Жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келіп, Өскемен қаласында салынып жатқан Гематология орталығын аралады, хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Өскемен қаласында салынып жатқан көпбейінді гематология және кардиология орталығының құрылыс барысымен танысты. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін қайтарылған активтер есебінен 33,6 млрд теңге бөлінген. Негізгі ғимарат 148 төсек-орынға есептеліп, құрылыс жұмыстарының 80%-ы орындалды. Қазір нысанда 120 адам еңбек етуде, мамыр айына дейін бұл көрсеткіш 350–400 адамға дейін артады деп жоспарлануда. Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады: 256 кесінділік компьютерлік томограф, екі ангиографиялық жүйе, екі проекцияда суретке түсіруге…
Автор: Асылхан Бөрібай
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдегі медициналық нысандарды аралап, болашақ мамандарды дайындайтын оқу орындарының жұмысымен танысты, хабарлайды Ertenmedia.kz Сонымен қатар елімізде баламасы жоқ гематологиялық орталықтың құрылыс барысын бағалады. Өскемендегі медициналық колледжде министр оқу кабинеттерін, практикалық дайындыққа арналған құрал-жабдықтарды қарап шықты. Оқытушылар және студенттермен кездесуде Ақмарал Әлназарова медицина білімінде болатын алдағы өзгерістерге тоқталды. Кездесуде оқу бағдарламаларын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірдегі медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл және білім беру процесін жетілдіру ұсыныстары талқыланды. Студенттер интернатурадан өту жағдайларын жақсарту мен жас мамандардың жалақысы туралы сұрақтар қойды. Өскемен…
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді деп, хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде Алматыда 1 366 ескі үй бар, оның 40%-дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан. «Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелерінде 13 жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алтай — 2 шағын ауданында 6 бұзылған үйдің орнына тоғыз қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзу жоспарланып отыр, одан кейін 8 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады», — деді Ерболат Досаев. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарламада…
Швейцариядағы Рейл дейтін шағын банкте Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның 166 млн доллары сүрленіп жатыр. Бұл туралы халықаралық зерттеуші журналистердің OCCRP ұйымы хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Банк талай жыл бойы Орта Азиядағы автократтардың туған-туысына адал қызмет көрсеткен. OCCRP-дің дерегінше отыз жыл бойы Қазақстанның «қызығын» көрген Құлыбаева байлығының бір бөлігін Рейл банкке тасыған. Банктің басқарушы директоры Франсуа Рейл Динараға тиесілі активтің есеп-қисабын жүргізген. Бұдан бөлек Рейл Құлыбаеваға Франциядан зәулім сарай сатып алуы үшін 25 миллион еуро көлемінде несие берген. Қазір Женева прокуратурасы Reyl банкінде жатқан 166 млн доллардың шығу тегін анықтап жатқан көрінеді. Құлыбаеваның қорғаушысы мұншама алапат ақша қайдан келді, қайдан шықты…
Биыл 1 наурыздан бастап Түркістан облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Науқан барысында 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Түркістан облысы Қорғаныс істері Департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Әскерге азаматтарды шақыру – бұл Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтауға бағытталған маңызды шара. Биыл көктемде Түркістан облысынан 2500-ден азамат шақырылып, олар бүкіл ел аумағында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Жоспар бойынша күзгі науқан кезінде де 2500 азамат әскерге шақырылмақ. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр»,- деді…
Астана халықаралық форумы биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысынан кейінгі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген, алайда биыл бұл қаулының күші жойылған. Форумды ұйымдастыруға қатысты барлық шығындар демеушілік жарналар арқылы жабылады және оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді.
Бүгін Алматыда блогер, «Qaznews24» паблигінің иесі Темірлан Еңсебекке қатысты сот процесі басталды. Процесс Наурызбай аудандық сотында өтіп жатыр. Темірлан Еңсебек ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен сотқа тартылуда. «Даудың басы Дайрабайдың көк сыйыры» дегендей: 2024 жылдың 21 қаңтарында Т.Еңсебек өзінің танымал арнасында «Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатал жауап жазды» деген материал жариялады. Бұл жарияланымда ұлтаралық сипаттағы арандатушылық мазмұндағы ән мен (әнді орындаушы белгісіз), оның ішінде орыс ұлтының өкілдеріне қаратылған «бейәдеп» сөздер бар делінеді. Сот арнайы сараптама жасатқан. Сараптама Т.Еңсебектің жарияланымында «этникалық орыстарды қорлау белгілері бар» деген қорытынды шығарған. Процесс барысында судя Т.Еңсебектің қоғамдық қорғаушысы, әкесінің сот жүргізу тіліне қатысты көтерген…
«Отты жылдар әндері» фестивалі Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу мақсатында Қалалық мәдениет сарайында өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Соғыс әндері – Ұлы Отан соғысының қайғылы да қаһарлы кезеңін бейнелейтін музыкалық жылнама, сол уақыттағы оқиғаларды бүгінгі ұрпаққа жеткізудің әсерлі жолы. Біздің қаламыз да бұл тарихи кезеңнен тыс қалған жоқ – мұнда екі атқыштар дивизиясы жасақталып, майдан үшін жұмыс істеген ірі өндіріс орындары эвакуацияланып орналастырылды, эвакогоспитальдар жұмыс істеді. «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» деген ұранды сол кездегі семейліктер жүрекпен қабылдады. Сол оқиғалардың мән-маңызын ұмытпау қажеттігін Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев атап өтті. – Сіздерді Жеңістің…
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Биыл жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқан 2 000-нан астам жастың бес жылдық жалдау мерзімі аяқталады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бағдарлама жастар үшін үлкен мүмкіндікке айналды: олар төмен бағамен пәтер жалдап, осы уақыт ішінде өз баспанасына бастапқы жарна жинай алады. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жастарға қолдау көрсету мақсатында, өңірлік деңгейде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар аясында арнайы квота бөлінді. «Отбасы банк» арқылы ұсынылатын жеңілдетілген несие шарттары төмендегідей: Бастапқы жарна: 10% Жылдық мөлшерлеме: 5% Ең жоғары сома: 20 млн теңгеге дейін Несиелендіру мерзімі: 19 жылға…
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Магнум дүкендер желісі курьері мен тұтынушының арасындағы дауға қатысты өз ойын білдірді. Депутат бұл мәселені «Еңбек кодексі» аясында шешу керектігін алға тартты, , – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Біріншіден, манипуляцияға жол беруге болмайды. Мен бұл мәселені зерттеп, қарадым. Орын алған мәселе «Еңбек кодексі» аясында реттелетін дүние. Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, қазақ тілі қорланып жатыр деген әңгіме туғызуға боламайды. Бұл – жеке бастың дауы. Екі адамның арасындағы дауды бастан-аяқ жазып алған бейнекамералар жоқ. Қандай әңгіме айтылғанын біз білмейміз. Сол себептен, Магнум да, қоғамдағы көп белсенділер…










