Бүгін Астана уақытымен 12:44-те ҚР ТЖМ-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі 5 шақырым деп көрсетілді. Алматыда жерасты дүмпулері MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай сәтте ақпарат дер кезінде жетіп, халық не істейтінін білуі керек. Осы жолы Алматы қаласындағы хабарландыру жүйелері штаттық режимде жұмыс істеген. Тұрғындардың телефондарына Mass Alert жүйесі арқылы хабарлама жіберілді. Қала бойынша дауыс зорайтқыш арқылы ескерту сиреналары қосылды. Яғни ескерту бір арнамен ғана емес, бірнеше жолмен берілді. Біреу телефоннан оқыды, біреу көшеде сиренаны естіді, енді бірі жақын…
Автор: Асылхан Бөрібай
Теңгенің нығаюы жалғасып, желтоқсанның алғашқы күндері доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті, деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық банктің хабарлауынша, қазан айынан бері теңге шамамен 9 пайызға нығайып, әзір доллар бағамы 499–500 теңге аралығында тұрақтады. Уалютаның күшеюіне сыртқы нарықтағы қолайлы жағдай мен елдегі үйлесімді экономикалық саясат себеп болып отыр. Әлемдік нарықта мұнай бағасы тұрақты түрде барреліне 60 доллардан жоғары тұр. АҚШ Федералдық резерв жүйесі базалық мөлшерлемені төмендету цикліне көшкен соң, доллардың жаһандық индексі 8,3 пайызға әлсіреген. Бұл дамушы елдердің валютасын қолдап, инвесторлардың Қазақстан секілді нарыққа қызығушылығын күшейткен. Бас банкир Тимур Сүлейменовтың пікірінше, теңгенің нығаюында Үкімет пен қаржы реттеушілерінің инфляцияны төмендетуге бағытталған бірлескен…
Қытайдағы жер сілкінісінен кейін Алматыда сезілген жерасты дүмпулері қала қызметтерін бірден қимылдатты. ТЖД мәліметінше, қала аумағында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 13:10-дағы жағдай бойынша Полиция департаментінің патрульдік көліктері мен өрт сөндіру бөлімдерінің арнайы техникалары көшелерді аралап, жалпы жағдайды бақылауға алған, деп жазады Ertenmedia.kz. Тексеру тек көше аралаумен шектелмейді. Гидробекет бақылаушылары мен инженерлік техникалық мамандар белгіленген алгоритм бойынша өзен арналарын және өзен бойындағы нысандарды қарап шығуды жалғастырып жатыр. Алматыда өзен арналары мен арық жүйесі көп жерде тұрғын үйлерге, жолдарға, көпірлерге жақын орналасқан. Жерасты дүмпулерінен кейін әлсіз жерлер байқалып қалуы мүмкін, сондықтан су жүйесі бірінші кезектегі бақылау нысанына кіреді. ТЖМ-нің «Қазселденқорғау» мемлекеттік…
Қызылорда облысында су тапшылығына байланысты күріш алқаптары қысқартылады, су үнемдеу технологиялары жаппай енгізіледі. Бұл туралы өңірге арнайы сапармен барған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмыс сапары аясында вице-премьермен бірге су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңір фермерлерімен кездесіп, су тапшылығының алдын алу, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру және суды үнемдеу мәселелерін талқылады. Қазір Сырдария өзенінің бассейнінде су көлемі азайып барады. Әсіресе Нарын–Сырдария каскадына келетін судың көлемі күрт төмендеген. Бұл жағдай келесі жылғы вегетация маусымында су тапшылығын күшейтуі мүмкін. «Су аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөліп, лимиттерді өзгертуіміз керек болады. Сондықтан облыста…
Елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыс жүйелі жүргізіліп отыр. Мұның нәтижесі қараша айындағы көрсеткіштерден байқалды. Өткен айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен жоқ, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтің жағдайы айрықша назарда Жақында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілгені белгілі. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Өткен аптада ауыл әкімдерінің басын қосқан алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтің жағдайын жақсарту айрықша міндет екенін тағы да атап айтты. «Алдымызда…
Мемлекет басшысы Жолдауында: «Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтыруда. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек» деген еді. Президент тапсырмасына сай еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп отырған негізгі күштің бірі – сапалы техникалық және кәсіптік білім алған жұмысшы кадрлар, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңызы жоғары мамандықтар 2025-2026 оқу жылында колледждерге 189 мың талапкер қабылданды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш (177 мың адам). Оның 145 мыңы мемлекеттік тапсырыс есебінен оқып жатыр. Бүгінде экономикаға аса қажетті геология, машина жасау,…
Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймағында «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпорынның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, нысанды аралап көрді. Өңірде өндіріс саласын қарқынды дамыту жолында тынбай жұмыс істеп жатқан азаматтарға алғысын жеткізіп, экспорт көлемін ұлғайту жөнінде пікір алмасты. – Бүгін Түркістан облысының экономикалық дамуы үшін аса маңызды жобалардың бірі жүзеге асып отыр. Полиэтилен пакеттері мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстар өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, кәсіпкерлік ортаның жандануына серпін беретін қуанышты оқиға. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында…
Украиналық дрондар КТК-ға соққы жасаған соң, Қазақстан Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) мұнай құбыры арқылы экспорт көлемін арттырмақ, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters дерегінше, желтоқсанда Ақтау порты арқылы БТЖ бағытымен 188 мың тонна мұнай экспортталады. Бұл қарашадағы көрсеткіштен 30 пайызға жоғары. Оның 170 мың тоннасы «Теңізшевройлға» тиесілі болса, қалған 18 мың тоннасы Қашаған кен орнынан жеткізіледі. Дегенмен, бағыттың мүмкіндігі Ақтау портының қуаты мен мұнай қоспасының сапасына қойылатын талаптарға байланысты шектеулі. Каспий құбыр консорциумы (КТК) Жаңаресей маңындағы терминалдың швартовка құрылғысы бүлінген сың, қысқа мерзімге тоқтаған. Қазір мұнай тиеу жалғасып жатыр, алайда үш айлақтың біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Үшінші айлақ жедел түрде жөнделуде. Украиналық дрондардың…
Сенат мұнай мен уран өндірісінің тәртібін түбегейлі өзгертетін заң жобасын екі оқылымда мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа құжат мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттырумен қатар, стратегиялық ресурс саналатын уран өндіруде мемлекет мүддесін қорғауды көздейді. Енгізілген өзгерістің ауқымды бөлігі қиын өндірілетін мұнай түріне арналған. Әсіресе тұтқырлығы жоғары, битумды және тақтатас құрамды кен орындарындағы мұнайды игеруге басымдық беріледі. Бұл мұнайды жер астынан алуға озық технология қажет екені белгілі. Қабылданған маңызды өзгерістің бірі енді компаниялар кен орындарының шекарасын өзгертпей-ақ ұңғыма тереңдігін 5000 метрге дейін ұзарта алады. Сонымен бірге заманауи технологияларды пайдаланып, инновация енгізген өндірушілерге салық және әкімшілік жеңілдіктер ұсынылады. Тағы…
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жұмыс жоспарына сәйкес облыстық басқарма басшыларының есептерін тыңдап, алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу барысында мәслихат төрағасы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың есебін қарап, атқарылған жұмыстардың қорытындыларын бағамдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Файзулла Мұстафинұлының сөзінше, Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 20% құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері болып табылады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 34 мың гектарға артқан. Мәселен, егіс құрылымына сәйкес дәнді дақылдар көлемі 10 мың гектарға артып, 342 мың гектарға, майлы дақылдар 2 мың гектарға артып, 73 мың гектарға, мақта…










