ЦДИАӨМ пен Astana Hub бірлесіп, жасөспірімдерден бастап ересектер мен мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі барлық санаттағы азаматтар үшін жасанды интеллект (ЖИ) саласында ауқымды және тегін білім беру жобаларын жүзеге асыруда,- деп хабарлайды Ertenmedia 2025 жылдың қазанында Астанада TUMO шығармашылық технологиялар орталығы ашылады — 12-ден 18 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған тегін білім беру алаңы. Бағдарлама генеративті ЖИ, ойындар жасау, анимация, 3D-модельдеу, робототехника және тағы басқа 11 бағытты қамтиды. Орталық Alem.ai халықаралық ЖИ орталығының 2 және 3-қабаттарында орналасады және жылына 5000 оқушыға тегін білім беру жоспарлануда. Қабылдау талаптары жоқ, өтінімдерді hamar сайтында snart.kazakhstan/alem.ai жақында бастайды. Келесі 3–5 жыл ішінде жоба Қазақстан бойынша, оның…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысының орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Зүлфия Сүлейменованы қарсы алып, өңірдегі экологиялық бастамалар мен ғылыми жобаларға қолдау білдіретінін жеткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен Президент кеңесшісі университет жанындағы Ботаникалық бақты аралап, ғылыми құрылым жетекшілері мен бақ қызметкерлерімен пікір алмасты. Университеттің ректор өкілі міндетін атқарушы Нажи Генч атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ботаникалық бақтың жер көлемі 88 гектар аумақты құрайды. Мұнда 127-ден астам өсімдік түрі бапталады. Сондай-ақ, өңір климатына бейімделген коллекция қалыптасқан. Сирек кездесетін ағаш-бұталар мен…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында азаматтық батылдық пен адал еңбек лайықты бағасын алды,- деп хабарлайды Ertenmedia Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыс әкімі Серікбек Алдабергенұлы Сақайбековке Алғыс хат табыстады. Ауыл тұрғыны маусым айының соңында Алмалыбақ ауылында ит шабуылына ұшыраған 10 жасар баланы ажалдан арашалап қалды. Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында орын алған. Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де баланы құтқарып қалған. Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ, отырыс барысында еліміздің су шаруашылығын…
Астана сотында атышулы Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста жәбірленуші Олжас Садық айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваның жазасын жеңілдетуді сұрап, өз ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia. Блогер 2023 жылы Газа халқына қолдау ретінде ел азаматтарынан ерікті түрде қаражат жинап, жиналған 83 млн теңгені «Biz Birgemiz» қорына аударған. Қаржының мақсатты жұмсалғанына көз жеткізу үшін ол Перизатпен бірге Әбу-Дабиге барған. Алайда сапар нәтижесіз аяқталған. «Қаржыны қорға аударған соң Перизаттың байланысы сиреді. Уәде етілген есеп-қисаптың орнына түрлі себеп айтып, сылтауратты. Уақыт өте келе халықтың сеніп тапсырған ақшасы қайырымдылық емес, айыпталушының жеке шығындарына жұмсалғаны белгілі болды», – деді Олжас Садық соттағы сөзінде.…
Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық слет өз жұмысын бастады. Еліміздің барлық өңірінен келген 100-ден астам белсенді жастар жұмысшы мамандықтарының болашағын талқылап, шеберліктерін шыңдап, жаңа серпін мен шабыт алуға жиналды. Іс-iараның ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слет қатысушыларын құттықтап, жұмысшы мамандықтарының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтті: – Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Мұнда мәселе тек бір саланың мамандарын даярлау туралы ғана емес, жалпы еңбекке деген көзқарасты қайта қарау туралы болып отыр.…
Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күше түсті. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров «Шардара» су қоймасының жағалауында орналасқан бірқатар демалыс орындарын кезекті рет аралап, тазалығы пен қауіпсіздігін, өткен сапарда берілген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Облыс басшысы жағажайларға жауапты тұлғалармен, кәсіпкерлермен жүздесіп, мұнда санитарлық тазалық шараларын күнделікті ұқыпты орындауды тапсырды. – Тазалық пен қауіпсіздік – туризмді дамытудың бір тетігі. Демалушыларға, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасалуы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар…
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында сала басшыларының жауапкершілігі пен кадрлық саясаттағы олқылықтарға тоқталды деп жазады Ertenmedia. Министрдің айтуынша, қай мекемеге кім тағайындалса да, ол ең алдымен кәсіби жағынан дайын, басқару қабілеті жоғары әрі мәдениетке шын жанашыр тұлға болуы тиіс. Бірінші басшы тек мерекелік шара ұйымдастырып, есеп берумен шектелмейді ол мекеменің даму стратегиясын айқындайтын негізгі тұлға. Министр мекеме басшысының міндеті шығармашылық жобалармен ғана шектелмей, ғимараттың техникалық жағдайынан бастап, кадр саясаты, бюджет, материалдық-техникалық база сынды барлық салаға жауапты екенін атап өтті. Сұхбат барысында министр ведомстволық мекемелерде бірнеше келеңсіз жайт анықталғанын да жасырмады. «Жуырда министрлікке қарасты 71 ведомстволық…
Бүгін Абай облысы әкімі Берік Уәли мен «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде биылғы тамыз айында басталып, 2028 жылға дейін жүзеге асырылады. Аталған бастама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асырылатын ерекше маңызы бар жобалар тізбесіне енгізілген. Жаңа айналма жолдың салынуы облыстың логистикалық әлеуетін арттырып, тоғыз жолдың торабындағы Семей қаласының көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Облыс орталығындағы…
Орталық Азия – бұл жай ғана кеңістік емес, ол мыңжылдық байланыстардың, мәдениет пен сауданың, саяси сабақтастықтың көрінісі. Соңғы онжылдықтарда аймақтағы бес ел (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан) түрлі бағытпен дамып, интеграцияға ұмтылып келеді. Алайда бір шетте, сол географиялық кеңістікте әлі де бейтарап күйде қалған Ауғанстан бар. Бүгінде аталған ел соғыс пен идеологиялық дауылдың ортасынан енді ғана бейбіт құрылымға қадам басып келеді. Жақында тілшіміз Астанаға сапарлап келген Ауғанстанның өндіріс және сауда министрі Нұриддин Азизи мырзамен жолығып, сұхбаттасқан еді. Ertenmedia.kz ақпараттық агенттігі өңірлік саясат, сауда және қауіпсіздік, болашақ перспективалар турасында өрбіген сұхбатты жазба нұсқасын жариялауды жөн санады. – Қош келдіңіз, Нұриддин…
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында елдегі кітап ісі және қоғамды кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды. – Бүгінде жаңа жанрларды дамыту аса маңызды. Қазіргі балалар мен жасөспірімдер комикс, фэнтези, детектив, фантастика жанрларына қызығушылық танытады. Бұл – олардың әдебиетке бастар алғашқы жолы. Сондықтан осы бағыттағы кітаптарды көбірек шығарып, қорларды жаңарту, заманауи авторларды қолдау – күн тәртібіндегі маңызды міндет, – деді Аида Балаева. Министр балаларға кітапты күштеп оқыту емес, қызықтыра отырып үйрету қажет екенін айтты. «Олар әдебиетке жаңа формалар арқылы ғашық болуы мүмкін. Демек, біз әдебиет пен мәдениетте мұраны сақтай отырып, болашақты қалыптастыру миссиясын қатар алып жүруіміз…










