Автор: Асылхан Бөрібай

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасы дайын. Мереке қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, көрмелер, театр қойылымдары және шығармашылық кездесулерді тамашалай алады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 6 наурыз күні сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде «Алаш арыстары жұбайлары» атты танымдық дәріс өтеді. Іс-шараға Алаш арыстары ұрпақтары Айман Байсалова, Меруерт Бәкібайқызы, Жанара Сүлейманова, Жазира Арғын және зерттеуші ғалым қыздар Светлана Смағұлова, Бекзада Қожекеева, Гүлжаһан Орда, музей қызметкерлері, ЖОО студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Жиында алаш қайраткерлері жұбайларының рөлі мен олардың өмірлік серіктеріне ықпалы талқыланады. Конференцияда сирек тарихи мәліметтер мен жаңа зерттеулер ұсынылады. 6 наурызда сағат 15:00-де, Алматы музейінде «Дәстүр. Өнер.…

Толық оқу

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында LRT құрылысы қалай жүріп жатқаны туралы жазды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «№112 станцияға (Абу Даби Плаза) барып, LRT құрылысының барысымен таныстым. Мәселен, Абу Даби Плазадағы №112 станцияда жалпы ауданы шамамен 5 мың шаршы метр болатын қасбеттің сыртқы металл қаңқасын монтаждау, ары қарай витраждар мен панельдерді орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Биыл 3-тоқсанда сынақ жұмысын бастау үшін осыған ұқсас жұмыс барлық 18 станцияда аяқталатын болады. Осыған дейін эстакаданың құрылысы аяқталып, станциялардың негізгі темірбетон конструкциялары салынған. Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы, 101-станцияның қасбеттік бөлігінің құрылысы аяқталды. Сол сияқты LRT құрамының 19 бірлігіне тапсырыс берілді. LRT желісі станцияларының…

Толық оқу

Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. «3 мыңнан аса халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның іске асырылуы 2021 жылы басталған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр», — деп жазылған хабарламада. Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты…

Толық оқу

«Ақ жол» партиясы сирек жер металдарын игеруде ұлттық мүддені қорғау керегін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазақстанда сирек жер металдарының, оның ішінде жоғары технологиялық өнеркәсіп үшін стратегиялық маңызы бар лантан, церий, иттрий және басқалардың айтарлықтай қоры бар. Сирек жер металдары жаһандық экономикадағы «жаңа мұнайға» айналып, олардың болуы әлемдегі күштер тепе-теңдігіне әсер етуін арттырып отыр. Бұл ресурстарды бақылау үшін күрес күшейіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, сирек жер металдарына әлемдік мұқтаждық жылдан-жылға ұлғайып, олардың кейбіріне деген сұраныс таяу жылдары 40 есеге дейін артуы мүмкін;  2030 жылға қарай бұл нарық жылына 10 миллиард доллардан асады деп болжанып отыр7 «Еліміздің басшылығы бұл ресурстардың маңыздылығын жоғары бағалайды. Мәселен…

Толық оқу

Жамбыл облысында 57 лауазымды тұлға жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін жауапқа тартылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың алғашқы екі айында Жамбыл облысының жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері жалпы ұзындығы 5 мың шақырым жолда 668 тексеріс жүргізді. Тексерістер нәтижесінде облыс аумағындағы тасжолдардан 2709 ақау анықталды. Жол мекемелерінің басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға бұл кемшіліктерді жою жөнінде 668 ұйғарым жіберілді. Жамбыл облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Азамат Бақытұлының айтуынша, жолдарды дұрыс күтіп ұстамау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу бойынша 57 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, жол-техникалық инспекциясының нұсқамаларын орындамағаны үшін автомобиль жолдарын күтіп…

Толық оқу

Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызы бар жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды. Аталған жоба «Асар» мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығының базасында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Асар» орталығының директоры Елдос Баялышбаевтың айтуынша, бұл жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы. «Біз жұмыс барысында мүгедектігі бар адамдардың көпшілігіне оңалту орталығына келудің қиындық туғызатынын байқадық. Күндізгі уақытта кейбіреулер жұмыста болса, кейбіріне үйлерінен орталыққа жету оңай емес.  Сондықтан біз осы көшпелі оңалту жобасын қолға алдық. Біздің бұл маңызды бастамамызға облыс басшылығы қолдау білдірді»,…

Толық оқу

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтіп, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және жауапты сала басшылары селекторлық режим арқылы қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Күн тәртібінде өңірлерде цифрландыруды дамыту, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру, орман қорына және елді мекендерге ағаш отырғызу мәселелері қаралды. «Ақылды» қалалар эталонды стандартына сәйкес Қызылорда облысының жол картасы бекітіліп, 6 бағыт бойынша 22 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бейнеаналитика элементтері бар бейнекамералардың жыл сайынғы ұлғаюы» жобасы бойынша Қызылорда қаласының аумағында 19 мың камера орнатылған. Оның 7 273-і полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. «Сергек» жобасы бойынша 100 бейнебақылау камерасы, 10…

Толық оқу

Алматыда 460,6 миллион теңгеге бағаланған зәулім үй сатылымға қойылды. Бұл хабарландыру e-qazyna.kz порталында жарияланған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басылым бұл үй 2024 жылы наурызда өмірден өткен кәсіпкер Бақыт Ибрагимге тиесілі болғанын анықтаған. Полиция бұл оқиғаны «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша тергеген, бірақ қарашада қылмыстық іс жабылғаны белгілі болды. «Бұл үй Ибрагим Бақыт Жасұзақұлына тиесілі болған. Нысан коммуналдық меншікке қабылданып, 2024 жылғы 23 ақпандағы Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының балансына берілді», – деді Алматы Мемлекеттік активтер басқармасы өкілі басылымның сауалына. Үйдің жалпы ауданы — 553,6 шаршы метр. Бұл үйді Алматы мемлекеттік активтер…

Толық оқу

Алматыда Түрксіб ауданында әлеуметтік нысандарды, атап айтқанда, білім беру мекемелерін – балабақшаларды, мектептерді, колледждерді абаттандыру жалғасуда,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ағымдағы жылдың ақпан айында №195 мектеп жанындағы 450 орындық қосымша құрылыс аяқталды, енді №50 жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейту жүргізілуде, мұндағы жұмыстар 2025 жылғы желтоқсанда аяқталады. №59 гимназия филиалын реконструкциялау жалғасуда, ол ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. 6100 орындық төрт жаңа мектеп салу бойынша құрылыс-монтажу жұмыстарын аяқтау да олсы кезеңге жоспарланған. Аталған оқу орындарының құрылысы қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Айта кетейік, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында өткен жылы №59 мектеп-гимназиясын 300…

Толық оқу

Астанада 8 наурыз мерекесіне орай бірқатар мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 6 наурыз күні сағат 11:00-де Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада «Анамның аялы алақаны» әдеби кешін ұйымдастырады. Бұл күні аудан әкімдіктерінде көпбалалы аналар арасында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстау салтанаты өтеді. Қазақ ұлттық хореография академиясында да бұл күні мерекелік концерт ұйымдастыру жоспарланып отыр. 6 наурыз күні сағат 19:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры және Ұлттық ұлан бірлесіп көрермен назарына «Әлия» қойылымын ұсынады. Дәл осы күні сағат 19:00-де «Жастар» Сарайында «Әйелдерге тағзым» атты халықаралық әйелдер…

Толық оқу