Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізде салынатын тұңғыш атом электр станциясының (АЭС) құрылысына Ресей тарапының қатысқанына мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы ол Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен болған кездесу кезінде мәлімдеді. Министр Нұртілеудің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің түрлі салада бірлескен жобалары бар. Ал атом электр станциясының құрылысы – осы бағыттағы келесі маңызды қадам болуы мүмкін. «Екі елдің тиісті министрліктері қажетті дайындық жұмыстарын жүргізеді деп сенеміз», – деді Мұрат Нұртілеу. Айта кетсек, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында салу жоспарланып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыратын компания ретінде Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қарастырылып жатыр.
Автор: Асылхан Бөрібай
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанда тіл мәселесіне қатысты қақтығыстар жоқ екенін, бірақ, өкінішке қарай, кей жерлерде тұрмыстық мәдениетсіздік байқалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясаттың жүзеге асырылу бағыттарын Ұлттық құрылтай мүшелерімен талқылады. «Тіл мәселесіне қатысты делінетін бірқатар даулы жағдай шын мәнінде қызмет көрсету саласындағы тұрмыстық қақтығыс саналады. Мұндай жағдайларды кейбір адамдар басқа бағытқа бұруға тырысады», – деді ол кездесуде. Қариннің айтуынша, мұндай жайттардың түпкі себебі – қарапайым этика, тәртіп пен сыпайылық мәселесі. «Біздің елімізде ешқандай тілдік қақтығыс жоқ, бірақ, өкінішке қарай, кей жерлерде тұрмыстық мәдениетсіздік бар. Осы мәселемен бірінші кезекте айналысуымыз керек: тәрбие беру, жаңа қоғамдық этиканы,…
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов бастаған мамандар тобы Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына байланысты дайындықты және жүргізіліп жатқан алдын алу шараларын тексеріп, Алтай және Шемонаиха аудандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz –Шығыс Қазақстанда өткізілген сенбіліктер мен су тасқынына қарсы іс-шаралар тұрғындардың өз ауласына ұқыптылықпен қарауына және қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдауына үлкен әсер етті. Бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылған, – деді Ералы Тоғжанов. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқынына қарсы 107 іс-шара жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 16 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді, 386 мың текше метр қар шығарылды,…
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында “Заң бар жерде тәртіп бар” атты кездесу өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл кездесу Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ бірлесе отырып, Сырым ауданы прокуратурасының прокуроры Темірбай Қайырбек Асылбекұлы, Сырым ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Полиция майоры Хасанов Азамат Кайырболатұлының қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ тәрбиеленушілеріне жеке құқықтары мен міндеттері туралы, түнгі рейдтер, қоғамдық тәртіпті сақтауда қолданылатын әдістер кеңінен түсіндіріліп, заң бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар, құқық бұзылған жағдайда оның салдары мен жазалары туралы, сондай-ақ мопед жүргізудің жаңа ережелері және қауіпсіздік ережелері жөнінде маңызды…
Бүгін Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс тарихы» деп аталатын челленджі басталды. Онлайн-акцияға мектеп оқушылары, жастар мен алматылықтар белсенді қатысып жатыр. Олар соғысқа қатысқан туыстарының немесе әскери жылдардағы отбасылық мұрағаттағы фотосуреттерін әлеуметтік желілерге жариялап, оларды қысқаша әңгімелермен немесе естеліктермен бірге ұсынуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматылықтардың әрбір отбасы дерлік өз атасы мен әжесінің естелігін қастерлеп сақтайды – бұл қара-ақ фотосуреттер, сарғайған хаттар, жеке заттар болуы мүмкін. Біздің бейбіт күніміз үшін жанын қиған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері, Отанына адал болған жүздеген мың қазақстандықтардың жадында мәңгілікке қалады! Мысалы, Алматы тұрғыны Ирина Амирова өз аталарының оқиғасымен бөлісті: «Біздің отбасымызда соғысқа екі арғы…
Алдағы екі жыл ішінде Алматы облысында Қытайдың YTO Express компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі мультимодальды логистикалық хабты салуды жоспарлап отыр. Жаңа орталық компанияның Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Тайланд, Бразилия, Эфиопия және Америка Құрама Штаттарындағы хабтарын қамтитын жаһандық көлік желісінің бір бөлігіне айналады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жобаның таныстырылымы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен YTO Express басқарма төрағасы Юй Вэйцзяо мырзаның кездесуі барысында өтті. Кездесу аясында тараптар ынтымақтастықтың болашағын және жаңа хабтың негізгі параметрлерін талқылады. Аталған жоба өңірдің логистикалық инфрақұрылымын түбегейлі өзгертіп, тауар жеткізу үдерісін жеделдетуге ықпал етпек. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаның еліміз үшін стратегиялық маңызын атап өтті. – Логистикалық хабтың құрылысы…
Алматыда жылуды есепке алу жүйесін цифрландыру жалғасуда. Алдағы жылдары қала тұрғындары жылуға кеткен шығынды онлайн режимде бақылай алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазір көппәтерлі үйлерде жылуды есепке алудың жалпыүйлік есептеу құрылғысы орнатылған. Жылу төлемдері пәтердің ауданына және белгілі бір уақыт кідірісімен есептеледі. «Бүгінгі күні есептеу құрылғылары тек үйдің жалпы шығынын өлшейді. Осы себепті төлем пәтердің көлеміне қарай және аздаған уақыт айырмасымен қалыптасады», – деп түсіндірді Ерболат Досаев. Оның айтуынша, қала қазірдің өзінде әр пәтер бойынша нақты тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін цифрлы есептеу жүйесіне көшуді бастап кеткен. «Биыл біз есептеу процесін цифрландыруды…
Жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келіп, Өскемен қаласында салынып жатқан Гематология орталығын аралады, хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Өскемен қаласында салынып жатқан көпбейінді гематология және кардиология орталығының құрылыс барысымен танысты. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін қайтарылған активтер есебінен 33,6 млрд теңге бөлінген. Негізгі ғимарат 148 төсек-орынға есептеліп, құрылыс жұмыстарының 80%-ы орындалды. Қазір нысанда 120 адам еңбек етуде, мамыр айына дейін бұл көрсеткіш 350–400 адамға дейін артады деп жоспарлануда. Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады: 256 кесінділік компьютерлік томограф, екі ангиографиялық жүйе, екі проекцияда суретке түсіруге…
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдегі медициналық нысандарды аралап, болашақ мамандарды дайындайтын оқу орындарының жұмысымен танысты, хабарлайды Ertenmedia.kz Сонымен қатар елімізде баламасы жоқ гематологиялық орталықтың құрылыс барысын бағалады. Өскемендегі медициналық колледжде министр оқу кабинеттерін, практикалық дайындыққа арналған құрал-жабдықтарды қарап шықты. Оқытушылар және студенттермен кездесуде Ақмарал Әлназарова медицина білімінде болатын алдағы өзгерістерге тоқталды. Кездесуде оқу бағдарламаларын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірдегі медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл және білім беру процесін жетілдіру ұсыныстары талқыланды. Студенттер интернатурадан өту жағдайларын жақсарту мен жас мамандардың жалақысы туралы сұрақтар қойды. Өскемен…
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді деп, хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде Алматыда 1 366 ескі үй бар, оның 40%-дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан. «Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелерінде 13 жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алтай — 2 шағын ауданында 6 бұзылған үйдің орнына тоғыз қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзу жоспарланып отыр, одан кейін 8 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады», — деді Ерболат Досаев. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарламада…
