Автор: Асылхан Бөрібай

Бүгін Семейде облыстық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер алқасының төрағасы Аслан Тукиев, ҚР Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов, өңірдің сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Соттың жаңа ғимараты төрт қабатты. Жалпы аумағы 7910 шаршы метрді құрайды. Нысанда 9 сот залы, 78 қызметтік кабинет, медиатор, адвокат, прокурор, омбудсменге арналған бөлмелер бар. Заманауи фронт-офис, баспасөз орталығы, мұражай, акт залы, психологиялық көмек бөлмесі келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сот отырысы залдары аудио-бейнежазба жүйесімен, қауіпсіздік және бейнебақылау технологияларымен толық жарақталған. Жаңа ғимаратта 17 судья мен 45 әкімшілік…

Толық оқу

Санаулы күндерден кейін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді. Биыл бұл құрылымның құрылғанына 30 жыл. Тарихи мерейтой қарсаңында біз еліміздің басты ерекшеліктері мен Ассамблеяның қазіргі қоғамдағы орны туралы сарапшылар пікірін тыңдадық, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz — Қазақстан — посткеңестік елдер арасында ерекше мемлекет. Себебі біз — көпэтносты елміз. Мұндай қоғамда тұрақтылық пен бейбітшілік сақтау оңай емес, — дейді «Ұйғыр Авози» газетінің бас редакторы Ершат Асматов. — Мемлекет басшысы мен үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеледі. Тек экономикалық немесе әлеуметтік мәселелер ғана емес, ұлттық, этностық тепе-теңдік те үнемі назарда болуы керек. Бұл жерде ең бастысы — елдің бірлігі мен ынтымағы. Ассамблея —…

Толық оқу

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Сенат жанындағы Сенаторлар кеңесінің 11 мүшесі Шығыс Қазақстан облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарын аралайды, — деп хабарлайды  Ertenmedia.kz ШҚО әкімдігінде Сенаторлар кеңесінің мүшелері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен кездесті. «Сапарларыңыздың негізгі тақырыбы – өңірдің еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Бұл – күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі. Бүгінгі күні бұл біз үшін жай ғана статистика немесе жоспар емес, бұл – өңір дамуының кепілі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл – жай ғана символикалық қадам емес. Бұл – еңбек адамына деген институционалдық құрметтің…

Толық оқу

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар жоба аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту және экономиканың түрлі салаларында қайта өңдеу қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, — деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Премьер-министрге Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының аумағында химия, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, металлургия салаларындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның дамуы туралы баяндалды. Мұнда барлығы 18 қатысушы тіркелген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірге салынған инвестициялар көлемі 506 млрд теңгені құрады, 2025 жылы 9 жобаны салу нәтижесінде шамамен 850 млрд теңгеге дейін артады деп күтілуде. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек АЭА инфрақұрылымын, оның…

Толық оқу

Астанада ҚХА қамқорлығымен этномедиация бойынша «Келіссөздер процесінің техникасы, этносаралық саладағы жанжалдардың алдын алу және реттеу бойынша медиативтік дағдыларды дамыту» атты екі күндік семинар-тренинг басталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Семинар Медиация дағдыларын дамытуға және этносаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған. «Біздің мақсатымыз – медиация және этномедиация әдістерімен теориялық танысу ғана емес, сонымен қатар мамандарды практикалық даярлау. Біз шеберлік сабақтарын өткізетін, нақты жағдайлармен бөлісетін және келіссөздер жүргізу дағдыларын үйрететін тәжірибелі жаттықтырушыларды шақырдық. Медиация – тиімді құрал», — деп түсіндірді талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, елордалық Достық үйі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ медиаторы Роза Бекишева. Алғашқы күні қатысушылар…

Толық оқу

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай елордада «NYSANA-2025» мектеп және колледж оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан ату бойынша аудандық және қалалық жарыстар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жарыс «Batyrlar» әскери-патриоттық орталығының аумағында өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Ұлы Жеңіс туралы естеліктерді, салауатты өмір салтын насихаттау. «Біздің жарыс екі кезең бойынша өтеді. Бүгін пневматикалық мылтықтан атуға Сарайшық ауданының мектеп оқушылары қатысып жатыр. Әр мектептен төрт адамнан тұратын команда – екі жас жігіт пен екі қыз қатысып жатыр. Аудандық жарыстардың жеңімпаздары қалалық деңгейде өнер көрсетеді. Бұл өте қызықты турнир, оған балалар бір жыл бойы дайындалды, олардың арасында нағыз…

Толық оқу

Елімізде ресми тіркелген ұлттық спорт түрлері жаңа қарқынмен даму үстінде. Олар — асық ату, аударыспақ, бәйге түрлері, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ. Осы спорт түрлері басқа аймақтарға қарағанда кенже қалып қойған Батыс Қазақстан облысында қалай дамып жатыр?  14-16 сәуір күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының орталығы — Орал қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Жайық арена»спорт кешеніндегі ұлттық спорттан жарыс  тепсе темір үзетін  жастардың басын қосқан дүбірлі додаға айналды. Бұған еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас палуандар 72 медальді қоржынғасалды. Qazaq Kuresi Ассоциациясының бастамасымен ұйымдастырылатын чемпионатқа 500-ден астам спортшы қатысып, 16 салмақ…

Толық оқу

Алматы қаласының Жетісу ауданында «Барахолка» бойындағы стихиялық сауданы жою бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Науқан Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды, ҚР ӘҚБтК 204-бабы «Белгіленбеген орындардағы сауда», ҚР ӘҚБтК 505-бабы «Абаттандыру ережелері» бойынша 42 әкімшілік хаттама жасалды, сондай-ақ 70 текше метрден астам қоқыс шығарылды. Рейдтер «Алатау», «Сәлем», «Байсат» және «Ялян» базарлары ауданындағы Солтүстік айналма тас жолының шығыс жағында жүргізілді. Мұнда ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдер рұқсат құжаттарынсыз, антисанитариялық жағдайда және абаттандыру ережелерін өрескел…

Толық оқу

Бүгін Орал қаласындағы «Оқушылар үйінде» облыстық «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?» деген қарар аясында пікір алмасты. Пікірсайыс нәтижесі бойынша: Бас жүлдені «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды; «Үздік мақала» номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос; «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы алдымен «Көрме залы» орталығының құрылыс алаңына барды. Одан кейін нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыспен танысты. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы қарастырылған. Жобаның І кезеңі биыл іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда 30-дан астам жұмысшы еңбек етуде, 10-нан астам техника бар. Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалары мен ішкі бөліктері, сыртқы витраждары қалануда. Жылу, су, электр, желдету желілері тартылуда. Қазіргі кезде футбол алаңын…

Толық оқу