Автор: Асылхан Бөрібай

жатақхана құрылысы

Сарыағаш қаласында колледж студенттері үшін 101 төсек-орынға арналған жаңа жатақхана бой көтеруде. Жоба жеке кәсіпкердің бастамасымен және мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі арқылы жүзеге асты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жатақхана құрылысы кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Одан соң мемлекет шығындарды 6 жыл ішінде өтей бастайды. Жобада тұрғын үй-жайлары, санитарлық-гигиеналық жабдықтары, демалыс аймақтары және оқу орындары бар заманауи ғимарат салу көзделген. Аталған жатақхана құрылысы өңірлік білім беру инфрақұрылымын дамытуға өзіндік үлесін тигізеді деп күтілуде. Жобаны іске асыру — студенттерге жағдай жасауға және оқытудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба мемлекет пен кәсіпкерлердің әлеуметтік міндеттерді шешудегі табысты іс-қимылының үлгісі. Былтыр Түркістан облыстық…

Толық оқу
Мерекелер

Қазақстанда келесі жылдың мерекелік күнтізбесі бекітілді. Еңбек министрлігі 2026 жылғы демалыс және жұмыс күндерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia. Келер жылы мереке күндері бұрынғысынша өзгеріссіз қалады. Бұған дейін қоғам белсенділері 1 маусым Балаларды қорғау күнін демалыс етуді ұсынғанымен, ұсыныс қолдау таппаған еді. Жалпы мемлекеттік мереке күндері мынадай: Жаңа жыл 1–2 қаңтар; Халықаралық әйелдір күні 8 наурыз; Наурыз мейрамы 21–23 наурыз; Қазақстан халқының бірлігі күні 1 мамыр; Отан қорғаушы күні 7 мамыр; Жеңіс күні 9 мамыр; Астана күні 6 шілде; Конституция күні 30 тамыз; Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан. Ұлттық мереке: Республика күні 25 қазан. Екі діни мереке: Рождество 7 қаңтар; Құрбан…

Толық оқу
Конференция

ҚР Ұлттық музейінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Тарихи жадыны сақтау – ұрпақ сабақтастығы мен жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызды факторы ретінде» ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Конференцияны «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев жүргізіп отырды. Жиынға «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» ұйымы басшысының орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов қатысып, аталған ұйымның төрағасы, Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтауын жеткізді. «Тарихи жады – ұрпақтар сабақтастығының іргетасы. Осы арқылы жастар өткеннің маңызын түсініп, ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінеді. Қазір әлем күрделі өзгерістер кезеңінде тұр. Сондықтан тарихи ақиқатты сақтау, тарихты бұрмалауға қарсы тұру және патриоттық сананы күшейту – басты міндетіміз.…

Толық оқу
базалық ставка

Қазақстанда инфляция неге қайта күшейіп барады? Экономист Ғалым Құсайынов осы сұраққа жан-жақты талдау жасап, өз болжамымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia. Сарапшының айтуынша, Ұлттық банктің қазіргі ставкісі бағаны ауыздықтай алмай отыр. 2026 жылдың наурызында Қазақстанның «қымбат ақша режимінде» өмір сүріп келе жатқанына төрт жыл толмақ. Осы кезеңде қымбат несиеден банктер ғана пайда көрген. Экономист 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне де назар аударды. ҚҚС-тың өсуі инфляцияны тағы «бір-екі пайызға» арттыруы мүмкін дейді ол. «Қазіргі жоғары базалық мөлшерлеме жылдық 9–10%-ға дейінгі қолайлы деңгейге тек 2027 жылы немесе тіпті 2028 жылы ғана төмендейді-ау», – дейді Құсайынов. Экономист теңге бағамы…

Толық оқу
Қазақстан велосипед спорты федерациясы

Қазақстан велосипед спорты федерациясы 2025 жылғы маусымды қорытындылап, бір жылда не істелгенін, қай жарыста қандай нәтиже болғанын және 2026 жылға қандай жоспар қойылғанын ашық айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы өткен жиынға спортшылар, бапкерлер, министрлік өкілдері, демеушілер мен серіктестер жиналды. Федерация дерегінше, биыл қазақстандық велоспортшылар халықаралық деңгейде 36 медаль жеңіп алған, оның 14-і алтын, 12-сі күміс, 10-ы қола. Малайзия мен Таиландта өткен Азия чемпионаттарында трек, шоссе және пара-велоспорт бағытындағы ұлттық құрамалар бірнеше рет жүлделі орыннан көрініп, Қазақстанның аймақтағы орнын күшейтті. Жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарында Бахрейннен келген жаңалық та жаман болған жоқ. Қазақстанның жас велошабандоздары 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп,…

Толық оқу
Нарыман Төреғалиев

Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы төрт теміржол вокзалы заманауи талаптарға сәйкес жаңғыртылған. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. БҚО-да 2023-2025 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облысқа 259 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат өңірдің инфрақұрылымын жаңарту мен жол құрылысына бағытталған. Биылғы жылы 86,8 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 497 шақырым автомобиль жолының 459 шақырымы жөнделді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс орталығы мен оңтүстік аудандар – Казталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы бағытындағы жолдар күрделі жөндеуден өтіп, 245 шақырым жолға 81,7 млрд…

Толық оқу
Нариман Төреғалиев

Батыс Қазақстан облысы шағын және орта кәсіпкерлік көлемі бойынша елдің алдыңғы бестігіне кірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Батыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың дамуына зор үлес қосып отыр. Соңғы үш жылда облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 57,6 мыңнан 59,2 мыңға, яғни 2,7%-ға өсті. Аталған салада 130 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 3 мыңнан астам жобаға 28 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілген. Осы саладағы шығарылатын өнім көлемі 23%-ға өсіп, 2,8 трлн теңгеге жетті. Қазіргі уақытта шағын…

Толық оқу
стоматологиялық клиникалар

Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріле бастады. Бұған балалардың бірнеше тісін бірден емдеп, жалпы наркоз қолдануға байланысты ата-аналардың арыз-шағымы себеп болған, деп жазады Ertenmedia. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, елімізде Бас прокуратураның талабы бойынша 622 стоматологиялық мекемеге тексеру жүргізіліп жатыр. Министрдің дерегіне сәйкес, бүгінге дейін 290 мекеме сүзгіден өткен. Оның ішінде 135-і аяқталған, 103-і әлі жалғасуда. 52 клиниканың жұмыс істемейтіні анықталып, тексеруден алынған. Тағы 26 мекеме тексеруге енді алынбақ. Өңірлердегі прокуратура органдары жіберген 316 мекеменің 34-і мемлекеттік тапсырыс аясында (МӘМС, ТМККК), ал қалған 282-сі тек ақылы негізде жұмыс істейді. Министрдің айтуынша, балаларға жалпы наркоз қолдану өте күрделі медициналық манипуляция. Ол…

Толық оқу
Нариман Төреғалиев

БҚО-да 73 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. Батыс Қазақстан облысының экономикасы мұнай-газ, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы және агроөнеркәсіп кешені сияқты басым салаларға негізделген. Бұл туралы өңір басшысы Нариман Төреғалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өңір басшысының айтуынша, аталған салаларда 30 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өңір кәсіпорындары ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да экспорт көлемін арттырып келеді. Жыл басынан бері облысқа 567 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 80 пайызы, яғни 453 млрд теңгесі жеке секторға тиесілі. Алдағы бес…

Толық оқу
жолаушылар көлігі басқармасының басшысы

ШҚО-да көпір құлағаннан кейін жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов лауазымынан кетті. Ол бұл қызметті небәрі жарты жыл атқарған болатын. Orda-ның мәліметінше аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Уахитовтың заңсыз әрекетке қатысы бары анықталған. «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұрынғы басшы Данияр Уахитов қызметінен босатылды», – деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова. Дегенмен әкімдік әзірге Уахитовтың нақты қандай заң бұзушылық жасағанын және оның орнына кім тағайындалғанын жариялаған жоқ. Қызметтен босаған экс-шендінің әрекетіне құқық қорғау органдары өз…

Толық оқу