Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бүгін Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайға орай пікір білдірді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Бүгін Бурабай баурайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен төртінші Ұлттық құрылтай отырысы өтіп, алқалы жиында ауқымды елдік мәселелер ортаға салынды. Мемлекет басшысы осы кезге дейін атқарылған істерді қорытындылап, алдымызға бірқатар маңызды міндеттер қойды. Олардың қатарында салық жүйесін жетілдіруге жеке тоқталып, заңнамаға жедел түрде тиісті түзетулерді енгізуді тапсырды. Мұны алдағы жұмыс барысында депутаттар басшылыққа алатын болады», — деді депутат. Бейсенбаевтың сөзінше, жаңа ақпараттық технологиялардың қарқын алуына орай қазіргі таңда интернет-алаяқтық белең алып алып отыр. «Сол сияқты жалған психологтар мен «коучтардың» да көбейіп, қарапайым халықты сарсаңға түсіріп жүргені…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бір айдан астам уақытқа созылатын ауқымды фестиваль Абай облысының тұрғындарын көктемгі мерекелердің шаттық көңіл-күйімен біріктіреді. 14 наурыздан бастап Абай облысында Наурыз мейрамына арналған ірі мәдени жоба – «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!» фестивалі бастау алды. Фестиваль дәстүрді, өнерді, халық шығармашылығын және іскерлік бастамаларды тоғыстырып, бірлік пен ұлттық жаңғырудың ерекше атмосферасын қалыптастырады. Жобаның сәтті бастамасы – Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу күні мерекесімен тұспа-тұс келді. Алдағы бірнеше апта бойы мәдени бағдарлама облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, шығармашылық, тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынас алаңына айналады. – Абай облысында мұндай шара алғаш рет өтуде. Басты мақсат – аудандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу, –…
Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы IV отырысында Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуін қолдап, бұл мәселе бойынша дау-дамайды тоқтату керектігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент ел аумағында бірыңғай уақытты ұстанудың артықшылықтары басым екенін атап өтті. «Бұл мәселе Үкімет пен Парламентте жан-жақты талқыланып, арнайы зерттеулер жүргізілді. Кейбір қоғам белсенділері күмәнмен қарағанымен, олардың қаупі негізсіз болып шықты. Сарапшылар мен депутаттардың көпшілігінің пікірімен келісемін. Қазақстан аумағы үлкен болғанымен, халық саны аса көп емес. Сондықтан елде бірыңғай уақыт белдеуі болуы – өте дұрыс шешім. Бұл басқару ісін жеңілдетеді, логистиканы оңтайландырады, бизнестің дамуына септігін тигізеді», – деді Тоқаев. Президент сондай-ақ уақыт мәселесін саясиландырып, орынсыз талас тудыруды доғару…
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда АҚШ президенті Дональд Трамп туралы сөз қозғады, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Жаһандану үдерісінің мән-маңызы жоғалып барады. Мемлекеттік ұлтшылдық, ықпал жүргізетін аумақтарды бөліске салу, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну үрдісі алдыңғы қатарға шықты. Демократиялық моральдық делініп жүрген құндылықтар, оның ішінде ЛГБТ көптеген елге ондаған жыл бойы күшпен таңылып, соның желеуімен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар арқылы мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласу белең алды. Оның түпкі мақсаты бар болғаны ұрлық, яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу екен. «Даму мен демократия», «адам құқықтары», «баспасөз бостандығы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» деп ұрандатып жүргендердің бәрінің дерлік жеке байлығы жалақысының мөлшеріне еш сай…
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді. Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып,…
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ономастика саласын ретке келтіру үшін ауқымды жұмыс басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Көшелер мен елді-мекендерге атау беру немесе атауларды өзгерту мәселесіне келгенде жергілікті атқарушы органдар көп қателік жіберген, бұл ретте тіпті, жерлестік пен тамыр-таныстыққа жол берілген. Сондықтан бұл істі орталықтандыру туралы шешім қабылданды. Депутаттар бастамаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде бізде ономастика саласындағы жұмыстың бірыңғай әрі нақты регламенті бар. Алайда тиісті рәсімдерді өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге, бұл жұмыспен тиянақты айналысу керек. Тарихи әділдік қағидатын қатаң ұстану қажет», — деді Президент. Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты. Жиында Мемлекет басшысы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда салық реформасы туралы айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген. Кәсіби мамандар да, жалпы жұртшылық та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігіне түсіністікпен қарайды. Дегенмен ұсынылған шараларға, соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты сын-пікірлер де естіліп қалады. Бірақ мұндай пайым шынайы ахуалға негізделмеген. Түрлі себепке байланысты өзіне ауқымды әлеуметтік міндеттеме алмайтын елдер аз емес. Ал Қазақстанның бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік саланың еншісінде. Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл…
Жетісу облысында Наурызнама онкүндігі бүгін Көрісу күні – «Амал» мерекесімен басталып, оған 1 мыңнан астам адам қатысты. Бұл ретте Талдықорғандағы Б.Римова театрының алаңында өткен іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, мерекеге жиналған қауымды облыс әкімінің атынан орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өнер ордасы алдындағы алаң ұлттық нақышта безендіріліп, Талдықорған театрының әртістері театрландырылған көрініс ұсынды. Көрініс барысында өмірге келген сәбиге ат қою рәсімі атқарылып, адамдардың бір-бірін құрметтеу салты көпшілікке паш етілді. Атап айтқанда, үлкендердің құшақтасып көрісуі, келіннің сәлем салуы, ақсақалдың бата беруі, балаға ат қою сияқты дәстүрлер дәріптелді. Бұдан әрі мерекелік шара Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерттік бағдарламасымен…
Мемлекеттік кірістер комитеті 63 қазақстандық блогер табысын өз еркімен декларациялағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Комитет мәліметінше, 63 блогер 2,8 млрд теңге табысын декларациялап, 105 миллион теңге салық төлеген. «13 наурыздағы жағдай бойынша 63 блогер 2 768,4 млн теңге сомасына қосымша табыс декларациялады, 105 млн теңге сомасында салық төледі», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін желіде блогерлердің тізімі тарады. Оның ішінде Мейрамбек Бесбаев, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздарынан бастап, продюсер Баян Алагөзова, танымал блогер, кәсіпкерлер де бар. Желіні шулатқан борышкерлер тізімінде көш басында блогер Бейбіт Әлібеков тұр. Жанында оның «2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемегені» көрсетілген.…
Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім мекемелерін қорқытып, ақша талап ететін блогерлерді жауапқа тарту керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әкім орынбасарының айтуынша, қаладағы кейбір блогерлер мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерінен ақша бопсалауды әдетке айналдырған. «Қазір өзін «блогермін» деп жүргендердің арасында білім беру мекемелерінен кемшілік іздеп, оны жариялаймын деп қорқытып, ақша талап ететіндер көбейді. Олардың ісі көпшілікке де аян. Білім мекемелерінің басшылары әлеуметтік желіде теріс ақпарат тарап кетеді деп қорыққаннан олардың айтқанына көніп келген», – дейді ол. Сәрсен Құранбек білім мекемелеріне қысым жасаушы блогерлермен күресті күшейтетін уақыт жеткенін атап өтті. «Қорқудың қажеті жоқ. Егер осындай қысымға тап болсаңыз, блогерлерге ештеңе…
