Елорданың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінен кейін қаланы санитарлық тазалау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Елорданың Байқоңыр ауданында санитарлық тазалау жұмысы қызу жүріп жатыр. Көпірлер, қоршаулар, аялдамалар, тротуарлар, жиектер, жол белгілері күн сайын жуылады. Қауіпсіздікті жақсарту мақсатында ағаштарды санитарлық кесу және шөп қырқу жұмыстары жүргізілуде. Ауданды көгалдандыру аясында жаңа жасыл алқаптар отырғызу алаңдары дайындалуда. Сондай-ақ жұмыс көпірлерді, қоршауларды, балалар ойын алаңдарын жөндеу және сырлау, сондай-ақ қоқыс жәшіктері мен контейнерлерді жөндеуден тұрады. Ауданды санитарлық тазалауға 123 арнайы техника мен 470 жұмысшы жұмылдырылған. Дәл осындай жұмыс Алматы ауданында да жүргізіліп жатыр. Мұнда ағаштарды кесуге, аялдамаларды тазалауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Кең ауқымды тазалау ыңғайлы қалалық…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл толуына орай «Қажымұқан – әлем таныған тұлға» тақырыбындағы мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәдени шара күш атасы Қажымұқанның ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Арнайы рәсімнен кейін аудан әкімі Азат Оралбаев сөз сөйлеп, алып тұлғаның ерлік еңбектерін еске түсіріп, оны дәріптеу мақсатындағы спорттық мәдени шараларға тоқталды. Палуан атамыздың атағын паш етуде айрықша айтатын жайт Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы алып ғимарат мәдени-спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ашылуына санаулы күндер қалғанын атап өтті. Содан кейін Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және спорт қайраткерлері, ауыл ардагерлері оның өнегесі жайлы айтып, алып атамыздың ұрпағы Ескермес Меруерттің палуанның өмір тарихына арналған баяндамасы тыңдалды.…
Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жастар жанашырлары Нұрия Ниязова, Ғылым және білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, барлық өңірден келген Ассамблея жастарының көшбасшылары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форум қатысушыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, басқосу жұмысына сәттілік тіледі. «Баршаңызды бірліктің ұйытқысы болып, еліміздегі этносаралық достық пен толеранттылықтың үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өздеріңізбен Қазақстан халқы…
Алматыда сот шешімімен құрылысы аяқталмаған нысан бұзылып жатыр. Алматының қала құрылысы бақылау басқармасының мәлімдеуінше, Гагарин даңғылы, 284 мекенжайындағы құрылыс нысаны заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұған дейін нысан иесіне (жеке тұлға) қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Сонымен қатар, нысанның іргетасына металл құрылымдар орнату кезеңінде құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын. Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2024 жылғы 22 ақпанда сот бұл талапты қанағаттандырды. Нысанды бұзу жұмыстары Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында 2023…
Екі жыл бұрын Қостанайға қоныс аударған белгілі педагог Сәрсенбек Бақытұлының айтуынша, өңір әлі күнге дейін қазақыланбаған қалпында қалып отыр. Өңірде қазақ мүддесі үшін жұмыс істеп жатқан азаматтардың саны санаулы. Осы жолда жүрген белсенділер көптеген кедергімен бетпе-бет келуде, — деп жазады Ertenmedia.kz. «Қостанайға келгелі түсінгенім, бұл қаланың аты қазақ болғанымен, заты орыс. Солтүстіктегі көршінің провинциясы ма дерсің. Өңірдегі 70 пайыздан астам бала орыс тілінде оқиды. Қазақ мектептерінің жайы мәз емес», — дейді Сәрсенбек Бақытұлы. Айтуынша, қазақ мектебіне барған балалардың көпшілігі ана тілінен мақұрым. «Таза қазақ мектебінде оқитын балам «Ешкіммен сөйлесе алмадым. Дос таппадым. Әке, кетейікші» деп күнде мазамды алады. Тіпті бір…
ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада басталды. Бірінші іс-шаралардың бірі ретінде өңірдің жоғары оқу орындары арасында студенттер флешмобы өтті. Облыстың жастары «Дропперлерге NO!» ұранымен акция өткізді, бұл арқылы олар өз құрдастарына күмәнді қаржылық схемаларға қатысудың қаупін еске салды. Акцияның мақсаты — студенттердің назарын цифрлық алаяқтық мәселесіне аудару, заңсыз схемаларға тартудың алдын алу, мұндай схемаларда жиі сенгіш адамдар — дропперлер пайдаланылатынын ескерту. Жастар замандастарын саналы болуға және тартымды көрінгенімен, қауіпті ұсыныстарға алданып қалмауға шақырды. Айта кету керек, олимпиада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өтуде. Бұл жоба аясында 7 мен 11 сәуір аралығында Экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлері облыстағы университеттер мен колледждерде оқыту…
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында химиялық өнім шығаратын кәсіпорынға колледж студенттерінің танымдық экскурсиясы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 30-дан астам студент Қонаев қаласында орналасқан «Бағашар Мекен» зауытына барып, өндірістік цехтардың, зертханалардың жұмысын көріп, сапаны бақылау жүйесімен танысты. Сапар барысында колледждер, кәсіпорын және «Жастар Рухы» ұйымы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі мен үздік түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беру көзделген. «Біздің мақсатымыз – жастардың теориялық біліммен қатар нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауына жағдай жасау. Жас мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі», – деді «Жастар Рухы» ұйымының Алматы облыстық филиалының…
Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде әлеуметтік инфрақұрылымдардың жай-күйі едәуір жақсартылып, әлеуметтік нысандарды жаңарту 52%-ға жетті. Осы орайда 15 жаңа мектеп салынып, іске қосылды. Соның нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды. Ал биыл 1080 орынды 4 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыста үш ауысымды мектептер жоқ, дегенмен оқушы орындарының жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында заманауи материалдық-техникалық базамен жадықталған жаңа мектептер салу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыс құрылғалы бері 5310 орынды 15 мектеп жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақсу, Сарқан, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында 2 мектептен, Көксу ауданында 3 мектеп, Панфилов ауданында 4 мектеп тұрғызылды. Оның ішінде…
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы алматылықтардың ең танымал және сүйікті жерлерінің бірі әрі кешенді абаттандыру жұмыстары аяқталып қалған Сайран көлінің аумағын аралап көрді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жағажай аймағы, жаяу жүргіншілер маршруттары және белсенді демалыс аймақтары бар заманауи жағалауды құру жобасы ауданы 47,6 га учаскеде іске асырылуда. Бүгінгі таңда жағалау сызығын нығайту, инженерлік желілерді салу және бөгет салуды қоса алғанда, негізгі құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Қазір жабынды төсеу, шағын сәулет пішіндерін орнату және аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс сапары барысында әкім тротуар бөлігін абаттандыру бойынша ескертулер берді: плиткаларды төсеу жобалық белгілер мен құрылыс стандарттары бойынша тегіс және жайлы әрі қауіпсіз жасалып, қалалық…
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Ғылым декадасы – 2025» айлығының ресми ашылуы өтті. Аталған ғылыми шара «XXI ғасыр: ғылым және инновациялар» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Конференцияны университеттің Басқарма-төрағасы – ректоры Ермек Бөрібаев ашып, ғылым декадасының салтанатты ашылуымен құттықтады. «Ғылым қызметкерлері күніне орай білім ордасында сәуір бойы университетішілік, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде жүзге жуық түрлі ғылыми іс-шаралар өтеді. Жас ғалымдарды ынталандырып, олардың инновациялық жобаларын ілгерілету мақсатында Ғылым декадасын арнайы жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен бастап отырмыз. Өткен аптада стартап жобаларының байқауы өтсе, Құқық және экономика факультетінде «Құқық, экожүйелер және тұрақты дамуды зерттеу» орталығы…










