Автор: editor

2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текшее метрге артық. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді, – деп хабарлайды ErtenMedia ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі 22,1 млрд текше метр. 2022 жылдың басында 18,9 млрд текше метр болды. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текшее метрге дейін жетеді деп күтілуде. Солтүстік Арал теңізінің ауданы да…

Толық оқу

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбританияның ITV News арнасына берген сұхбатында Ресеймен келіссөздерге дайын екенін, бірақ белгілі бір шарт орындалуы қажет екенін айтты. Ол Киевке көрсетілетін АҚШ пен Еуропаның қолдауы тұрақты болатынына кепілдік берілуі қажет екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей келіссөздерге қатысты пікір білдіріп, өзінің ұстанымын түсіндірді. «Егер Америка мен Еуропа бізді қолдауды жалғастыратынына және қауіпсіздік кепілдіктерін беретініне сенімді болсам, кез келген форматтағы келіссөздерге дайын болар едім», – деді ол. Сонымен қатар, Украина басшысы бейбітшілік орнату Киев үшін маңызды екенін, бірақ бұл үшін одақтастары нақты қадамдар жасауы қажет екенін жеткізді. Ол барлық қажет жағдайлар жасалса,…

Толық оқу

Жамбыл облысында ауыр қылмысты жасыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мән-жай Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен соталды тергеп-тексеру басталды. «Ол 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркемеген. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру)», — деп жазылған хабарламада. Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қандай жаза қолданылуы мүмкін? Бас прокуратура ҚПК-нің 201-бабына сәйкес…

Толық оқу

Жетісу облысының шалғайдағы шекаралық Алакөл ауданында 56 елді мекеннің 48-іне немесе 85,7%-на орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Мәселен, биыл Лепсі ауылына ауыз су желісі тартыла бастайды. Сонымен қатар осы жылы Қоңыр ауылында су жүйесінің құрылысы мен Теректі ауылында жаңғыртудың 2-ші кезегі басталады деп күтілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Лепсі ауылындағы 1980 жылдары салынған ауыз су жүйесі қазір қолданыста емес. – Лепсі ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобада 49,4 км сумен жабдықтау желілерін, 2 сорғы станциясы мен 2…

Толық оқу

Әзербайжан Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты Ресейді халықаралық сотқа беруге «дайындалып жатыр». Бұл туралы Әзербайжанның «АПА» ақпарат агенттігі хабарлады. Мәліметке қарағанда, Баку «фактілер мен айғақтар жинап жатыр», — деп хабарлайды ErtenMedia «Азаттыққа» сілтеп. Басылым мәліметінше, Әзербайжан билігі Қазақстанның көлік министрлігі ұшақ апаты жайлы алдын ала есепті жарияланғаннан кейін де Ресей тарапының оқиғаға «біржақты пікір беруді» жалғастырып жатқанына наразы. «Баку «ресейлік шенеуніктер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаға [Ресейдің] қатысы бар екенін жоққа шығаруды жалғастырып, кінәні экипаждың мойнына ілгісі келіп отыр» деп есептейді. Биліктің пікірінше, Ресейдің мұндай тактикасы 2014 жылы ресейлік «Бук» зенит-зымыран кешені Донбасс аспанында атып…

Толық оқу

Қазақстанда «Қазақстанның Еңбек ері» деген мемлекеттік награда, ардақты атаққа ие 5 мұғалім ғана бар. Бүгін олардың үшеуі – «Ауыл» партиясы ұйымдастырған жастармен кездесудің құрметті қонағы болды, – деп хабарлайды  Ertenmedia.kz. ҚР Парламенті Мәжілісінің кітапханасында Қазақстанның Еңбек Ерлері: Эльмара Траисова, Алма Шукежанова және Алина Соловьева қатысқан «Білікті ұстаз – білімді ұрпақ» атты басқосуда мәртебелі қонақтарға зор құрмет көрсетілді. Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партияның қызметкерлері, елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Ұстазы мықтының, ұстамы мықты» деген. Қоғамдағы қай мамандық иесі болмасын ұстаздың шәкірттері. Мектеп қабырғасындағы сапалы білім мен саналы тәрбие тек тұлғаны қалыптастырып, тұтас қоғамдық қатынастарды…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін тек мемлекеттік қаржы жеткіліксіз. Бұл үдеріске банк секторы да белсенді қатысуы қажет, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. “Үкімет кредит мөлшерлемесін субсидиялау арқылы банк қаржысын тарту туралы бастама көтерді. Қаржы секторы осы міндетті орындауға белсенді қатысуға тиіс. Үкімет Кепілдік қорын құру мәселесін пысықтап жатыр. Бұдан бөлек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан «ұзақ мерзімге берілетін» қаржы тартылады. Бұл – жеткіліксіз. Нақты секторды кредиттеу көлемін арттыру үшін басқа да ұсыныстар қажет. Мен Үкімет отырысында Ұлттық қор ел экономикасының бір бөлшегі екенін айттым. Кейбір шолушылар, қоғам қайраткерлері Үкіметтің Ұлттық қордан жиі әрі көп қаржы алатынын айтады. Бұл –…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі көктемгі су тасқыны мен көшкін қаупі жоғары аймақтарға жұмыс сапарымен барып, жағдайды көзбен көріп, бақылау жүргізді. Инспекция барысында ол бірқатар маңызды нысандарды аралап, жауапты тұлғалардың есептерін тыңдады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ең алдымен, Іле ауданындағы Жармұханбет өзені бойындағы су басу қаупі бар аумаққа барды. Мұнда Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының әкімдеріне су тасқынының алдын алу шараларын күшейтіп, инженерлік құрылыстардың дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Одан кейін Талғар, Есік және Түрген өзендері бассейндеріндегі мореналық көлдерге әуе шолу жасалды. Әсіресе, қауіпсіздік шараларын күшейту мен жаңа бөгеттер салу қажеттілігі бар аймақтарға ерекше назар аударылды. «Халықтың қауіпсіздігі – басты міндет. Табиғи қауіп-қатерлерге жедел…

Толық оқу

Жетісу облысында сот Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев тарапынан зорлық-зомбылық құрбаны болған қызға қатысты істі қарап жатыр. Ол «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталып отыр. Онымен бірге сүйіктісі және хатшы да айыпталып отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Іс материалдарында мынадай мәліметтер айтылған: Күштібаевтың жұбайы зорлық-зомбылық құрбанына сот хатшысы арқылы 40 миллион теңге берген. Бұл ақша үшін ол соттағы айғақтарын өзгертуі керек болған. Қыз ақшаны алған, бірақ айғақтарын өзгертпеген, ал Күштібаев «Қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлық-зомбылық қолдану арқылы зорлау» бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыдан кейін Күштібаевтың әйелі алаяқтық дерегі бойынша полицияға арыз жазған. Сот хатшысы да құқық…

Толық оқу

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс. Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны…

Толық оқу