Автор: Асылхан Бөрібай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, сол азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», — деп жазылған хабарламада. Оқиға қалай болған? Әуежай өкілдерінің сөзінше, оқиға 7 наурызда әуежайдың ұшу алдындағы тексеру аймағында болған. Сағат 11:45 шамасында өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам ішкі терминалдағы (Т1) рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің скрининг қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, бірақ ер адам скрининг офицерін шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған. 7 минуттан кейін әуежайдың желілік полиция бөлімінің…

Толық оқу

Талдықорған қаласында жылына 150 мың тонна тегістегіш болат шар өндіретін жаңа зауыт салынбақ. Бұл ретте облыс экономикасына 85 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылып, 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру өңірдің тау-кен металлургия саласына тың серпін береді деп күтіліп отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы жобаны жүзеге асыруға қатысты жуырда Астана қаласында KAZ Minerals Тобы мен чилилік Compania Electro Metalurgica SA (ME Elecmetal) өзара келісімшартқа қол қойды. Аталған ресми шараға еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшылығы, елшілік өкілдері, компаниялар қызметкерлері, сол сияқты өңірден Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов қатысты. Ә.Қанағатов өз сөзінде…

Толық оқу

Халық санындағы әйелдер үлесі 51,1% болады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамға жетеді, бұл — еліміздегі жалпы халық санының 51,1%-ы. Кейінгі он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Әйелдердің 64,4%-ы қалаларда, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана. Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған: 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен. Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн-ы 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны -…

Толық оқу

Алматыда ер адам әуежай қызметкерін кепілге алған, —  деп хабарлайды ErtenMedia. Әуежай өкілдерінің сөзінше, оқиға бүгін, 7 наурызда әуежайдың ұшу алдындағы тексеру аймағында болған. Сағат 11:45 шамасында өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам ішкі терминалдағы (Т1) рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің скрининг қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, бірақ ер адам скрининг офицерін шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған. 7 минуттан кейін әуежайдың желілік полиция бөлімінің (LPD) қызметкерлері және Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамның пышағын тартып алған. Қазіргі уақытта ер адам полиция бөлімінде, құқық қорғау қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Толық оқу

Семейде Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кеңес өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли, өңірдің қала-аудандарының әкімдері, тиісті басқарма басшылары, шаруа қожалығының жетекшілері қатысты. Ауыл әкімдері отырысты бейне режимде көрді. Кеңесте облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев «Ауыл аманаты» бағдарламасының өңірде іске асырылу барысы туралы баяндады. 2023 жылы бағдарлама аясында 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 365 жеңілдетілген шағын несие берілген. 280 жұмыс орны құрылып, 210 жеке кәсіпкер тіркелді. Нәтижесінде 340 тонна ет, 10 тонна бал өндірілген. Бағдарламаның көмегімен ашылған наубайханаларда 216 мың бөлке нан шығарылған. Биыл облыс 1 млрд. теңге сомасына…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың республикалық тұжырымдамасының негізгі қағидаттары толық орындалып, өңірлік ерекшеліктерге бейімделуде.  Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, дағдарыс орталықтарының, әлеуметтік бағдарламалардың нәтижесінде әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді араласу деңгейі артты. Кәсіпкер әйелдерге гранттар бөлініп, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіліп келеді. Облыста 380 мыңнан астам әйел тұрады, бұл жалпы халық санының жартысынан астамын құрайды. Өңірде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия, сондай-ақ аудандық және қалалық комиссиялар жұмыс істейді. Олардың құрамында мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ғалымдар, журналистер, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарының өкілдері бар. Сарапшылардың кең ауқымды қатысуы…

Толық оқу

Президент қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Бүгін мен баршаңызды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрамды шын мәнінде сұлулықтың көрінісі деуге болады. Себебі әйел жаны қашанда әдемілікке жақын. Аруларымыз әлемге сүйіспеншілікпен қарап, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүреді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаған. Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні…

Толық оқу

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,50% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады. Шешім қабылданғанда нақты деректерді, жаңартылған болжамдар мен инфляциялықтәуекелдердің балансын бағалау барысы ескерілген. Бағаның ағымдағы өсу қарқыны жоғары деңгейге жетіп келеді. Бұл өз кезегінде ақша-кредит шарттарын айтарлықтай жеңілдетеді. Сондықтан инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін белсенді әрі пәрменді шаралар қажет. Инфляцияның барлық көрсеткішінде өсу байқалады. Жылдық инфляция ақпанда 9,4%-ға дейін жеделдеді. Барлық компонент бойынша бағаның өсу қарқыны жеделдегені байқалады. Әсіресе қызметтер бағасының өсуі айтарлықтай үлес қосып отыр. Ақпанда айлық инфляция едәуір өсіп, орташа тарихи динамикадан айтарлықтай асып түсті. Айлық базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция көрсеткіштерінен (тиісінше, ақпанда бір жылға есептегенде – 14,2% және 16,9%) фискалдық ынталандыру және тұтынушылық кредит берудің (2024 жылдың қорытындысы…

Толық оқу

Көптеген қазақстандықтар Қытайда сатып алған заттың ақысын Kaspi.kz мобильді қосымшасында Alipay+ сервисі арқылы төлейді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жеке кәсіпкерлер де бұл сервисті, мысалы, Қытайдан тауар сатып алу үшін пайдаланатын. Ол үшін алдымен Kaspi Pay бизнес-шотынан Kaspi Gold картасына ақша аудару керек болатын. Енді жеке кәсіпкер тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасай алады. Бұл ыңғайлы және валюталық заңнаманың талаптарына толық сәйкес келеді. Сатып алған заттың ақысын Kaspi Pay шотынан төлеу Kaspi.kz серіктестері – барлық ЖК-ге қолжетімді. Толығырақ серіктестерге арналған Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

Толық оқу

92 миллион теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, 92 020 000 теңге жымқырған. Сот үкімі Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. «Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, 23 жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды», — деп жазылған хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу