Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданында қасиетті Құранды толық жаттаған 97 жастағы хафиз, қари әже Жұмакүл Мұратқызымен кездесті. Өңір басшысы ақ жаулықты ананың ұзақ ғұмырын, рухани жолдағы еңбегін жоғары бағалап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Сіз – асыл дініміздің қағидаларын ұстанып, өскелең ұрпаққа имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттаушы тұлғасыз. Сіздің өмір жолыңыз – ұрпаққа үлгі, ұлағатты өнеге», – деді әкім кездесуде. Өз кезегінде Жұмакүл әже аймақ басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Сонымен қатар, облыс әкімі Қаскелең қаласының тұрғыны, зейнеткер Сәлима Тілеубайқызы Бұлғақбаевамен жүздесті. Аймақ басшысы ардагер ананың өмірлік тәжірибесін ерекше атап өтіп, оның қазақ қоғамындағы маңызын атап өтті. «Сіз…

Толық оқу

Қожайыны бәкене болғанда ергежейліні еске түсіретін, ұртына су толтырып алғандай бет-жүзі дөңгеленген «Кортизол» (Кортизол гормоны көп бөлінетін адамдардың беті дөңгеленіп кетеді дегенді бір жерден оқып қалған еді), не күлейін тұрғанын, не жылайын деп тұрғанын ажыратып болмайтын, көзінен қандай жан екенін тану қиын адам.  Дегенмен, осы күлейін деп тұрғаны да, жылайын деп тұрғаны да көз алдына міскінді әкелетін еді. Басының үлкендігі қортық денесімен сәйкес келсеші, тіпті, бұл кемшілігін жасыру үшін қалпақты бастыра киіп алған. Ол қалтарыс-бұлтарысы көп шытырманға бастады — бір-біріне жалғап сала берген барак тәрізді жатақхананың қуыс-қуысына күн түспейді, ызғар кеулеп алған.  Ту сыртынан біреу қарап тұрғандай жотасы шымырлады. Төбесі…

Толық оқу

«Ертіс концерті» сахнасында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты кеш өтті. Қаланың шығармашылық ұжымдары вокалдық, аспаптық және хореографиялық нөмірлер дайындап, көрермендерге көктемгі мереке атмосферасын сыйлады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Құрметті әйелдер! Сіздерді осы көктемгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні сіздердің біздің өміріміздегі рөліңіз үшін рахмет айтқым келеді. Бұл жерге әртүрлі мамандықтардың өкілдері жиналды: әскери қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, көпбалалы аналар, іскер әйелдер және т.б. Сіздер қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жатырсыздар. Сіздерге зор денсаулық, сұлулық және күш-қуат тілеймін»,-деп құттықтады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан облыс әйелдеріне марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. Мемлекеттік наградаларға кімдер ие…

Толық оқу

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі  Нұрымбет Сақтағанов түрлі салада толағай табыстарға қол жеткізіп жүрген әйелдер қауымымен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 8 наурыз мерекесі қарсаңында Нұрымбет Сақтағанов шығысқазақстандық әйелдердің кез келген нәрсені шын жүрекпен жасап, үйлесімділік пен сұлулық сыйлайтынын атап өтті. Өңірдегі нәзік жандылар білім мен денсаулық сақтау, бизнес, өнеркәсіп салаларында еңбек етіп келеді. Олар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Дегенмен әйелдер мейірімді әрі қамқор ана мен әже, аяулы жар, адал дос болып қала береді. «Сіздер — сұлулық пен нәзіктіктің символысыздар. Әрқайсыңыздың табысқа жету жолдарыңыз бөлек, бірақ сіздерді сенімділік, жауапкершілік және жұмысқа деген адалдық біріктіреді. Өскелең…

Толық оқу

Алматы облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетілді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Салтанатты жиында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ел дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің қоғамдағы маңызын атап өтті. “Бұл күн – сіздердің мейірімдеріңіз бен ақыл-парасаттарыңызға, қажырлы еңбектеріңіз бен қайсарлықтарыңызға деген ерекше құрметтің белгісі. Сіздер – отбасының тірегі ғана емес, елдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген белсенді мамандарсыздар. Бүгінде облыста басқару саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі – 27 пайыз, ал мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылар – 58 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 52 мыңнан астам көпбалалы аналарымыздың 18 мыңы «Алтын алқа» және «Күміс…

Толық оқу
Әуежайдағы оқиға қауіпсіздік

Оrda.kz тілшісі әуежай полициясының желілік бөлімінің бастығынан қауіпсіздік мәселесіне қатысты пікір білдіруін сұраған. Өйткені әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам қатаң тексеріс аймағына пышақты қалай алып кіргені түсініксіз, — деп хабарлайды ErtenMedia. Подполковник Руслан Өзбеков қылмыскер қатаң тексерісті талап ететін аймаққа суық қаруды қалай апарғаны туралы ойын айтты. «Әуежай аумағына пышақпен кіру мүмкін емес. Өйткені тексеру қызметі қатаң жұмыс істейді. Тергеу барысында қылмыскердің пышақты алып кіру себептері анықталады», — деді ол. Қазір полиция шабуылдаушы қаруды тексеру аймағына қалай апарып, авиациялық қауіпсіздік қызметкеріне қауіп төндіргені тексеріліп жатыр. «67 жастағы ер адам ұсталды. Ұсталғаннан кейін ол полиция бөліміне жеткізілді. Қазір уақытша ұстау изоляторында.…

Толық оқу

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында экономиканың әр саласында еңбек етіп, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген жетісулық 500 әйелді құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Олардың арасында тігінші, теміржолшы, кран жүргізуші, сауыншы, қолөнерші, электр механигі т.б. жұмысшы мамандар, сол сияқты мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, көпбалалы аналар, ардагерлер де бар. Салтанатты шараға қатысушылардың бірқатарына мемлекеттік наградалар мен Президенттің құттықтау хаты тапсырылды. Өз құттықтау сөзінде облыс басшысы Бейбіт Исабаев бүгінгі әйелдердің бизнесте, саясатта, экономиканың қай саласында да ер азаматтармен бірдей еңбек етіп жүргенін тілге тиек етіп, мемлекет тарапынан әйел-аналарға…

Толық оқу
Алматы әуежайында

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамның бұған дейін де зорлық әрекеттерімен көзге түскені белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әуежайдағы оқиғаға қатысы бар күдікті былтыр Алматыда қоғамдық көлікте әйел адамға қол көтерген. Ол кезде ер адам автобуста жолаушыға тап беріп, соққыға жыққан. Тергеу барысында екі оқиғаға да бір адамның қатысы бар екені расталған. Полиция өкілдерінің айтуынша, қоғамдық көліктегі жағдайдан кейін күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда сот тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа алу жөнінде шешім шығарған. Кейін іс сотқа жолданып, былтыр желтоқсан айында ер адам бір жылға бас бостандығын шектеу…

Толық оқу
әуежай

Алматы әуежайында батылдық көрсеткен адам әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты,, деп жазады Ertenmedia.kz. Әншінің сөзінше, бейбіт күннің батыры атанған — әкесінің інісі Мұса. «Әбдірайымов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазір 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас, ел шулап жатыр. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз — ерлік! …Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала-шағаның несібесі таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік», — деді ол. Оқиғаның мән-жайы…

Толық оқу

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында «ЭкоЖайық» экологиялық клубы құрылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жазды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл маңызды оқиға экологиялық клубтардың желісін құруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі, оның мақсаты – студенттік жобаларды қолдау арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал ету. «Экологиялық клубтар студенттер арасында экологиялық сананы қалыптастыруда, табиғатты қорғауға жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеуде, қоршаған ортаны қорғауға ынталандыруда және экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады», – дейді клуб бастамашылары. Клубтың негізгі мақсаты – студенттер арасында табиғатқа деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру. Алғашқы…

Толық оқу