ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Магнум дүкендер желісі курьері мен тұтынушының арасындағы дауға қатысты өз ойын білдірді. Депутат бұл мәселені «Еңбек кодексі» аясында шешу керектігін алға тартты, , – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Біріншіден, манипуляцияға жол беруге болмайды. Мен бұл мәселені зерттеп, қарадым. Орын алған мәселе «Еңбек кодексі» аясында реттелетін дүние. Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, қазақ тілі қорланып жатыр деген әңгіме туғызуға боламайды. Бұл – жеке бастың дауы. Екі адамның арасындағы дауды бастан-аяқ жазып алған бейнекамералар жоқ. Қандай әңгіме айтылғанын біз білмейміз. Сол себептен, Магнум да, қоғамдағы көп белсенділер…
Автор: Асылхан Бөрібай
Талдықорған қаласындағы Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет ашық аспан астында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Хакатонның басты мақсаты – жастардың назарын өңірдегі экологиялық мәселелерге аудару және оларды шешуге жұмылдыру. Сонымен қатар, 20 жасқа өз идеяларын ұсынуға және нақты экологиялық жобалар әзірлеуге мүмкіндік берілді. Акция аясында экология тақырыбында панельдік пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар 4 топқа бөлініп, өз жобаларын ұсынды. Қазақстан студенттерінің Альянсы Жетісу облыстық филиалының белсендісі Кариманова Ұлпан: «Бүгінгі «Eco Hackathon» шарасы барысында қатысушылар экологияны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру және экосаулықты сақтау бойынша түрлі идеялар мен шешімдер ұсынды. Үздік…
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Келтірілген мәліметтер экономиканың едәуір жетістіктерін, өмір сүру сапасының жақсаруын және бюджет кірістерінің өсуін көрсетеді. 2024 жыл өңірдің экономикалық дамуындағы маңызды кезең болды. Шығыс Қазақстан облысына тартылған инвестициялар көлемі 116%-ға өсіп, 770 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіпте өсім 103%-ды, ауыл шаруашылығында – 109%-ды құрады. Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімі 459 миллиард теңгеге жетті. Құрылыс саласында да оң динамика байқалады: көлемдер 114%-ға ұлғайып, 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. — Біздің өңіріміздің ерекшеліктері мыналар:…
Түркістан облысының тұрғындарына Солтүстік өңірлерден бос жұмыс орындары ұсынылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлері – табиғи байлығы мол, мүмкіндігі кең, алайда адам күші жетіспейтін аймақтар. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс, білім мен медицина саласында еңбек қолының тапшылығы күн тәртібіндегі өткір мәселе. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолға алынған «Қоныс аудару» бағдарламасы – тек көші-қон емес, болашаққа бағытталған нақты мүмкіндік. Жаңа өңір – жаңа тыныс, жаңа кәсіп пен тұрақтылықтың кепілі. Бағдарлама Түркістан облысында кең көлемде жүзеге асуда. Жетісай мен Мақтаарал аудандарында өткен жәрмеңкеге еліміздің 7 аймағынан келген делегациялар қатысып, 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Халыққа бағдарлама шарттары…
Экономикасын ілгерілетіп, әлеуетін арттыруды мақсат ететін өркениетті елдердің барлығы ғылымына үлкен мән беріп отыр. Себебі, кез келген ұлттың бәсекелестік қабілеті оның білімділігімен, инновациялық дамуымен өлшенеді. Қазір еліміздің де ғылымы мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Озық ғылыми-зерттеу инфрақұрылым қалыптастыруға қомақты қаржы бөлініп, ғылымға жастарды тарту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек», – деп ғылымға ден қойған жастарға қолдау жоғары болатынын жиі еске салады. Ғылым қызметкерлері – бұл университеттің жаны…
Мәжілісте банктердің дивидендтеріне салық салу мәселесі қызу талқыға түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ермұрат Бапидің айтуынша, елдегі банктердің есеп-шотында сүрленіп жатқан қаржының көлемі 55 трлн теңгені құрайды. Бұл Қазақстанның екі бірдей бюджетіне пара-пар. «Бұлар (банктер) жыл сайын қожайындарына миллиардтаған дивидендтер төлейді. Ірі акционерлердің әрқайсысы жыл сайын 100 млн теңгеден астам дивиденд алады, бірақ осы банктік дивидендтер салық салудан босатылған. Жұманғарин мырза, сіз бұған қосарланған салық салуға болмайды дейсіз. Алайда біздің бюджет әлеуметтік бағытқа басымдық беріп отыр. Бюджеттің 53 пайызы әлеуметтік салаға кетеді, экономиканы дамытуға бағытталған шығын 20 пайызға да жетпейді. Ел алдындағы жауапкершілікті арттыру мақсатында банктік дивидендтерге салық салу мәселесін қарауды…
Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тұрғындарды қоныс тойымен қала әкімі Асхат Бердіханов құттықтады. «Қонаев қаласында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүруде. Онымен қоса, халықты баспанамен қамту мәселесіне де аса ден қойылуда. Былтырдан бері 165 отбасыға пәтер кілттері табысталса, бүгін 28 отбасы қуанышқа кенелейін деп отыр. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, біртуар азаматтарымыздың 90-100 жылдығы тойланып, Жұмысшы мамандықтар жылына орай бірқатар іс-шаралар жүзеге аспақ. Осы атаулы күндермен қатар сіздер де көптен күткен пәтерге ие болдыңыздар. Шаңырақтарыңыздың іргетасы мықты, керегесі кең болсын! Ішінде тек қана татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат…
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың YTO Express компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шараға компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Юй Вэйцзяо мырза және Қазақстанның логистика саласының өкілдері қатысты. Кездесуді ашқан өңір басшысы YTO Express компаниясымен әріптестік байланыстар орнаған сәттен бері бұл төртінші кездесу екенін атап өтті. Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында Алматы облысы делегациясының Қытайға ресми сапары барысында тараптар алғаш рет кездесіп, компанияның жобаларымен және ұсыныстарымен танысқан болатын. Кездесу аясында тараптар Алматы облысында YTO Express компаниясының қатысуымен заманауи логистикалық хаб салу жоспарын талқылады. Бұл жоба электрондық коммерция тауарларын қабылдау, өңдеу, сақтау және жеткізу бойынша өңірлік және ұлттық…
Ауа райының жылынуымен елордада жолдарды жөндеу және салу жұмыстары басталды. Биыл қаланың жол инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасы аясында 60-тан астам көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жұмыстар жол төсемінің сапасын қалпына келтіру мен жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігі мен тұрғындардың емін-еркін жүруін арттыруға бағытталған. 10 сәуірден бастап мына көшелерде жөндеу жұмыстары басталады: Алаш тас жолының бойы, 69 көшеден 191 көшеге дейін; Қорғалжын тас жолының бойы, Тұран даңғылынан 128 көшеге дейін; Сығанақ көшесі Қабанбай батыр даңғылынан көлік айрығына дейін (өткен жылы жұмыстар Ш. Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жүргізілген); тұрғын алаптарда – Жаңақоныс, Қарталы,…
Қазақстанда ҚҚС (қосымша құн салығы) мөлшерлемесі 16%-ды құрап, оны төлеу межесі 40 млн теңге болып белгіленді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бұл шешім билік пен бизнестің арасындағы күрделі келіссөздер нәтижесінде қабылданған. «Біз ортақ келісімге келдік. Енді ҚҚС ставкасы 16 пайыз болады. Оның шегі ретінде 40 млн теңгені белгіледік. Бұл көрсеткіш – екі жақтың да ұсыныстарын ескергендегі, ұзақ талқылаудың нәтижесінде қол жеткізген ортақ шешіміміз. Дегенмен, осының салдарынан бюджет 160 мың жаңа салық төлеушісінен айырылып, шамамен 400 миллиард теңге қосымша кірістен қағылады», – деді Серік Жұманғарин. Вице-премьер бюджеттің айтарлықтай шығынға бататынына қарамастан, билік бұл шешімді…










