскеде бульвар салынғаннан бері күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Инфрақұрылым қараусыз қалды: жарықтандыру іс жүзінде болмады, ескі шамдар жұмыс істемеді немесе қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етпеді, орындықтар тозған және ыңғайсыз болды, ал кеңістіктің жалпы жағдайы жайлы демалуға ықпал етпеді. – Біз мұнда көптеген жылдар бойы өмір сүріп келеміз және әрқашан бульвардың нағыз серуендеу…
Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті форумы өз жұмысын бастады. Алаң ірі, шағын және орта бизнес өкілдерін, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус мүшелерін біріктірді. Форумның ашылуына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов тікелей қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia Форум аймақтың жаңа жобалар мен стратегиялық әріптестікке ашық екендігінің символына айналды. Шығыс Қазақстан – бұл жерде сапалы агроөндіріс құруға, туризмді, көлік-логистика және өнеркәсіп кластерлерін дамытуға барлық мүмкіндік бар екенін сенімді түрде көрсетіп отыр. Сонымен қатар, мұның бәрін тұрақты өсімге, экологиялық тазалыққа және экспортқа бағытталуға сүйене отырып жүзеге асыру жолдары нақты анықталған. Форумның маңызды қонақтарының қатарында – Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі…
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл кәсіпорын кірпіштің осы түрлерін өндіретін өңірдегі алғашқы кәсіпорын саналады. Зауыттың жылдық қуаты жылына 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд. теңге инвестиция тартылды,- деп хабарлайды Ertenmedia – Жетісу облысы құрылғаннан бері үш жыл ішінде өнеркәсіптік өндірістің жылдық көлемі 16,8% өсіммен 347 млрд. теңгеге жетті. Осы жылдар ішінде өнеркәсіпте жалпы сомасы 85 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылды. Олардың ішінде жел және су электр станциялары, өнеркәсіптік аккумуляторлар мен күн панельдерін шығаратын зауыттар бар. Жалпы Жетісу — құрылыс қарқынды жүргізіліп…
Алматы облысы аумағында 2025 жылғы 9-10 шілде аралығында ауа райының құбылуына байланысты табиғи қауіп-қатерлер күшейеді. «Қазгидромет» РМК жариялаған ресми дауылды ескертуге сәйкес, 9 шілде сағат 20:00-ден бастап келесі тәулік бойы өңірдің тау бөктері мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын болжануда. Әсіресе күндізгі уақытта жаңбыр күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл жағдай әсіресе Алматы облысының солтүстік, оңтүстік және биік таулы аймақтарында тіркелуі ықтимал. Табиғаттың мұндай мінезі – тек қолайсыздық емес, қауіптің нақты көзі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – ерекше назар аударарлық. Кей жерлерде оның жылдамдығы 25 метр секундқа дейін жетуі ықтимал. Мұндай жел жолдағы автокөлік қозғалысына, электр жүйелері мен ауыл шаруашылығы…
2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасады. Байқау Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы болып табылады. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда белсенді жас мамандарға табысталады. Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады. Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Әр номинация бойынша 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден). Өткен жылмен салыстырғанда биыл жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының…
Жетісу облысы Алакөл ауданында жалпы ауданы 1655 гектарды құрайтын 14 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жердің жалпы кадастрлық құны 100 миллион теңге деп жазады Ertenmedia.kz Бас прокуратура сілтеп. Құзырлы орган тексеріс жүргізіп, Алакөл ауданында жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай, бос жатқанын анықтаған. Аумақты уақытша пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Соған қарамастан жергілікті әкімдік пен тиісті мекемелер шара қабылдамаған. Прокуратураның араласуынан кейін барлық 14 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, мемлекеттік жер қорына өтті. Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бас прокуратураға «Жер Аманаты» комиссиясының анықтаған заңсыздықтарын тексеру үшін ресми сауал жолдаған болатын. Депутаттың айтуынша, биыл сәуір айында ол…
