Жетісу облысында Наурыз мерекесіне орай өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджіне 26 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері, педагогтер мен ата-аналар қатысып, олар бірігіп бірнеше күй тартты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған челленджде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» және Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйлері орындалды. Талдықорған қаласындағы музыкалық шарада 300 домбырашы Оқушылар сарайының маңындағы алаңға жиналып күй тартты. Солардың ішінде қаладағы № 2 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жансая Қайролқызы да бар: – Менің домбыра тартып жүргеніме 5 жылдай болды. Осы челленджге екінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Бүгін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Соңғы жылдары мыңдаған отбасы көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізді, ал тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай өсті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда облыста тұрғын үй кезегінде 39 514 адам тұр, олардың ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 3 адам, жетім балалар – 4 723, көпбалалы отбасылар – 12 328, әлеуметтік осал топтар – 15 003, бюджет саласының қызметкерлері – 7 446, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар – 11. 2024 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға…
Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласында Наурыз мерекесіне арналған ауқымды шаралар алғаш рет өтті. Мерекеге шамамен 5000 тұрғын мен қонақ қатысты. Бұл шара бүкіл қала үшін жарқын әрі ерекше оқиғаға айналды. Қаланың ауқымдылығын ескере отырып, мерекелік іс-шаралар бірден екі шағын ауданда – Ынтымақ пен Жетігенде қатар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндағы мақсат – әрбір тұрғынның осы шуақты мерекенің атмосферасын сезінуіне мүмкіндік беру. Әр шағын ауданда киіз үйлер тігіліп, келген қонақтарға дәстүрлі тағамдар тегін ұсынылды. Мерекелік көңіл-күйді танымал әртістер мен жергілікті шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері толықтырды. Сахнада 5 музыкалық ансамбль, 5 жеке орындаушы, 3…
По поручению акима города Алматы Ерболата Досаева в 2025 году будет повышена заработная плата на 30% работникам социальной сферы и образования, включая педагогов-психологов. Акиматом Алматы внесен проект первого уточненного бюджета на 2025 год. В целом уточненный бюджет остается социально-ориентированным. Расходы на социальную сферу увеличиваются на 51,5 млрд. тенге до 945,8 млрд тенге, что составляют почти 40% от общих расходов бюджета. Об этом сообщил заместитель акима города Аскар Амрин в ходе очередной XXVIІI сессии маслихата Алматы. – По поручению акима города Алматы Ерболата Досаева данный проект бюджета предусматривает повышение заработной платы на 30% административному и вспомогательному персоналу сферы социального обеспечения и…
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2003 жылғы ЮНЕСКО Конвенциясы аясында жергілікті қауымдастықтардың материалдық емес мәдени мұрасын (МЕММ) қорғау бойынша ауқымды жобаларды іске асыруда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл – Қазақстанның ұлттық бірегейлігінің маңызды бөлігі саналатын мәдени дәстүрлер мен тәжірибелерді одан әрі сақтау үшін стратегиялық тұрғыда қажет жоба. Осы бастама аясында министрлік ЮНЕСКО-ның техникалық грантын іске асыру үшін Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл әріптестік аймақтық деңгейде материалдық емес мәдени мұраны жүйелі түрде сақтау мен дамыту үшін маңызды. Жобаның негізгі міндеттері – материалдық емес мәдени мұра элементтерін қорғау, дамыту және жан-жақты…
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы педагог-психологтарды қоса алғанда, әлеуметтік сала мен білім беру қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға арттырылатын болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Алматы мәслихатының кезекті XXVIII сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы әкімдігі 2025 жылға арналған алғашқы нақтыланған бюджеттің жобасын енгізді. Жалпы, нақтыланған бюджет әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр. Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 51,5 млрд.теңгеге 945,8 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды, бұл бюджеттің жалпы шығыстарының 40%-ын құрайды. «Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша бұл бюджет жобасы әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру саласының әкімшілік және көмекші персоналына, оның ішінде педагог-психологтарға, сондай-ақ ведомстволық…
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов су тасқыны қаупі жоғары Катонқарағай мен Алтай аудандарында әуе шолуын жүргізді. Ол төтенше жағдайлар қызметі, жұмылдыру дайындығы басқармасы және өзге де сала мамандарымен бірге өзендер мен су қоймаларының жай-күйін тексерді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандарда қардың еруі күшейіп, қар қоры қалыпты мөлшерден 10-20%-ға артық екені анықталды. Мәселен, Алтай қаласы маңында қар қалыңдығы 1 метрден асса, таулы аймақтарда 250 мм-ге дейін жетеді. Бұл қардың су қоры шамамен 500 мм-ді құрайды. Ал Катонқарағай ауданында қар биіктігі 30-50 см аралығында болса, су қоры 100 мм шамасында. Гидрологиялық жағдай әзірге тұрақты.…
Тарихтан белгілі ата-бабаларымыз Наурыз мерекесін он күн бойы тойлап, оны «Наурызнама» деп атаған. Осы орайда Наурыз мейрамына тән салт-дәстүрлер де қалыптасқан. Оның ішінде ең маңыздысы – жаңаруға, тазалыққа бет бұру. Наурыз мейрамының мәні тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмірін, ортасын тазартуға деген ұмтылысы. Жаңару күні адамдар үй-жайын, аулаларын қоқыстан тазартып, бұлақ көздерін ашады, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл – Наурыздың басты дәстүрі, табиғат пен адамның үйлесімділігін білдіреді. Бүгін Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері Наурызнама аясында сенбілікке шығып, қоршаған ортаны тазалауға үлес қосты. – Қоршаған ортаны таза ұстау, оның экологиялық жағдайын жақсарту – әрбір адамның парызы. Біз сенбілікке шығу…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала және аудан әкімдері, өңірлік департамент басшылары бейне режимде қатысқан отырыста су тасқыны кезеңіне дайындық, негізгі капиталға инвестициялар тарту және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшылары баяндама жасады. Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін кешенді шаралар қолға алынған. Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың 99%-ын қар басқан. Қардың ең көп мөлшері Көкпекті, Ақсуат, Жарма, Үржар, Аягөз, Мақаншы аудандарында тіркеліп отыр. Бұл аудандарда су…
Бала өз-өзіне қол жұмсау туралы айтқанда, оны елемеуге әсте болмайды. Стаистикалық мәлімттерге назар аударатын болсақ, өзіне қол жұмсаған балалардың 79%-ы бұған дейін мұндай ниетін ашық білдірген, ал олардың 11%-ы – дәл қайтыс болған күні айтқан Осы ретте Ertenmedia.kz агенттігінің тілшілері психолог маман Әлия Жанқожина ханымға хабарласып, мұндай кезде ата-анлардың не істеуі керек екенін сұрады. Өз кезегінде білікті маман ата-аналар баладан мұндай қауіпті сөз естігенде қалай әрекет етуі керектігі жөнінде өзінің алгоритм ұсынды. Маманның айтуынша, ата-аналар суицидтік ойларды көбінесе баланың әлеуметтік желідегі жазбаларынан, күнделігінен немесе баланың өз аузынан естиді. Мұндай жағдайда психолог әңгімені кейінге қалдырмай, бірақ эмоция үстінде бастамауға кеңес береді.…
