Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің кемшіліктері күн өткен сайын анық байқалуда. Осыған орай, 30 сәуірде Мәжілісте медициналық сақтандыруға қатысты заң жобасы алғашқы оқылымда мақұлданғанымен, депутаттар бұл саладағы түйткілдерді ашық сынап, тың ұсыныс жасады деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазіргі жүйенің басты кемшілігі – медициналық қызметке бөлінетін қаржыны тарату мен бақылаудың тек мемлекеттік мекемелердің қолында шоғырланып қалғанын айтады. Мұндай жағдай сапасыз медициналық қызмет пен қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол ашып отыр. Депутат бұл мәселені шешудің жолы ретінде сақтандыру жарналарының бір бөлігін азаматтардың жеке таңдауымен жеке сақтандыру қорларына аударуға рұқсат етуді ұсынады. «Менің ұсынысым – жұмыс беруші немесе қызметкердің…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында тағылымды шара өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлының шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған шайқаста сол қолынан жараланып, емге жіберіледі. Осылайша елге ІІ-топтағы мүгедек болып оралған. Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің ерліктерін айтып, батасын берді. Бүгінде 101 жасты еңсерген қария 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85…
Түркістан қаласында «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты фотокөрмесі өтті. Шараға келген қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи жәдігерлерді көріп, ерлік пен отансүйгіштікке толы шежірелі кезеңдермен танысты. Көрменің мақсаты – ел үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігін насихаттау және жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру. Шараға ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің сарбаздары, қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №26 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты. Айта кетейік Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған.…
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі Батырлар аллеясында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты іс-шара өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның мақсаты – патриотизмді нығайту, тарихи шындықты сақтау және Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін жас ұрпаққа жеткізу. Шара басталар алдында Қасым Қайсеновке арналған мурал ашылып, Батырлар аллеясының алаңында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Бұл сәт рухани бірлік пен ризашылықтың ерекше атмосферасын қалыптастырды. Салтанатты рәсім Мемлекеттік Гимннің орындалуымен және ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың құттықтау сөзімен ашылды. «Мемориалдық стелла Ұлы Отан соғысы мен Ауған…
Ел өңірлерінде шамамен 2,1 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары егілді. Көктемгі дала жұмыстары агротехникалық мерзімдерге сәйкес жүргізілуде,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Егіс науқаны әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Түркістан облысында – 449,2 мың га, Жамбыл облысында – 306 мың га, Жетісу облысында – 292,6 мың га, Алматы облысында – 187,9 мың га жерге егін егілді. Басқа өңірлерде де егіс жұмыстары басталды: Шығыс Қазақстан облысында – 156,3 мың га, Абай облысында – 138,8 мың га, Қостанай облысында – 85 мың га, Ақмола облысында – 74,8 мың га, Қызылорда облысында – 52,5 мың га, Павлодар облысында – 56,9 мың га, сондай-ақ…
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына жасаған жұмыс сапары барысында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның маңызды нысандарын аралап, даму басымдықтарын айқындап, жергілікті тұрғындармен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ауданның әкімшілік ғимараттарының жай-күйіне ерекше назар аударылды. Өңір басшысы төтенше жағдайлар бөлімі, полиция бөлімі, аудандық сот, кітапхана және Самар ауылшаруашылық-техникалық колледжінің жатақханасын аралау барысында бұл нысандардың техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз екенін атап өтті. Ең алдымен, ТЖ және полиция ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындау тапсырылды. Ауданда кәсіпкерлікке жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінуде. Туризм саласы басым бағыт ретінде қарастырылуда. Бұқтырма су қоймасының осы бөлігінде демалысты дамытуға бағытталған көптеген стартаптар мен бизнес-жобалар…
2025 жылғы 6 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шараға университеттің басқарма басшылығы, зиялы қауым өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушы белсенді студент жастар қатысты. Сонымен қатар, ашылу рәсіміне Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызы арнайы қатысып, әкесінің ғылыми мұрасын сақтау мен насихаттау бағытындағы жұмыстар жайында баяндап, оның ұлттық ғылым мен мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Сондай-ақ, аталған іс-шара аясында Мәлік Ғабдуллиннің 1958 жылы жарық көрген «Қазақ халқының ауыз…
Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Батырдың немересі Айжан Нұрмағамбетова, әскери қызметшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Көше атауын беру туралы бастаманы алғашқы болып Талдықорған қалалық Қарулы Күштер Ардагерлер кеңесінің өкілдері көтерген болатын. Бұл бастама тиісті ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Атап өтсек, облыс орталығының «Шығыс» шағын ауданында орналасқан, бұрын атауы болмаған бұл көшенің ұзындығы 1,7 шақырым. Және бұл – Талдықорғанда Халық қаһарманы атағына ие адамға беріліп отырған алғашқы көше.…
Түркістан облысы, Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатта оқитын балалардың ата-аналары әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы дабыл қағып, денсаулығы жарамсыз балалардың жаппай интернаттан шығарылып жатқанына шағымданған. Алайда облыстық Білім басқармасы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Басқарманың мәлімдеуінше, интернаттағы балаларды шығару туралы шешім қабылданбаған және мұндай мәселе күн тәртібінде мүлде қарастырылмаған. «Түркістан облысының Білім басқармасы Леңгір қаласында орналасқан №2 арнайы мектеп-интернатында білім алатын балаларды мектептен шығару туралы тараған ақпараттың 100% жалған екенін хабарлайды», – делінген ресми мәлімдемеде. Ресми түсіндірмеде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабына сәйкес, ата-аналардың білім беру ұйымдарын және оқу нысандарын таңдауға толық құқығы бар…
Қалада тиімді көлік қозғалысын басқару мақсатында Алматы әкімдігі мен Қытайдың Inspur мемлекеттік компаниясы 2025 жылы сәуірде Алматының Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірледі. Бұл туралы қала әкімінің 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жоба бойынша келісімшарт 2025 жылы 20 мамырға дейін жасалып, жүйе 2026 жылдың тамызына дейін іске қосылады. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көлікті 100% экологиялы ету көзделген. Биыл 29 сәуірде 600 газбен жүретін және 200 электр автобусты сатып алуға байқау жарияланды. Жеке тасымалдаушылар өз тарапынан 800 газбен жүретін және 118 электр автобусты сатып алуды жоспарлап отыр. Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту…
