Автор: Асылхан Бөрібай

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай ауылында 16 жастағы жасөспірім 14 жастағы жасөспірімнің киімін өртеп жіберген деген ақпарат тарады. Салдарынан жасөспірім ауыр күйік алған, — деп хабарлайды ErtenMedia Stan.kz-ке сілтеп. Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, оқыс жағдай үй ауласында болған. Жасөспірімнің жанында өзімен қатар тағы үш бала болған. Арасындағы үлкені бензинді иіскеп көруді ұсынғанда бензин зардап шеккен баланың шалбарына төгіліп кеткен. Сөйтіп 16 жастағы жасөспірім бензин үшін өтемақы ретінде 4500 теңге сұраған. «Зардап шеккен Нұрсұлтан өзінде ондай ақша жоғын айтқанда жасөспірім оның киіміне өрт қойған», — деп жазылған басылым мәліметінде. Нұрсұлтан шалбарды шешуге тырысқанымен жанармай сіңген мата теріге жабысып қалған. “16 жастағы бала жедел…

Толық оқу

Биыл Алматы облысындағы егістік алқаптарының көлемі 427,7 мың гектарға жеткізілетін болады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға көп,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Негізгі өсім дәнді және жем-шөп дақылдарына тиесілі. Көктемгі жер жырту және ылғал жабу жұмыстары 357,2 мың гектар аумақта жоспарланған. Өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға биыл жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қаражат тұқым шаруашылығын дамытуға, басым дақылдарды қолдауға және тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталады. Суармалы су құнын арзандатуға 750 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Кең дала» бағдарламасы аясында аграршыларға 15,7 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді, бүгінде «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-на 1,3 млрд. теңгеге 36 шаруашылық өтінімін өткізген. Қазіргі уақытта Алматы…

Толық оқу

Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69%-ға жетті. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық жұмыспен қамтулы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында облыс аумағындағы 625 нысан мүгедек жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда бар. Мемлекеттік нысандар үшін бюджет қаржысы қарастырылған. Сонымен қатар инватакси көлігінің саны соңғы екі жылда екі есеге өсті. Облыс көлемінде қазір 32 инватакси қызмет көрсетіп жүр. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды қажетті техникалық құрылғылармен қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді. Жалпы облыс…

Толық оқу

Алматыда қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажиннің үкімін жариялады. «Ол ауланы санитарлық тазалау бойынша жұмыстарда мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесемін деген сылтаумен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада. Қажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен мемлекет кірісіне жалпы сомасы 21 млн теңгеден асатын екі көлік тәркіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан мен Маңғыстау арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті. «Өзбекстан — бізге көршілес ел. Бүгінде Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен кәсіпорындар түрлі салада жұмыс істеп жатыр. Біз Өзбекстанмен іскерлік байланысты тереңдетуге мүдделіміз. Алда жүзеге асырылуы тиіс үлкен жобалар бар. Өңіріміздің екі теңіз порты мен шекаралық аймақта орналасуы – үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан біз өзара тиімді әрі нәтижелі серіктестікке дайынбыз», –…

Толық оқу

Ақтауда әкімнің жаңа орынбасары болып Әсет Шопанов тағайындалды, – деп хабарлайды ErtenMedia. Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің түлегі. Ол еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімінің аппаратында бас маман ретінде бастаған. 2003-2018 жылдар аралығында Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды. 2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары болса, 2022-2024 жылдары басқарма басшысы қызметін атқарды. Мас күйде көлік жүргізу дерегі Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек, былтыр Әсет Шопанов мас күйінде көлік тізгіндеп, полицияға ұсталған. Сол кезде ол Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Отырыста пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері де қаралды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірде 2022 жылы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топ құрылған. Комиссия жұмысының нәтижесінде 512,8 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылған. Облыстық қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың соңына дейін 170 мың гектар пайданылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда 51,5 мың гектары қайтарылған. Бұл жұмыс Бородулиха, Жарма, Мақаншы аудандарында баяу жүргізілуде. Облыс әкімі аудан әкімдеріне пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. «Аудан әкімдері ауыл халқын жайылымдық жермен…

Толық оқу

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастарды экологиялық бастамаларға тартуға арналған интерактивті пікірталас өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Басты спикерлердің бірі – «Өскемен тынысы» Экологиялық қорғаныс бюросының жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова жастарды өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті. Пікірталасқа сондай-ақ ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов, Виталий Чернецкий – «ECOJER» өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі, Вадим Кушнарев – «ECOJER» филиалының экологы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі қатысты. Пікірталас барысында Шығыс Қазақстан облысының экологиясына қатысты өзекті…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңның маңыздылығына тоқталды. Аталған тарихи құжаттың шаһарды дамытуға жаңа серпін беретінін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің тапсырмасымен әзірленген бұл Заң Түркістанды рухани, тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде ерекше мәртебеге ие қала деп бекітеді. Құжат 13 баптан тұрып, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша 44 құзырет беріледі. Заң бойынша Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен өзге де тарихи ескерткіштерді қорғау, археологиялық, ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, ұлттық қолөнерді дамыту, қаланың тарихи келбетін сақтау үшін дизайн код енгізу, археологиялық резерват құру қарастырылған. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аймақта биіктігі мен сәулеті…

Толық оқу

Наймандар — Қазақ хандығының этникалық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған ру-тайпалық бірлестік. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдын батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Х ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» карағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен ата- лады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азия аумағына қоныс- танған. Қидандардын Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның…

Толық оқу