Автор: Асылхан Бөрібай

Депутат Шаталовтың аңдамай сөйлеген сөзі Қазақстанға қалай соқтығарын білмей отырған Кремльге азық болды, — деп жазады Ertenmedia.kz. Журналист Жания Ұранқаеваның пікірінше депутаттың Украина мен Мәскеуге қатысты даулы мәлімдемесі міне, бірнеше күн болды Ресей медиасының күн тәртібінен түспей тұр… «Орыстың пропаганда құралдары «Шаталов қазақтардан қысым көруде», «Қазақ қоғамы қысымға алған депутаттың мұң-зары…» деген мағынадағы контентті тоқтаусыз таратып жатыр. Бұлардың бәрі емін-еркін шекара асып, Қазақстандағы орыстілді аудиторияға әсер етуде. Украина мен Ресей арасындағы қантөгістің түп-төркіні де осы ақпараттық соғыстан басталған еді. Ресей телеарналары ондаған жыл бойы Киевті дұшпан қылып көрсетіп, жеккөрушілік сезімін үздіксіз қоздатып келді. Украина өз кезегінде мұны «мағынасыз шоу» деп…

Толық оқу

Жетісу облысында өзіне қол салған 27 жастағы жігіттің ата-анасы оның өліміне полицейлерді кінәлайды. Қайғылы оқиға 20 ақпанда Сарыөзек ауылында болған. Туыстары марқұмның тергеушіден шыққан соң ойға батып, боп-боз болып жүргенін, қайтыс болған күні тағы бөлімшеге шақырылғанын айтты. Ал құзырлы орган «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ErtenMedia Almaty.tv-ға сілтеп. Марқұм Азат Құдайбергенов әкесімен бірге ауылдың малын баққан. Қайғылы оқиға болатын күні ол бауырына хабарласып, тезірек жетуін сұраған.  Ал інісі жеткенде  ол тоқ бағанасында асылып тұрған.  «Жерге түсірген кезде  қалың арқан мойнына кіріп кеткен. Мойнына қолымды тығып арқанды шығарғанда, соңғы демі шықты. Алғашқы көмек көрсетіп бақтым, болмады.…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, биыл 30 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесу барысында Тоқаев Путиннің Мәскеуге шақыруын қабыл алғаны белгілі болды. «Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты», — деп жазылған бұған дейінгі Ақорда хабарламасында.

Толық оқу

Қазақстан қор биржасында (KASE) 6 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 495,95 теңге болып, бір тәулікте тағы 0,71 теңгеге аздап арзандады, деп хабарлайды ErtenMedia. Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы үшінші күн қатарынан құлдырап жатыр. ICE Futures электрон сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,13%-ға төмендеп, 1 баррелі 69,21 доллар болды. NYMEX электрон сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,5%-ға арзандап, 1 баррелі 66,28 доллар болды. Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 496,71 теңге болған еді. 6 наурызда ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамдары мынадай:…

Толық оқу

Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне қатысты іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Былтыр мамырдың аяғында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары аумағында) жасөспірімдер арасында төбелес шыққан, олар суық және атыс қаруын қолданған. Оқиға салдарынан 8 жасөспірім оқ және пышақ жарақатын алып, Ақтөбе қаласының кәмелетке толмаған бір тұрғыны қаза тапқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес марқұмды көлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақатын салған. «Сол кезде Облыстық Полиция департаменті ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Облыс прокуратурасы қылмыстық істі бақылауға алып, процестік прокурорлар тобын тағайындады», — деп жазылған хабарламада. Полиция қызметкерлері жедел түрде қылмысқа қатысы бар 10 адамды ұстаған, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот…

Толық оқу

Алматы қаласында қалалық студенттік көктем «Jas Gala — 2025» шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі шараға Алматы қаласының ЖОО және колледж студенттері қатысты. Төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған айтулы шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен жүзеге жүзеге асырылуда. Байқаудың мақсаты – шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау және олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамын қалыптастыру. Фестивальге қаламыздың 30 ЖОО және 26 колледжінен 650 өтінім келіп түсті. Жалпы қатысушылар саны 2500-нан астам  студентті құрады. Биылғы «JAS GALA» студенттік көктем шығармашылық байқауы келесі атаулы даталарға арналады: Жұмысшылар жастар жылы, Ұлы…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанда «Көктем-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу 2025 жылғы 6-7 наурыз аралығында өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірдің азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардың алдында су тасқынына байланысты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау міндеті тұр. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау қызметтерін басқаруды және өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін штаб жедел түрде орналастырылды. Оқу-жаттығу барысында облыста құлақтандыру жүйесін тексеру және шұғыл ден қою жасағының дайындығын қарау жүргізілді. Жаттығудың практикалық бөлігі Самар ауданында өтті. Алдын ала ойластырылған оқиға бойынша, Лайлы су қоймасындағы шлюздің ақаулығына байланысты платина арқылы су тасқыны болды, Самар ауылын су басу қаупі туындады.…

Толық оқу

14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады. Биыл мәні терең Наурыз мерекесі ерекше аталып өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді. «Наурыз» бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ – уақыттың үш кезеңін, яғни еліміздің кешегі тарихын, қазіргі дамуын және келешек бағдарын бейнелейді. Тарихи тұрғыдан, Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы. Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Егер Наурыз Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Кавказда, Балқан елдерінде халықаралық деңгейде аталып өтетін мейрам болса, онда Наурызнама – кемінде 8 күнге созылатын Ұлы даланың…

Толық оқу

Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті, — деп хабарлайды Ertenмedia. Қанат Бозымбаев ИКАО-ға Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, тәуелсіз сарапшы Тормодур Тормодссонды Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған жерге уақтылы жібергені үшін алғысын айтты. «Бізге көрсеткен тұрақты қолдауыңызға, соның ішінде бастамаларымызды қолдағаныңыз үшін Үкімет атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. Осы тергеуді толық аяқтау мақсатында ИКАО-мен өзара іс-қимылды жалғастырамыз», — деді Қанат Бозымбаев. Вице-премьер ұшақ апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін жеткізді. Үкімет мәліметінше, Николя Ралло Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дайындаған және жариялаған…

Толық оқу

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден аса ұрлық дерегі анықталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасы сақталуына тексеріс жүргізді. «Тексеріс барысында бұл мекеменің екі есепшісі 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғаны анықталды», — деп жазылған хабарламада. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Толық оқу