Астанадағы iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жыл басынан бері 2 млн 78 мыңнан аса өтініш қабылдаған, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық қазір бір ғана телефон желісі емес. Жүйеге 23 қалалық басқарма, 6 аудан әкімдігі, 25 коммуналдық қызмет, 79 лифт шаруашылығы және 1 372 тұрғын үйді басқарушы ұйым біріктірілген. Яғни өтініш «қайда барамын» деп сергелдеңге салмай, бір жерден тіркеліп, жауапты мекемеге тез түседі. Азаматтарға ыңғайлы болсын деп омниканалды тәсіл енгізілген. Өтініштің 21 пайызы балама цифрлық сервистер арқылы келіп жатыр. 109 қысқа нөмірінен бөлек Telegram-бот бар, әкімдік сайты astana.gov.kz жұмыс істейді, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қолжетімді, Facebook пен Instagram-дағы ресми парақшалар…
Author: Асылхан Бөрібай
Бүгін Шиелі кентіндегі «Шұғыла» мөлтек ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынған тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық мәслихат төрағасы жаңа үй иелеріне ізгі тілегін білдіріп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы баспана жұртшылықтың тұрмыс сапасын танытатын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті. Аймақта Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Өңірдің сәулеттік келбеті күн сайын жаңарып келеді. Әрбір баланың шығармашылықпен, спортпен айналысуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалған.…
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен Шиелі ауданындағы №21 бекет және Жансейіт елді мекендеріне газ қосу рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәслихат төрағасы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдарды дамытудың маңызын атап өтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Бүгінде облыс тұрғындарының жартысынан астамы ауылдарда тұрады. Кейінгі жылдары облыс орталығымен қатар, ауылдарға да сапалы инфрақұрылым жеткізу ісі қарқын алды. Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Биыл аймаққа 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылса,…
Бүгін Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті іс-сапармен келді. Сапар барысында «SPK Turkistan» өндірістік парк пен «Түркістан» индустриялды аймағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Оның ішінде, көкөніс сақтау қоймасы, «BNK GROUP» ЖШС-нің жаңбырлатып және тамшылатып суғару жүйесінің өндірісімен және «Тұран су» МКК-нің тамшылатып суғару жүйесінің өндірісімен танысты. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы Достық үйінде ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі ірі жобалардың ауқымын кеңейту мәселелері бойынша комитеттің көшпелі отырысы өтті. Кездесуге Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев, ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжүреков…
Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен келді. Ол алдағы вегетациялық кезеңге дайындық барысы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жиын өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжілісте «Ауыл аманаты» іске асырылу барысы да талқыланды. Вице-премьер жауапты министрлер мен облыс әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды. – Су тапшылығы қазірдің өзінде халықтың өмір сүру сапасына және экономиканың тұрақты дамуына тікелей кері әсерін тигізуде. Бұл су ресурстарын тиімді басқару және пайдалану тиімділігін арттыру мәселелерін ерекше өзекті етеді. Қауіп-қатерлерді азайту және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында су үнемдейтін технологияларды, суару әдістерін және ирригациялық жүйелердің жағдайын мониторинг жүргізу тәсілдерін кеңінен…
Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба түркиялық «YDA Group» компаниясының жеке бастамасы негізінде іске асырылып жатыр. Түркістан облысына ресми іс-сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге облыс орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысанның құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Мердігер компанияның өкілдерімен кездесті. Жобаға қатысты мәселелер мен жоспарды пысықтады. Қанат Бозымбаев жобаның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды және барлық инженерлік инфрақұрылымды толық аяқтауды тапсырды. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров заманауи медициналық жабдықтармен қамту және кадр мәселесін алдын ала шешу қажет екенін атап өтті. Болашақта аурухана жоғары технологиялы…
Қазақстанда 5–7 желтоқсан аралығында жол қозғалысы ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қарсы «Қауіпті жүргізуші» операциясы өтеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы күндері ел аумағындағы жолдарда полиция патрульдерінің саны көбейеді. Тәртіп сақшылары әсіресе ереже бұзуды әдетке айналдырған, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын және жауапкершіліктен жалтаруға тырысатын жүргізушілерді ерекше бақылауға алмақ. «Елімізде жол ережесін 40 реттен астам бұзған төрт мыңнан аса жүргізуші бар. Жалған немесе мүлде нөмірсіз жүрген көліктер мен айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер де бақылауға алынады», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова. Шара аясында арнайы мобильді топтар құрылған. Оның құрамында көлік инспекциясының мамандары, мемлекеттік…
Әміриканың мұнай алпауыттары санкцияға түскен ресейлік «Лукойлдың» шетелдік активтеріне құда түспек, деп жазады Ertenmedia. Reuters дерегіне сүйенсек, Венгрияның MOL компаниясы АҚШ билігіне хат жолдап, «Лукойлдың» шетелдегі бизнесін сатып алуға қызығушылық білдірген. Бұған дейін Трамптың санкциясы ресейлік компанияның халықаралық активтерін 13 желтоқсанға дейін сатуға мәжбүр еткен болатын. Қазір «Лукойлмен» Exxon Mobil, Chevron және Таяу Шығыстың ірі инвесторлары келіссөз жүргізуде. Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі швейцариялық Gunvor компаниясының сатып алу ниетін қабылдамай тастаған. «Лукойлдың» Ресейден тыс жерде бірқатар маңызды активі бар. Атап айтқанда, Еуропада мұнай өңдейтін зауыттары, Қазақстан, Өзбекстан, Ирак және Мексикадағы үлесі және жүздеген жанармай бекеті бар. MOL әсіресе Еуропадағы мұнай…
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Асқар Алтаймен сұқбаттасудың сәті бірден түсе қоймады. Жазушы дәл сол кезде шетелде жүрген еді деп жазады Ertenmedia. Ол жаққа Асқар мырза ERG компаниясының басшысы Шухрат Ибрагимовтың демеушілігімен өтіп жатқан «Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауының финалына шыққан «Каскад (Қанқарыз синдромы)» романын аяқтауға аттанған болатын. – Асқар мырза, «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсына түсіп жатқаныңыз белгілі. Сіз жол жүріп кеткенде роман жазылмай қалған жоқ па? – Роман аяқталды. Бір қызығы «Каскад (Қанқарыз синдромы)» араб жерінде соңына жақындап, Еуропада бітті. Бұл джолы Катар айналып Болгариядан бір-ақ шықтым. Жалпы, роман жазғанда уақытты үзбеуге тырысам. Соңғы тараулардың нүктесі Софиядағы қонақ…
Қазақстан өңдеу өнеркәсібін жаңғыртуда жаңа, тарихи маңызды кезеңге аяқ басты. Соңғы жылдары цифрлық технологиялар, автоматтандыру және жасанды интеллектіні енгізу – сала дамуының басты бағытына айналды. Бұл – тек техникалық жаңару ғана емес, экономиканың сапалық трансформациясының айқын көрінісі, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібіндегі өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерді жүйелі түрде атап өтті. Оның пікірінше, отандық кәсіпорындар жаңа технологияларды белсенді енгізуі тиіс, ал мемлекеттік органдар кәсіпорындардың даму үшін қажетті институционалдық және инфрақұрылымдық жағдай жасауға жауапты. Премьер-министр цифрландыруға нақты мысалдар келтірді. Қазіргі таңда бірқатар ірі кәсіпорындар тиімді шешімдерді қолдануды бастады. Мысалы, “Алтыналмас” алтын өндіру кәсіпорнында ашық карьерлердегі логистика…










