Қызылордада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ұлттық құрылтай: алдағы мақсаттар мен міндеттер» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын 2026 жылы Сыр өңірінде өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы қаласының туризм саласына тартылған инвестициялар оң қарқын көрсетіп келеді. 2024 жылы инвестиция көлемі 110,9 млрд теңге болып, 2023 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жеке инвесторлар 35 жаңа орналастыру нысанын іске қосты, олардың қатарында 20 қонақүй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 қонақ үйі бар. Бұл қаладағы нөмірлік қорды 836 орынға көбейтіп, туристерді қабылдау инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартты. Жыл қорытындысы бойынша туризм саласындағы салық түсімдері 1,9 есеге өсіп, 90,7 млрд теңгеге жетті. 2024 жылы Алматыда 100 шақырым тау соқпағы абаттандырылып, негізгі соқпақтар ретке келтірілді, 450 инфрақұрылым нысаны орнатылды — ақпараттық стендтер, белгілер, күркелер, орындықтар мен көпірлер, сондай-ақ күн панельдерімен жабдықталған 13 кемпинг аймағы ашылды. «Көктөбе»…
Семейдегі облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Былтыр жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне 39 815 пациент келіп, олардың 15 442-сі ауруханаға жатқызылған. Емделушілердің 70 пайызы қабылдау бөлімі мен травматологиялық пунктке жиі жүгінеді. Осыған орай аурухана басшылығы пациенттерді қолдау қызметін төртінші қабаттан бірінші қабатқа көшірді. Енді науқастар еш кедергісіз орталық қызметіне жүгіне алады. Бұл шағымдар беру процесін жеңілдетіп, күту уақытын азайтуға және пациенттердің құқықтарын қорғауға жауапты мамандардың қолжетімділігін арттырады. Ашылу салтанатында сөз алған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пациенттерді қолдау орталығы даулы жағдайларды жедел шешуге…
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Заманауи ұстаз: интеллект, шабыт, шеберлік» атты ХVI республикалық пәндік олимпиада өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша өткен білім сайысына еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарынан 18 команда қатысып, бақ сынады. Олимпиаданың ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Ермек Бөрібаев құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әр өңірінен келген студенттерге сәттілік тіледі. Республикалық пәндік олимпиада төрт кезең бойынша ұйымдастырылды. «Заманауи ұстаз келбеті» атты алғашқы айналымда командалар өздерін таныстырса, «Күш – білімде!» атты теориялық кезеңінде болашақ педагогтардың кәсіби білімі мен тапқырлығы тест тапсыру арқылы…
Бүгін Атырау облыс әкімі Серік Шәпкенов үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен жүздесті. Бүлдіршіннің қаладағы Атырау ықшамауданындағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы әлеуметтік желіде кең тараған еді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Серік Шәпкенов Дінмұхаммедтің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, рақметін айтты. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың Мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады. – Кейде көп сөздің орнына бір ғана істің өзі жетіп жатады. Дінмұхаммед кішкентай ғана ойын баласы болса да, оның әрекеті көпке ой салды. Әлбетте, ол мұны бөгде біреуден көріп емес, өзінің отбасында…
Биыл облыста алғаш рет үш спорт түрінен «Жетісу Лигасы» облыстық балалар турнирі өтеді. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Бейбіт Исабаев жұмыс сапарымен Көксу ауданына барып, орталық стадионда ауылдың жас футболшылармен, сондай-ақ «Жетісу» кәсіби футбол клубының командасымен және жаттықтырушылар құрамымен кездескен кезінде айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Еске салсақ, IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы еліміздегі футбол инфрақұрылымын дамытудың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты биылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен өңірде жыл сайын үш спорт түрінен: футбол, волейбол, баскетболдан облыстық балалар турнирін өткізу жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі кезде облыс бойынша 560 командадан өтінімдер келіп түскен. Футболдан жарысқа…
Алматыда студент жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке инвестициялар есебінен салынған жаңа жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңа нысан 120 студентке арналған және заманауи талаптарға толықтай сай келеді. Бұл жатақханада Қазақ Ұлттық Қыздар педагогигалық университетінің студенттері тұрады. Жатақхана аумағында студенттердің жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай қарастырылған: жарық әрі кең бөлмелер, ас үй, оқу және демалыс орындары да бар. Сонымен қатар, конференц зал wi-fi желісімен жабдықталған, бұл білім алушыларға түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға және онлайн білім алуына мүмкіндік береді. «Бүгін біз үшін өте қуанышиы күн, себебі жаңа жатақханаға көшіп жатырмыз. Мында сабақты оқуға, іс-шара өткізуге толық жағдай жасалған. Жатақхананың орналасқан…
Әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғам назарын аударған Magnum желісіндегі даулы оқиғаға байланысты компания басшылығы арнайы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компания жетекшілері ел алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, туындаған келеңсіздік үшін көпшіліктен кешірім сұрады. – Қадірлі тұтынушыларымыз, қымбатты отандастар! Соңғы күндері болған жағдай сіздердің де, біздің де көңілімізге кірбің түсірді. Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз. Біз де осы дәстүрді ұстанып, қызметкеріміз бен клиентіміз арасындағы келіспеушілікті реттедік. Тараптар бір-бірімен татуласып, өзара кешірім сұрап, қол алысты. Бүгінде мәселе толық шешіліп, қызметкеріміз өз жұмысын жалғастыруда. Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз —…
Белгілі журналист Жанжігіт Омархан Абай облысы Мəдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жанжігіт Омархан бұған дейін республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар еңбек етіп, мәдениет пен тіл саласында ел ішінде өткір ой, салмақты сараптамаларымен танылған кәсіби маман ретінде белгілі. Жаңа қызметте де ол өзінің тәжірибесі мен шығармашылық қарымын өңір мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тіл саясатын ілгерілетуге және архив ісін жүйелеуге бағыттайтынына сенім мол.
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Қаржылық қауіпсіздік бойынша QUIZ» атты ауқымды интеллектуалды ойын өтті. Бұл аймақтағы жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірген білім беру сайысы, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Интеллектуалды жарысқа С. Аманжолов атындағы ШҚУ (MUGALIM BOYS, Parasyz profi, Қаржы сарапшылары, Пирамида) Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ (Шығыс Эшелоны, Қаржы қалқаны), ҚАЕУ (ФинIQ), сондай-ақ облыстық жастар ресурстық орталығының (Jastar.kz) командалары қатысты. Жастар жеке қаржы және капиталды қорғау саласындағы ең үздік білгірлер атану үшін бақ сынасты. Шараны ұйымдастырушылар — ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және С. Аманжолов атындағы ШҚУ. — «Қаржылық қауіпсіздік бойынша QUIZ» жеке қаржылар, инвестициялар, қаржылық…
