Автор: Асылхан Бөрібай

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауданында жаңа цех ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Үлкен Нарын ауданының жеке кәсіпкері Досан Қасенов «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашып, ет өнімдерінің консервілерін өндіру үшін қажетті жабдықтарды сатып алды. Кәсіпкердің айтуынша, ол күніне 180 кг еттен 600 дана консерві өнімін шығаруға мүмкіндік алады. Досан Қасеновтің бастамасы жергілікті экономиканы дамытуға және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа өндіріс жобасы, әсіресе ет өнімдерін өңдеуге бағытталғандықтан, ауыл шаруашылығы саласының дамуына да үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен қатар, бұл кәсіпорын ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына, жаңа өнім түрлерін шығаруға ықпал етеді. Үлкен Нарын ауданында…

Толық оқу

Танымал саясаттанушы Данияр Әшімбаев Ұлттық құрылтайды сынайтындарға жауап берді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV пленарлық отырысы өтеді. Кейінгі кезде осы кеңес органы туралы түрлі сын-пікірлер айтылып жүр, «Құрылтайдың отырыстары алдын ала жазылған сценарий бойынша өтеді», «Шешімдер жоғарыдан бекітіледі» деген ойлар да бар. Мен бұған келіспеймін», — деді ол. Сарапшының сөзінше, Ұлттық құрылтай және оның алдындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі шын мәнінде қоғам мен билік арасында нағыз кәсіби, шынайы диалог алаңына айналған. «Мұнда сарапшылар, қоғам белсенділері, билік өкілдері арасында қызу талқылаулар болып тұрады. Пікірталастар тек үлкен жиындарда емес, секция отырыстарында, кездесулерде де ашық әрі жанды түрде өтіп…

Толық оқу

Алматыда бұл күндері дератизация белсенді жүргізілуде — қала аумағын қамтитын кеміргіштермен ауқымды күрес. Іс – шара «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы-біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында өтуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2025 жылғы 5 наурыздан 5 сәуірге дейін Алматының сегіз ауданында жалпы ауданы 47 мың гектардан астам жасыл аймақтарды, өзендер мен су айдындарының жағалауларын, арық желілерін, қоғамдық көлік аялдамаларын, контейнерлік алаңдарды және жеке үйлердің жер учаскелерін өңдеу өтеді. Жеке сектордың тұрғындары оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен бірге улы жемді тегін ала алады. Дератизация жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жыл сайын көктемде және күзде жүргізіледі. Кеміргіштермен күресу аясында дератизациядан басқа, қоқыстарды…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Ұлттық құрылтайдың мән-маңызы туралы айтып, бұған дейін құрылтай нәтижесінде қандай өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Кейінгі жылдары Ұлттық құрылтай маңызды алаңға айналды. Бұл — жай ғана талқылау емес, қоғамға өзекті мәселелерін көтеруге, ал билікке оларды нақты заңнамалық негізде бекітіп, іс жүзінде жүзеге асыруына мүмкіндік беретін тетік. Құрылтайда көтерілетін тақырыптардың басым бөлігі әлеуметтік саясат, мәдениет және қоғамдық құндылықтарға қатысты болғандықтан, оның үстіне салалық комитеттің төрағасы ретінде тікелей осы жұмысқа қатысамын. Сол себепті сенімді түрде айта аламын: құрылтай – нәтижеге жеткізетін формат. Құрылтайдың үшінші отырысының қорытындысы бойынша 10 заң жобасына бастамашылық етілді, олардың 9-ына Президент қол қойды. Көпшілігі…

Толық оқу

2021 жылы өзін ұрлап, ұрып-соққан Хасан Қасымбаев екенін мәлімдеген ММА спортшысы Арман Әлімов Шерзат Болаттың  әкесімен мектеп кезінен бері дос болған. Бұл туралы Orda.kz дереккөздеріне сүйеніп жазды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Басылым мәліметінше, істің жаңа қыры – Әлімов пен қаза болған жасөспірімнің отбасы арасындағы болжалды байланыс. Дереккөздің айтуынша, ол Шерзатты жаттықтырған болуы мүмкін. «Әлімов — Шерзаттың әкесінің досы әрі сыныптасы», – деген дереккөз басылымға. Еске салайық, Хасан Қасымбаевқа қатысты «Адам ұрлау», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Бопсалау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Жақында Арман Әлімовтің анасы басылымға ұлының 2021 жылғы маусымда ұрланып, соққыға жығылғанын айтты. «Қазанның соңында бізді Алматы облысының…

Толық оқу

Риддер қаласында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады, ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңашылдыққа облыстың 13 әкімшілік бірлігінің 12-сі қолдау көрсетті. Бұл бастамаға Риддер де қосылды. Бұл бастама еңбек үдерістерін оңтайландыруға және аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Алайда бұл өзгеріс мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер еткен жоқ. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, жаңа жұмыс кестесі ыңғайлы әрі алдын ала болжамды. «Бұл дұрыс және уақытылы шешім. Біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда таңертең қараңғыда жұмысқа бару қажет емес. Екіншіден, таңғы уақытта өнімділік жоғары, жұмыс…

Толық оқу

14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамына арналған Наурызнаманың онкүндігі басталады. Осы 10 күн ішінде Астанада 200-ден астам ауқымды іс-шара – концерттер, көрмелер, спектакльдер, шығармашылық кештер өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 14 наурыз — Көрісу күні 14 наурызда Көрісу күні атап өтіледі. Осы күннің құрметіне №3 бұқаралық кітапханада «Көрістім барша қазақпен» тарихи-ағарту кеші өтеді. Достық үйінде «Ұлы Еліміздің Көрісу күні – Амал мерекесі» атты іс-шара өтеді. Сол күні М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Достық керуені» ұлттық мәдени фестивалі, ал әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Наурыз шашу» театр марафоны ұйымдастырылады. 15 наурыз — Қайырымдылық күні 15 наурыз Қайырымдылық күніне арналған. Оның құрметіне 14 наурыз күні сағат…

Толық оқу

ШҚО прокурорлары мұғалімдердің іс-сапар шығынын өтеткізді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ШҚО Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасы сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іс-сапар шығыны төленбегенін анықтады. «171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іс-сапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асты», — деп жазылған хабарламада. Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іс-сапар шығыны төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де тіркелген. Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстазға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.

Толық оқу

Жетісу облысында «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты тақырыпта форум өтіп, оған жұмыс беруші кәсіпорындар, білім беру мекемелерінің өкілдері, студенттер – жалпы саны 150-ден астам адам қатысты. Форум аясында өңірдегі колледждер мен іргелі кәсіпорындар арасында 10 меморандум жасалды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған меморандум өз кезегінде техникалық колледж студенттерінің тәжірибеден өтуіне және бітірушілердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Келісім жасалған кәсіпорындардың арасында «Қайнар АКБ» аккумулятор зауыты, «Ақсу Қант» ЖШС, «JLC Сүт» ЖШС, «Жаркент крахмал-сірне зауыты»  ЖШС, «Казсушар» РМК Жетісу филиалы т.б. бар. Форумға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев өңірде жастарды жұмысшы мамандықтарына тартуға…

Толық оқу

Түркістан облысында салық түсімі 775 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ерлан Тұрысов Мемлекеттік кірістер органдары өз құзіреті шеңберінде салық және кеден заңнамаларының сақталуына бақылау жұмыстарын атқаратынын да айта кетті. «Түркістан облысында Мемлекеттік кірістер департаментімен өткен жылы мемлекеттік бюджетке 775 млрд теңге салықтық түсімдер түсіп, бекітілген жоспар 100%-ға орындалған. Сондай-ақ, салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 36 млрд теңгеге жуық қосымша кіріс көздері анықталып, өндірілді. Мемлекеттік кірістер органдары өз құзіреті шеңберінде салық және кеден заңнамаларының сақталуына бақылау жұмыстарын да атқара отырып, көлеңкелі экономикамен күрес жүргізеді. Мәселен 2024 жылы…

Толық оқу