Автор: editor

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс жүргізіп жатыр. Қалада қар тазалау үздіксіз жүргізілуде,  — деп хабарлайды ErtenMedia Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 14 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысыда 2 552 жол жұмысшысы және 1 219 арнайы техника жұмылдырылды. 17 ақпанға қараған түні қар полигондарына қаладан 1 781 рейспен 23 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 478 264 ауыр жүк рейсімен 5,9 млн текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар…

Толық оқу

Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.  «Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Жаңа әкім Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Оңтүстік Қазақстан облысында 1970 жылы дүниеге келген. Нұрымбет Сақтағанов Қызылорда педагогикалық институты, Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институттарын «мұғалім», «бухгалтер», «заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасында, кейін ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінде жұмыс істеді. ҚР Парламентінде үкіметтің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, министр…

Толық оқу

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы бұйрығымен Аманжол Истолеуович Ибрагимов 2025 жылғы  17 ақпаннан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды,  — деп хабарлайды ErtenMedia.  Аманжол Истолеуович 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1995 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «шығыстану» мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1995 жылы  Алматы теміржолының жетекші маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының халықаралық басқармасында, Шыңжаң — Ұйғыр автономиялық ауданы өкілдігінің басшысы (ҚХР), “ҚТЖ” ҰК-ның халықаралық басқармасының бөлім басшысы, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия (Пекин) өкілдігінің басшысы, “ҚТЖ”…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды,  — деп хабарлайды ErtenMedia Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын!» – деді Нұралхан Көшеров. Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді. Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып,…

Толық оқу

Алматыда полиция қызметкерлері ұсталған адамды азаптағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсталған азаматты азаптаған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді. Бас прокуратура мәліметінше, 2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлері туысының пәтерінде жеткізілген азаматты бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаған. Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Толық оқу

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпір жұмыс істеп жатыр. Жоба өңірдегі көлік байланысының көпжылдық мәселесін шешуге бағытталған, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Жұрт жылдар бойы жазда – пароммен, қыста – мұздың үстімен жүретін. Бұл өте ыңғайсыз әрі қауіпті болғаны түсінікті. Енді мәселе біржола шешімін тапты»,- деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінгі таңда Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Өскемен қаласымен байланыстыра отырып, көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Алғашқы төрт айда көпір арқылы 170 мыңға жуық автомобиль өткен. Яғни, күн сайын 1,5 мыңға жуық көлік көпірді пайдаланады.…

Толық оқу

Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласына бөлінген қаржының 65,6 миллиард теңгесі тиімсіз пайдаланылғанын хабарлады. Бұл туралы мәселе Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды. Жиынға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және жауапты лауазымды тұлғалар қатысты. Тексеру барысында 2019 жылдан бастап жүргізілген жұмыстар талданып, мектептердің тұрақты көбейіп келе жатқаны анықталды. Қазір ел бойынша 7,8 мыңнан аса мектеп бар. Оқушылар мен оқытушылар саны да артты, бұл білім беру қолжетімділігін көрсетеді. Сонымен қатар,…

Толық оқу

Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүрді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Нұрдәулет Төлеев 2008 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: әкімшілік басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды. 2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Оның орнына Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Ол Президент әкімшілігіне 2008 жылы келген:…

Толық оқу

Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. 1996-1998 жылдары — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы; 1998-2014 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры; 2014-2015 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының басқарушы директоры; 2015-2018 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; 2018-2019 жылдары — ҚР…

Толық оқу

Бүгінгі таңда Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленуде, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қала аумағында ірі инвестициялық жобалар жоспарланған және оларды орналастыру бойынша алдын ала келісімдер инженерлік құрылыстар мен қорғаныс аймақтарын ескере отырып жасалған. Санитарлық аймақтарға, өндірістік алаңдарды тиімді пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты қаланың аумағын жоспарлауда түзетулер енгізу қарастырылған. Осыған байланысты, Вице-премьер бизнес өкілдерімен, жобалау институттарымен кездесіп, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады. «Жаңа Алатау қаласын салу ыңғайлы, қауіпсіз, технологиялық тұрғыда дамыған және экологиялық таза болуы керек. Алатау заманауи урбанистік орталықтың үлгісі бола алады. Қала құрылысының халықаралық стандарттарға негізделген заманауи…

Толық оқу