Батыс Қазақстан облысында төрт теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары басталды. Реконструкциялау теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, ол көлік-логистикалық секторды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала беретінін бірнеше рет атап өтті. Жұмыс Орал, Ақсай, Шыңғырлау және Семиглавый Мар бекеттерін қамтиды. Барлық нысандардың тарихи маңызы бар және аймақтағы көлік қолжетімділігін және халықтың ұтқырлығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде облыста 7 бағытқа қызмет көрсететін 14 пойыз бар. Ең ірі нысан 1983 жылы салынған Орал қаласындағы теміржол вокзалы болмақ. Оның ауданы 5716,1 м², өткізу қабілеті тәулігіне 900…
Автор: Асылхан Бөрібай
Сауран ауданында көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шара Түркістан – Кентау автомобиль жолының бойында, атап айтқанда Оранғай және Иассы ауылдық округтерінің аумағында өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тазалық акциясына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған аудан активі, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, дін өкілдері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар — барлығы 600-ге жуық адам қатысты. Шара барысында ұзындығы 21 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойы тазартылып, қоқыс қалдықтары жиналды. Сонымен қатар ретсіз өскен ағаш бұталары кесіліп, ағаш түптері әктелді. Жалпы тазалық жұмыстарына 20 дана техника жұмылдырылды. Аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаны…
ШҚО-да мердігерлік ұйым жаңа әуежайдың құрылысы барысында зақымданған республикалық маңыздағы «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының бүлінген бір бөлігін қалпына келтіреді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сөз 252-ші шақырымнан 311-ші шақырымға дейінгі жол учаскесі туралы болып отыр. Бұл бөліктен құрылыс материалдары жеткізілуде. Ауыр техниканың қарқынды қозғалысы салдарынан жол жабыны мен инженерлік құрылыстар зақымдалған. Сонымен қатар, жолдың бүлінуіне көктемгі маусыммен сәйкес келуі де себеп болды, бұл кезде жол жабыны артық ылғалдануға ұшырайды. Мұндай жағдай жолдың көтергіш қабілетін төмендетіп, жамылғының бұзылуына тікелей әсер етеді. Жолды өз қаражатына қалпына келтіру міндеттемесін компания бас мердігерлермен үшжақты келісім арқылы бекітті. Компания…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық институттардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде облыста 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жыл басынан бері қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Кеңесте сөз алған облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің бірегейлігін айқындайтын, азаматтық тұтастығын арттыратын, этносаралық келісімді нақты іспен жүзеге асыратын маңызды қоғамдық институт екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық-саяси реформаларының нәтижесінде бұл маңызды институттың қызметіне тың серпін, жаңа мазмұн беріліп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Президентіміз:…
«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмін дайындап шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңа анимациялық туынды «Түркістан сақшылары» деп аталады. Идея авторы — телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы – бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған. Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға — 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ, ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциалық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты. Фильм сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды…
Су тасқыны басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ол Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда 27 жерден су тасып өту жағдайы тіркелгенін, олар 4-5 күн ішінде тоқтатылғанын атап өтті. Қазіргі таңда 2 учаскеде су тасуы әлі де жалғасуда. Өңірде 8 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру және нығайту, Петропавл су торабы маңындағы айналма каналды салу және Соколовка маңындағы Есіл өзенінің арнасын түзету жұмыстары аяқталды. Шаруашылық есебінен Новоникольское ауылында су басу қаупін азайту мақсатында айналма канал салынды. Аталған каналдардың жұмысы тиімділігін көрсетті. Елді мекендерден 1,5 млн…
Бүгін Орал қаласында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Акция Ғабдолла Тоқайға арналған ескерткіштің маңында өткізіліп, іс-шараға еріктілер, студенттер, түрлі ұйым өкілдері, жалпы 70-ке жуық адам қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы — бұл жай ғана тазалау емес, салауатты экологиялық сананы қалыптастыруға жасалған қадам. Ұйымдастырылған қайырымдылық бастамаға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар белсенділері қатысты. Осы сәтті пайдалана отырып, қала тұрғындарын, жастарды осындай акцияларға қатысуға шақырамыз, өйткені біздің қолымызда қаланың гүлденуі мен абаттандырылуы бар», — деп атап өтті Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиев.…
Ұлттық банк бекіткен 16,5 пайыздық ставкі инфляцияны тежей ме, әлде керісінше экономиканы тығырыққа тірей ме? Экономист Айман Тұрсынхан осы мәселені жан-жақты талдап берді деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше ел экономикасын шикізат экспортына тәуелділіктен құтқарып, ішкі өндірісті дамытамыз деген Үкіметтің сөзі мен ісінде бірізділік жоқ. Мұнай бағасы барреліне 60 доллардан төмен құлдырап, әлемдік нарықта сауда соғысы қызған шақта бізге импорт алмастыратын жаңа өндіріс ошақтарын ашу, шикізатқа байланбаған экспорттық табысты арттыру ауадай қажет. Алайда дәл осы сәтте билік ҚҚС (қосымша құн салығы) мөлшерлемесін арттырып, оған қатысты межені төмендетіп, отандық кәсіпкерлердің тынысын тарылтуда. «Импортқа тәуелділіктен қалай құтыламыз деген сұрақ жауапсыз қалып отыр. Ұлттық…
2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындықтар белсенді түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15-ке жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар қатысады. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие. «Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы бес күнді құрайды, ал жалпы қашықтық 500 км-ді қамтиды. Жарыс Алматы — Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке,…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында Абайдың 180 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні мерекелерін атап өтуге дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, Ішкі саясат, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары атаулы даталарға орай жоспарланған негізгі іс-шаралар туралы баяндады. Абайдың 180 жылдығына орай Семей қаласы мен Абай ауданында ауқымды мәдени-танымдық шаралар өтеді. Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында облыста 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Жеңістің 80 жылдығына орай өңірде 273 іс-шара ұйымдастыру көзделген. Аймақтағы соғыс және тыл ардагерлеріне…










