Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

2025 жылы Алматы индустриалды аймағында (АИА) жалпы инвестиция көлемі 135,5 млрд теңге болатын 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2 662 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Жаңа кәсіпорындардың қатарында 6 өндірістік нысан мен 5 шағын өнеркәсіптік парк (ШӨП) бар: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – қытай брендтерінің жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт; Astana Motors Engineering – қойма кешені; ALTRA TYRES – автокөлік шиналарын қайта өңдеу және резеңке техникалық бұйымдар шығару зауыты; BLACK BIOTECHNOLOGY – биоқоспа мен тыңайтқыш шығаратын зауыт; Kapital Construction – арматуралы торлар мен профильді құбырлар өндірісі; Бағдар ЛТД – шыны ыдыстар шығаратын зауыт; «ALAESTATE» – шағын өнеркәсіптік парк; «Bayterek-2050» – шағын…

Толық оқу

С. Аманжолов атындағы ШҚУ мамандары ШҚО Полиция департаменті, облыстық прокуратура және ШҚО ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, студенттер мен оқытушыларға арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша инновациялық оқыту курсын әзірледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Бірлескен жұмыс халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және киберқауіпсіздік мәселелері жөнінде ақпараттандыруға бағытталған. – Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. 2024 жылы зардап шеккен қазақстандықтарға 1 млрд 400 млн теңге қайтарылды. Өзекті мәселенің алдын алу және күресу мақсатында осы курсты әзірледік, – деді ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дархан Камалханов. Бір ай көлемінде аптасына бір рет өтетін сабақты ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің аға жедел…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орыбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен алдағы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен бөлу бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Мәжілісте сонымен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жастарға пайдалы іс-шаралармен қамту мәселесі талқыланды. Оған жауапты басқарма өкілдері мен мекеме басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау қажет екенін айтты. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының қолдауымен білім саласын…

Толық оқу

Алматының дамуындағы маңызды бағыттің бірі — «Халық қатысатын бюджет» жобасы (ХҚБ), онда қала тұрғындары өтінім береді және іске асыру үшін тиісті жобаларды таңдайды. 2024 жылы ХҚБ аясында 18,8 млрд теңге сомасына 364 жоба іске асырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  қалалық қаржы басқармасына сілтеме жасап. Бұл ретте алматылықтардан берілген өтінімдер саны «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы іске қосылған 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 18 есеге өсті. Содан кейін тұрғындардан барлығы 333 жобалық ұсыныс келіп түсті, ал 2024 жылы – 6118 өтінім. Оның ішінде өткен жылы дауыс беруге 1402 жоба және іске асыруға – 316 жоба жіберілді. Айта кетейік, үш жыл ішінде Алматыда қала әкімі…

Толық оқу

Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде. Жобаға сәйкес әуежай Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ базасында салынады. 184,5 гектар жерді алып жатқан учаске географиялық және метеолорогиялық жағдайды, сондай-ақ логистикалық қолжетімділікті ескере отырып таңдалды. Әуежайда алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігімен ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады. Бұл әуежай аймағында Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік…

Толық оқу
Қазақстан құрамасы

Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) бұрынғы басшылық тұсында 3 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырылғаны анықталған  деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 300 миллион теңге таңдаулы қызметкерлер мен спортшылар негізсіз сыйақылар ретінде берілген. Кімге берілді, не үшін берілді? Бұл сұрақтардың жауабын құқық қорға органдары анықтайды. Тағы 350 миллион теңге Талғардағы база мен кеңсенің құрылысына бөлініпті. Бірақ атқарылған жұмыстың нәтижесі жоқ. Кеңсе мен база әлі салынып жатса керек. Қағазда ғана бар, ал шын өмірде тек тозған бетон мен сорайып тоқтап тұрған кранды көруге болады. Ал 135 миллион теңге неге кеткен десеңіз, ол «стратегияларға». Иә, дәл солай іске аспайтын, қолдануға жарамсыз, тек баяндамалар мен презентацияларды дайындауға жұмсалыпты.…

Толық оқу
Транскаспий

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «КТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС 12 миллиард теңгеден астам сомада бәсекеге қарсы келісімге барған. Бұл келісім HILL Corporation ЖШС-пен бірлесе отырып, ашық нарыққа жасалған бұғау, адал бәсекеге жасалған тұсау болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тергеу нақты дәлелдерге сүйенген. Айтуларынша, «КТЖ-Жүк тасымалдары» компаниясы локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде өзге жеткізушілерді ашық түрде шеттетіп, шарттарды тек бір ғана компанияға ыңғайлап жасаған. Бұл – сатып алу жүйесіндегі көзге көрінбейтін тосқауылдың нақты көрінісі. Әрине, ол тосқауыл экономикалық ғана емес, саяси сипатқа да ие. Өйткені бұл жерде мәселе бір ғана компанияның…

Толық оқу

Құлсары қаласында ер адам бұрынғы жұбайын ол жұмыс істейтін емхананың ғимаратында өлтіріп кеткен, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайғылы оқиға 27 наурыз күні, түстен кейін болған. Бұрынғы күйеуі әйелге ол жұмыс кабинетінде жалғыз отырған кезде пышақпен шабуыл жасаған. Одан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыстың куәгерлері марқұмның әріптестері болғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. – Құлсары қаласында болған оқиға бойынша Жылыой ауданының полициясы Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғады. Кешенді тергеу амалдары басталды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті. Қазіргі уақытта 33 жастағы күдікті ұсталды. Марқұмның артында екі баласы қалды. Ол Құлсары…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бокстан әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбаймен кездесті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында өңір басшысы спортшының халықаралық аренадағы жетістіктерін жоғары бағалап, оның қазақ боксының дамуына қосқан үлесін атап өтті. – Назым Қызайбай – Қазақстан спортының жарқын жұлдызы. Оның қажырлы еңбегі мен ерік-жігері жастарға үлкен үлгі. Біз өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға және спортшыларымызды қолдауға әрдайым дайынбыз, – деді Марат Сұлтанғазиев. Назым Қызайбай 2014 және 2016 жылдары бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионаттарында алтын медаль жеңіп алған. Ал 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен…

Толық оқу

Жетісу облысында «Наурыз каникул – 2025» жобасы аясында оқушылар арасында театр фестиваль-байқауы, волейбол, баскетбол, футбол сияқты танымал спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, экскурсиялар, ашық есік күні, түрлі тақырыпта челлендждер, вебинарлар, жас суретшілер басқосуы сияқты көптеген іс-шаралар өткізілуде. Оқушылардың демалысын пайдалы ұйымдастыру мақсатындағы бұл шараларға 12600-ге жуық бала қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, жоба аясында жасөспірімдер нашақорлығының алдын алу бағытында «Театр – тәрбие бастауы»  атты облыстық фестиваль-байқауы өтті. Ұйымдастырушылар мұндай байқаулар өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытып, балаларды театр шығармашылығына баулиды, жат әрекеттерден сақтандыруға ықпал етеді деп есептейді. Байқауға әр аудан-қаладан үздік шыққан жалпы саны 10 команда қатысып,…

Толық оқу