Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Ресейлік депутаттар Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатпақ. Депутаттың 80 жылдығына орай 2026 жылы Ресей мен Қазақстан қалаларында ескерткіш қою жоспарланып отыр. Бұл туралы ТАСС жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басылым мәліметінше, ЛДПР партиясының бұрынғы басшысына алғашқы ескерткіш 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында Мордовия Республикасының Саранск қаласында ашылуы мүкмін. «Сондай-ақ, саясаткердің шағын отаны Алматыда да ескерткіші ашылуы жоспарланған», – деп жазды басылым. Ресейде ескерткіштен бөлек, Жириновскийге қатысты деректі фильм мен сериал түсіріледі. Деректі фильм премьерасы 2026 жылғы сәуірге жоспарланған.

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы жұмыс сапарында Ерназар ауылында асыл тұқымды жылқы өсірумен шұғылданатын «Мукинов» шаруа қожалығының ғылыми жетістіктерімен танысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шаруа қожалығы 2022 жылы «Бесқарағай» деп аталатын қазақы жылқының жаңа типін шығарған болатын. Гендік негізіне байланысты Шойынқара және Байторы деген атау берілген қылқұйрықтылардың ерекшелігі – кез келген ауа райына төзімді. Бойы биік, етті әрі сүтті. Тебіндегі айғырлары 700, биелері 600 келіге дейін тартады. Мініске де, жегіске де шыдамды. Селекция жұмысына Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Семейдегі Шәкәрім университетінің ғалымдары атсалысты. Қазақы жылқыларды будандастыру арқылы жаңа тип шығару жұмысы 1968 жылы басталған. Шаруа қожалығы…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдерінің қатысуымен су тасқыны кезеңінен өту мәселелері бойынша кеңес өткізді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Еске салайық, 1 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстанда жедел штаб жұмыс істейді. Онда барлық елді мекеннен ақпарат келіп түседі. Глубокое, Шемонаиха, Алтай аудандары мен Риддер қаласы ерекше бақылауда. Себебі биыл мұнда қалың қар жауды. Өңір басшысы таяуда Өскеменде шатырдан құлаған қардың бірнеше көлікті зақымдағанын еске салды. Белгілі болғандай, облыс орталығындағы 1200 үйдің басқару нысаны жоқ. Бұл баспаналар ҚСК-ға қосылмаған, МИБ немесе жай серіктестік те құрылмаған. «Бұл — энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан жіберілген қателік. Өйткені басқарудың жаңа нысандарына…

Толық оқу

BI Group басшысы Айдын Рахимбаев компанияға қатысты салық талаптары төңірегіндегі жағдайға пікір білдіріп, мәселе негізінен арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін мердігерлерге байланысты екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Рахимбаевтың жауабы «Бірнеше күннен бері BI төлемеді деген салық тақырыбы талқыланып жатыр. Даулы мәселелер көбіне біздің жеткізушілеріміздің қызметіне байланысты, қазір біз мемлекеттік органдармен оларды шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол. Кәсіпкердің сөзінше, жыл сайын салық тексерісін қосқанда, 20-25 тексерістен өтеді. «Одан бөлек «Үлкен төрттікке» кіретін халықаралық компаниялардың аудитінен өтеміз және Fitch рейтингіміз де жоғары. BI Қазақстанның жеке компаниялары арасында ірі салық төлеушілердің үздік ондығына кіреді. Соңғы үш жылда біз шамамен…

Толық оқу

«Заң және Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 10 наурыз күні Ақсай қаласы Жарсуат сауда үйінде аудан тұрғындарына арналған «Халық заңгері» науқаны ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білуі керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Осы орайда мемлекет басшысы өзінің жолдауында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында заңның үстемдігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекіткен болатын. «Заң және Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Ақсай қаласы…

Толық оқу

ШҚО-да қара сөздің зергері Қалихан Ысқақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Еліміздің түкпір-түкпірінен келген он екі ақын сөз сайыстырған жыр бәсекесінің екінші айналымына қарсыластарынан жоғары ұпай алған Серік Қуанған, Аспанбек Шұғатаев, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Біржан Байтуов және Иранғайып Күзембаев сынды аузымен құс тістеген жүйрік ақындар бір жарым сағат бойы өзара сөз сайыстырып, «кім мықтыны» анықтады. Айтыс барысында ащы да тұщы тақырыптар, орынды әзіл-қалжың мен елдік мәселелер қозғалып, көрерменнің қолдауына ие болды. Облыс орталығында араға он жыл салып қайта ұйымдастырылған айтыс – ұлтымыздың ерекше өнері ретінде сағынған халықтың айызын қандырды. Қазылар алқасының бірауызды…

Толық оқу

Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект туралы қазақ тілінде жазылған «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтеді. Іс-шара 11 наурыз күні Алматы қаласындағы Smart Point орталығында (Smart Space залы, Байзақов көшесі, 280) сағат 14:00-де ұйымдастырылады. Аталған шара аясында кітаптың таныстырылымы өтіп, жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар, IT, киберқауіпсіздік, биотехнологиялар және жасанды интеллекттің болашағы туралы пікір алмасу алаңы ұйымдастырылады. Әлемде жасанды интеллект қарқынды дамып, көптеген салаға әсер етуде. 2024 жылы ЖИ технологияларын қолдану әлемдік нарықта 190 миллиард доллардан асты. Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалмай, жасанды интеллект бағытында белсенді дамып келеді. ЖИ-ді қолдану арқылы өндіріс, медицина, білім беру және…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысында Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебі ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шығыстың көрікті өлкесі – қасиетті Катонқарағай көптеген дарынды тұлғалардың кіндік қаны тамған жер. Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары аясында облыста маңызды рухани шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – облыста белгілі айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебінің ашылуы. Өскеменде тұсауы кесілген бұл мектеп айтыс өнеріне ден қойған дарынды жастардың басын қосып, бағыт-бағдар беруді, жаңа таланттардың қалыптасуына ықпал етуді көздейді. Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға атсалысқан белді ақындардың…

Толық оқу

Artjaq және Yeski Taspa Sadraddin, Ренат Гайсин және «Gaissin Orchestra» қатысуымен 8 наурызға арналған ерекше шығарылым ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл шығарылымда талантты әртістер Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше музыкалық сый дайындап, М.Омаров пен Қ.Жұмағалиевтың «Анашым» атты аңызға айналған әнін жылулықпен, шынайылықпен және әйелдерге деген зор құрметпен жеткізді. Осы коллаборация танымал әуенге жаңа реңк беріп, әр нәзік жандыға деген шексіз ризашылықтың, сүйіспеншілік және құрметтің көрінісін байқатты. Yeski Taspa командасы баршаны осы тамаша мерекемен құттықтай отырып,  көптеген бақытты сәттер, махаббат, үйлесімділік және жарқын эмоциялар тілейді!

Толық оқу

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында керемет дәрігерлер Әмірқұлова Нұргүл Омарқызы және Мұсаепова Әсем Бақытжанқызы жұмыс істейді. Олар — тек әріптестер ғана емес, анасы мен қызы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәрігер-инфекционист Әсем Бақытжанқызы Мұсаепованың әкесі мен анасы Семей медицина университетінің студенттері болған кезеңдерінде танысқан екен. Екі жастың махаббаты ерекше нәзік әрі таза болыпты. Әскерге аттанып бара жатып, Бақытжан Заманбекұлы сүйіктісінен тек олардың адал сезімдерін кіршіксіз қалпында сақтауды сұрапты. Жігіт өз сөзінде тұрып, үйіне әскерден оралғаннан кейін, 22 жастағы жастар, неке қиыпты. Отбасында алдымен Әсем атты қыз, кейін Айдос атты ұл дүниеге келеді. Нұргүл Омарқызы дәстүрді құрметтейтін жан…

Толық оқу