Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен қалалық «Алматы – ортақ үйіміз» бастамасы аясында жылжымалы экохаб ұйымдастырылды. Қала тұрғындары пластикті қайта өңдеу үдерісімен танысып, экологиялық жауапкершілік туралы көбірек мағлұмат алды және пластикалық бұйымдарды фандоматқа өткізіп, ақшалай сыйақы алу мүмкіндігін сынап көрді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шара Панфилов көшесінде өтті. Дәл осы жерде бір жыл бұрын қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен Қазақстандағы алғашқы фандомат орнатылған болатын. Содан бері бұл орын экологиялық бастамалардың символдық нүктесіне айналды. Eco Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов мұндай бастамалар қала тұрғындарына экологиялық әдеттерді сіңіруге көмектесетінін атап өтті. «Фандоматтар – бұл пластик қалдықтарынан құтылудың ыңғайлы әдісі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға саналы…

Толық оқу
Маск

Әлемнің ең ауқатты адамдары бір күнде миллиардтарын жоғалтты. Бұл оқиға жай ғана сандар ойыны емес, қаржы нарығының бұлқынысы, саяси сахнадағы ойындардың әсері екені анық. Bloomberg деректеріне назар аударсақ, Илон Маск 148 миллиард, Джефф Безос 29 миллиард, Сергей Брин 22 миллиард, Марк Цукерберг пен Бернар Арно 5 миллиард долларынан айырылған. Бұл нарықтағы тұрақсыздық пен саяси белгісіздік себеп болған. Трамптың АҚШ экономикасына енгізіп жатқан өзгерістері инвесторларды әбігерге салуда. Әсіресе, оның Украинаға көмек беру мәселесін қайта қарауы, экономикалық стратегиясында күтпеген қадамдарға баруы нарықтың жүйкесіне тиіп, акциялардың құнын төмендетті. Осылайша Америка нарығы Украинаға берген көмегінен он есе көп қаржыны жоғалтты. Бұл – саясат пен…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Көлік министрлігін Ресей мен Беларусь өкілдеріне қазақстандық көлік нарығын жаулап алуға көмектесті деп айыптады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутат 2024 жылдың 20 қарашасы мен 18 желтоқсанында «Ақ жол» фракциясы ресейлік және беларусиялық бәсекелестердің жосықсыз бәсекелестігіне тап болып, Көлік министрлігінің белсенді араласуымен қазақстандық жүк тасымалдаушылардың мүдделеріне нұқсан келтірілгені туралы депутаттық сауал жолдағанын еске салды. «Бұл халықаралық тасымалдауға рұқсат бланкілерін берудің жаңа тәртібіне, Қазақстан-Қытай шекарасындағы электрон кезекке, Ресей Федерациясы мен Беларусь аумағы арқылы жүру шарттарына да қатысты (мысалы, қазақстандық жүргізушілерді алмастыру, тек қазақстандық тасымалдаушылар үшін жүкті тиеуге тыйым салу және т.б.). Нәтижесінде нарықты көршілес ЕАЭО елдерінің ірі компаниялары…

Толық оқу

AMANAT фракциясының депутаттары жыл басындағы өңірлерге сапар барысында 274 елді мекенге барып, 582 кездесу өткізген. Сапар қорытындысы бойынша сайлаушылардан мыңнан аса арыз-шағымдар жинақталып, Үкіметке жолданған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Осындағы әрбір сұрақтың артында халықты толғандырып жүрген сандаған жүйелі мәселе, мыңдаған түйткіл мен миллиондаған адамның тағдыры жатқаны сөзсіз. Сол сауалдарға 20 министрліктен жауап келді. Дегенмен ашығын айту керек, сұрақтардың басым бөлігіне сырғытпа жауаптар мен формальды ұсыныстар берілген», — деді ол. Депутаттың сөзінше, жылдар бойы қордаланған, қаншама жанның тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін ауқымды мәселелер тағы да шешусіз қалған. «Денсаулық сақтау саласына МӘМС-тің енгізілгеніне 5 жылға аяқ басса да,…

Толық оқу

Алматыда «Алтын жас» жобасын іске асыру жалғасуда. Ағымдағы зейнеткерлік жастағы адамдар үшін 1000 жұмыс орнын субсидиялау жоспарланған. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «2024 жылы Алматыда зейнеткерлердің жалақысын жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақы мөлшерінде субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыру үшін «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама 700 — ден астам адамды қамтыды, 2025 жылы 1000 зейнеткерді қолдау жоспарлануда», — деп атап өтті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы. Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап Jobcoach жобасын іске қосу жоспарлануда — ерекше қажеттіліктері бар адамдарды 3 жыл бойы тұрақты жұмыс орнында…

Толық оқу

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті. Айта кетейік, бұл диалог АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы Украинамен келіссөздерінен кейін өтті.

Толық оқу

«Қазатомды» басқарған Мұхтар Жәкішев Қазақстанның шикізатты сыртқа шикі күйінде сатып, байлығын шашып жатқанына наразылық білдірді, — деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, елдің минералдық кен байлығын шикізат күйінде экспорттау экономикалық сауатсыздық. Қолдағы алтынның қадірін білмеу. Шетелдік компаниялар еліміздің бағалы металдарын шикізат түрінде арзанға алып, кейін өзімізге ондаған есе қымбат бағамен қайта сатып жатыр. Жәкішев бұл мәселені шешудің жалғыз жолы кен өңдейтін заманауи зауыттарды өз жерімізде салу деп санайды. «Елде бұған қажетті технология жоқ деу сылтау ғана. Қазақстанда мыс, мырыш секілді металдарды өңдейтін зауыттар әлдеқашан жұмыс істеп тұр. Сол технологияларды дамытып, өңдеу тереңдігін арттырып, түпкі өнімді өзіміз шығаруға әбден қабілеттіміз», – дейді…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан өңіріндегі екі ірі жоғары оқу орны – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті елімізде ғылым мен инновацияны дамыту жолында тың бастамаларымен және нақты жетістіктерімен ерекшеленіп отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл оқу орындарында ғылымға бөлінетін қаржы көлемі артып, жас зерттеушілерге арналған бағдарламалар жүзеге асып, халықаралық жобаларға белсенді қатысу арқылы ғылыми әлеует жыл сайын жаңа деңгейге көтерілуде. ШҚТУ – инновациялық серпіннің жаңа орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) ғылым мен инновацияны дамыту белсенді жүргізіліп жатыр. Соңғы екі жылда ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі үш есеге артып, бүгінде университет бюджетінің үштен бірін…

Толық оқу
Шерзат

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс жақын күндері сотқа жіберілетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алайда негізгі сот процесі қашан басталатыны туралы нақты ақпарат берілмеді. “Шерзат Болатқа қатысты іс қазір прокуратурада зерделеніп жатыр. Осы аптада сотқа жолданады деп күтіп отырмыз. Бұдан әрі бұл іс соттың құзырында болады. Судья тағайындалып, басты сот талқылауын жүргізеді. Алдағы уақытта сот өкілдері толыққанды түсініктеме береді деп ойлаймын”, – деді Әділов. Бұған дейін қылмыстық істі тергеу аяқталған еді. Тергеу материалдарының жалпы көлемі 62 томға жетті. Оның ішінде жиналған дәлелдер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.…

Толық оқу

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында шаһардағы тазалық мәселесіне аса көңіл бөлініп жатыр. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 39 тұлғаға айыппұл салынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қонаевта заңсыз қоқыс үйінділерін жою, ҚР заңнамасы шеңберінде бекітілген ережелерді бұзған тұлғалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, айыппұл салу шаралары қолға алынды. Мысалы, 1-8 наурыз аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 39 хаттама толтырылып, 766 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сай (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру), 92 жеке және заңды тұлғаға 943 680 теңге…

Толық оқу