Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысыМырзағали Айтжанов пен өзге де мамандар қызметінен босатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған. «Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер болды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, ерлер құрамасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Осылайша келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз: 1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. 2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — деп жазылды ресми хабарламада.
Автор: editor
Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзін қолдаған жандарға, бокс федерациясының басшылығына шақырғандарға алғыс білдіріп, қазіргі бокстың хал-ахуалы туралы айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оның сөзінше, басшылыққа таласы жоқ, дегенмен бұл орынға кім келсе де оңайға соқпайтыны анық. «Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рахмет! Мен бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта берем! Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер… Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет.…
Қонаевта Қазақстанда атом электр станциясы салу турасында қоғамдық талқылау өтті. Тамыздың 14-інде Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы облысының тұрғындары қатысты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – еліміздегі өзекті электр энергиясына тапшылық мәселесін шешу. Сарапшылар атом энергетикасын дамыту жоспары туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігіне баса назар аударды. Аймақ тұрғындары пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған қауіпсіздік, экономика, экология мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. «Өркениеттің жетістіктерін тиімді пайдаланатын мемлекет қана дамып, алға жылжиды. Егер қуатты электр көзімен қамтамасыз етілмесе, ел дамудың жоғары деңгейіне жете алмайды. Экономиканы өркендету, өндірістер мен…
Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұған дейін агенттік залалды өтеу ретінде Қ. Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке беру туралы хабарлаған болатын. Олардың ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы бар, ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді. Елордада құны 5 млрд…
Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты істе мемлекет пайдасына қандай мүлік тәркіленгені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына Қостанай облысындағы құны 5,6 триллион теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар бірегей «Шевченковское» кен орны берілді», — деп жазылған хабарламада. Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оқиға кеше 21:50 шамасында KC7326 рейсінде, Шымкенттен Астанаға ұшып келген кезінде болған. «Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ», — деп жазды ол. Журналист мұның жауапсыздық екенін, әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті екенін…
Антикор БАҚ-та Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы делінетін Азамат Қапеновты іздеп жатыр. Бұл туралы Еділов жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бұған дейін ол Ресей Федерациясында іздеуде болған еді», — деп жазды Еділов. Nege.Aqsha мәліметінше, ол бұрынғы ҰҚК басшысының үлкен қызына үйленген, алайда кейін ажырасқаны айтылады. «Құзырлы органдар «БИПЭК-Автоға» қатысты мүдделі болуы мүмкін. Мұны Қапеновті ШҚО бойынша Антикор департаменті іздеп жатқаны көрсетеді», — деп жазылған деректе.
Мұратхан Тоқмәдиге қатысты тың дерек шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Orda.kz мәліметінше, Тоқмәди әзірге колонияда жазасын өтеп жатыр. Бұған дейін Ержан Тәтішевті өлтірді деп сотталған Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. Бұл шешім 26 шілдеде шыққан. Соттың шешімі 15 жұмыс күнінің ішінде заңды күшіне еніп, Тоқмәди 10 тамызда бостандыққа шығуы керек болған. Алайда зардап шеккен тарап іске араласа бастаған. Тәтішевтің отбасы Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шығуына қарсы болған. Олардың адвокаты Тәтішевтің отбасы Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын шығатыны туралы бейхабар болғанын айтқан. Сондықтан Қонаев сотының шешімін Алматы облысының апелляциялық коллегиясы қайтадан қарастыратыны белгілі болды. Басылым…
CNBC Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, спорт қауымдастықтарынан сыйақы мөлшері туралы ақпарат жинаған. Қазақстан алғашқы бестікке кіреді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ең алғашқы орында Гонконг тұр, алтын медаль алғандарға 768 мың доллар береді. Бұл шамамен 366 миллион теңгеден асады. Сингапур да бұдан қалыс қалмайды. 745 мың доллар береді. Ал Қазақстан бестікті аяқтайды, Олимпиада чемпиондарына 250 мың доллар береді. Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41-орында тұр.
Дикий Арман Президент пен Қазақстан халқына үндеу жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz kursiv.media-ға сілтеп. Оның үндеуін бүгін адвокаты Елена Жигалёнок оқыды. Арман Жұмагелдиевтің айтуынша, оны «қылмыстық істі бұрмалау және пропагандалық сипаттағы фильмдер түсіру» арқылы «Қаңтардағы» тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы етіп шығармақ. «Ұялатын түгім жоқ, керісінше. Сын сағатта заң күзетінде болғанымды және өз елімді қорғағанымды мақтан тұтамын. Алланың қалауымен «Қаңтар» бойынша барлық жайт Президентке жетеді деп және менің дәлелдерімді тексеріп, Арман сатқын емес, батыр екеніне көз жеткізеді деп үміттенемін», — деп жазды Жұмагелдиев. Дикий Арман «шындықты бәрі білсін» деп ашық сотты сұраған. Арман Жұмагелдиев Алматыда 2022 жылғы 7 қаңтарда Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталды.…