Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Сауд Арабиясындағы Джиддада украиналық және америкалық делегациялардың кездесуі басталады», — деп жазылған Украина СІМ хабарламасында. Украина СІМ Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровты қосқанда, Украина делегациясы кездесуге жиналып жатқан видео жариялады. Әлеуметтік желілерде АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуінен алғашқы суреттер жарияланды. АҚШ-тан келіссөздерге Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысады. Айта кетейік, бұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі…
Автор: Асылхан Бөрібай
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды. Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады. Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Тұрғындардың сұранысына сай…
Саясат Нұрбек Назарбаев университетіндегі арандатудың артында Шигео Катсудың өзі тұруы мүмкін екенін меңзеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет отырысынан кейін журналистер Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсуға қарсы арыз дайындап жатқаны жайлы сұрады. Министр Шигео Катсудың бұған дейін жасаған мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын атап өтті. «Катсудың сол кездегі сөзі шындық емес, ол университеттің беделіне нұқсан келтірді. Қазір осындай ақпаратты сенімсіз дереккөздер көптеп таратып жатыр. Ал беделді басылымдар ондай материалдарды фактчекинг арқылы тексереді. Назарбаев университетінің Катсуға қарсы сотқа арыз беруі сол университеттің ішкі шаруасы. Олар жеке заң бойынша жұмыс істейтін автономды оқу орны. Министрлік өз тарапынан Катсуға…
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1300 шақырымға жуық жол жөнделеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «24.kz»-ке сілтеме жасап. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді. Жергілікті билік өкілдері оның ішінде қала және ауыл ішілік жолдарға басымдық бермек. Мысалы, Петропавлдағы 42 көшеге асфальт төселеді. Сонымен қатар облыс орталығын Жезқазғанмен байланыстыратын бағыт қалпына келтіріледі. Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу шарттарына да оң өзгерістер енгізілген. Енді байқауларға техникалық мүмкіндігі сай келетін компаниялар ғана қатыса алады. «Биыл республикалық жолдар бойынша ауқымды жобалар жүзеге асыралады. Атап айтқанда Дәуіт ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі, Петропавлдан Ақмола облысына дейінгі аралық және Жезқазған мен Қостанай бағыттарының жолдары жөнделеді»,…
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Былтыр шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылады. «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны анықталды. Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы заң талаптарын бұза отырып, 1XBET букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» қойған. Осындай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты да анықталды», — деп жазылған хабарламада. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды…
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келіп, ауыл халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар барысында Кеңесші несие алған кәсіпкерлермен кездесіп, туризм, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да басым бағыттарға бөлінген қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына көз жеткізді. «Биыл әжептәуір өзгерістер бар. Былтыр берілген барлық тапсырма орындалу үстінде. Әрбір аудан бойынша, әрбір ауыл бойынша экономикалық бағдарламалар жасалған. Бұл облыста 2,535 млрд теңгеге нақты жобалар жүзеге асырылып, тағы 1,5 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгін орта-шағын бизнес бойынша…
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Байғалық Ернат Елубайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Байғалық Ернат Елубайұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономика және менеджмент» (2004 жыл), «Құқық және экономика негіздері» (2006 жыл) мамандықтары бойынша білім алған. Сонымен қатар, Тұран университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы ретінде бастаған. Кейіннен Алмалы ауданының Салық басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, әр жылдары Алматы облысында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы, бас бақылаушы-тексерушісі, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, басшының орынбасары, тексеру комиссиясының мүшесі ретінде жұмыс…
ШҚО-ның бірқатар ауданы «меншікті уақыт белдеуіне» көшті. Министрлік бұл жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Үкімет отырысында өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін түзету жолымен жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдағанын хабарлады. Ол бұл шаралар кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті ұстауға, сондай-ақ, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. «Бүгінгі таңда ШҚО-ның бірқатар ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетіліп, тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапты. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде қолданады», — деді Арман Шаққалиев. Айта кетейік, Марқакөл және…
Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И.Бегасиловқа, оның орынбасары А.Ерназаровқа, КММ заңгері М.Айнабековаға және кәсіпкер И.Муслимовқа үкім шығарды. Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды. Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік…
ШҚО басшысы Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барып, су тасқынының алдын алу шараларының барысымен танысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл аудан жауын-шашынның шамадан тыс көбеюіне байланысты ерекше бақылауға алынған бес елді мекеннің қатарына жатады. Березовка өзенінде құбыр тарту жұмыстары жүргізіліп, Малеевск ауылындағы гидро-бекет орналасқан көпір аймағында Бұқтырма өзені арнасының жағдайы тексерілді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының айтуынша, бүгін жарылыс жұмыстары басталады. Бұл өзен арналарында лайдың жиналуын жойып, ауданды судың келуінен сақтайды. «Су тасқыны кезеңінде ең бастысы – халықты, инфрақұрылым нысандарын қорғау. Осы мақсатта 105 қызметкерден тұратын, 44 бірлік арнайы техникамен жабдықталған облыстық ТЖД арнайы жасағы құрылды. Барлық су өткізетін…










