Автор: Асылхан Бөрібай

Бүгін – Қазақстан Республикасы су шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Батысирригация» мекемесіне 18 бірлік техника берілді. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 сәуірдегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында су шаруашылығы саласын жүйелі дамыту мақсатында «Батысирригация» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Су ресурстарын ұтымды пайдалану, су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында құрылған мекеме өз жұмысын қысқа мерзім ішінде қарқынды жолға қойып, бүгінде 104 жоспарланған гидротехникалық нысанның 85-ін теңгеріміне қабылдады. Олардың қатарында 18 су қоймасы, 34 суару каналы, 29 лиман, 2 тоған және 2 бөгет бар. Сонымен қатар, биыл облыстық бюджет…

Толық оқу

Қазақстанда интернет-алаяқтық фактілері көбейіп келеді. Соңғы жарты жылда ғана ел азаматтары алаяқтарға 25 миллиард теңгеден астам қаржысын аударып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес департаментінің басшысы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Осы жылдың алғашқы алты айында елімізде 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Азаматтарға келген залал көлемі – 25 млрд теңгеден асады. Қазіргі уақытқа дейін бұл соманың тек 895 млн теңгесі ғана қайтарылған», – деді Сүйінбай. Оның айтуынша, киберқылмыспен тиімді күресу үшін 2024 жылдың қараша айында ІІМ құрамында арнайы департамент құрылып, өңірлік бөлімшелері ашылған. Аталған бөлімше киберқылмыстарды ашумен қатар, оларды алдын алу және құқықтық жұмыстармен айналысады. Департамент…

Толық оқу

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Тарихи таным» экспедициясы ұйымдастырылды. Сырлы Созақ пен киелі Түркістан қаласы арасын жалғаған шара түрлі этнос жастарының қатысуымен өтті. Бұл сапар — ел тарихын тануға, рухани мұраны насихаттауға және этностардың татулығын дәріптеуге бағытталған,- деп хабарлайды Ertenmedia  Экспедиция мүшелері Түркістан қаласындағы «Достық үйінен» сырлы Созаққа жолға шықты. Делегация құрамында өңірдегі «Ассамблея жастарының» белсенді мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшылығы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері бар. Шара мақсаты — туристік маршрутты қалыптастыру, тарихи нысандар туралы деректі-танымдық фильм дайындау. Сондай-ақ, экпедиция мүшелері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосып, тазалық шарасын да ұйымдастырды. Сапар аясында…

Толық оқу

Бүгін «Өнер орталығында» «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 — Қызылорда» форумының қорытынды пленарлық сессиясы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia  Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы форумның маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға алғысын білдірді. «Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалалардың өркендеуімен тікелей байланысты. Ал, оған әсер ететін бірден-бір фактор – урбандалу процесі. Тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру, жайлы кеңістік қалыптастыру, экологиялық таза орта құру, инфрақұрылымды тұрақты жаңғырту, қалаларды жаңа технологиялардың көмегімен басқару – біздің алдымыздағы маңызды міндеттер. Бұл ретте тиімді басқару мен дұрыс жобалаудың нәтижесінде…

Толық оқу

Қазақстанда «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Жеңімпазға 3,9 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Конкурсқа білім саласында кемінде бес жыл үздіксіз еңбек өтілі бар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады. Педагогтар жұмысының тиімділігі, кәсіптік шеберлігі және білім беру саласына қосқан нақты үлесі бойынша бағаланады. Конкурс үш кезеңнен тұрады: Аудандық және қалалық деңгей (8-25 шілде аралығы); Облыстық деңгей (28 шілде – 15 тамыз аралығы); Республикалық деңгей (18 тамыз – 18 қыркүйек аралығы). Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар республикалық кезеңге өтеді. Конкурсқа қатысу үшін…

Толық оқу

 Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университеті енді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті болып аталады. Бұл туралы үкіметтің ресми қаулысына енгізілген өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжат қоғамдық талқылауға 2025 жылдың 18 шілдесіне дейін шығарылған. Оқу орнының атау өзгеретіні 2023 жылы белгілі болған еді. Сол кезде Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жоюға байланысты оқу орнының атауын өзгерту туралы бастама көтерген болатын. Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Қарулы күштері мен басқа да арнайы мем.құрылымдар үшін офицерлік құрамды даярлайтын жоғары әскери оқу орны болып саналады. Университет 2003 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздің соңғы отыз жылындағы саяси-экономикалық ахуалға баға беріп, бүгінгі өзгерістердің маңызын атап өтті. Депутаттың айтуынша, бұрын билік пен байлықтың бір қолға шоғырлануы үйреншікті «тәртіп» болып, оған қарсы шыққандар қудаланатын. Халықтың мұң-мұқтажы назардан тыс қалған еді. «Трансформацияның «бісмілләсінда» Тоқаев ат төбеліндей шоғыр олигархтарды бір залға жинап алып, бәріне бірдей «ескерту» жасады. Бұдан былай олар үшін «үріп ішіп, шайқап төгетін» дәуір аяқталғанын естіртті. Осыдан соң ғана сең қозғалып, бүкіл елдің ырысын уысында ұстаған «кландардың» іргесі сөгіле бастады. Өзгерістің бүгінгі таңдағы аралық нәтижесі – мемлекеттік басқару жүйесі есеп беру мен ашықтыққа, әділ бәсекеге бет бұрды. Жаңа заңдар қабылданып, қоғамдық…

Толық оқу

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданға 9,4 млрд теңге тікелей инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia  «Ауылшаруашылық саласында биыл қаңтар-мамыр айларында 14,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы егіс науқанында 71 600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Дәнді дақылдар – 38 мың га, майлы дақылдар – 5,3 мың га, мақта – 6,4 мың га, көкөніс, бақша, картоп – 4,9 мың га, мал азығы дақылдары – 17 мың га. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 350 гектар жерде 125…

Толық оқу

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистер қауымы бірінші кезекте «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорында алюминий профильдері өндірілмек,- деп хабарлайды Ertenmedia  Қазір таңда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүруде. Жобаның жалпы құны — 4,4 млрд теңге. Онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жылдық қуаттылығы — 30 мың тонна. Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне барды. Қазақтың үш биіне арналған ескерткішті көріп, оның аумағында атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда монумент туристер үшін танымал орынға айналып келеді. Айта кететін жайт, бұл тарихи кешен демеушілер есебінен салынған. Журналистер…

Толық оқу

Бүгін Қызылорда қаласында «With You Kyzylorda» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының капсуласын салу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қарақат Абден, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және зиялы қауым өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia  Аймақ басшысы зауыт құрылысына сәттілік тілеп, өңірде экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бастамаларды атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу тапсырмасына сәйкес облысымызда 96 млрд. 100 млн. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылуда. Қалдықтарды басқару саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологиялар тартуда Қызылорда қаласында халықаралық…

Толық оқу