Автор: Асылхан Бөрібай

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, Алматыдағы ауа сапасын жақсарту жоспары туралы айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Біз 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламаны әзірледік және өнеркәсіптік шығарындыларды азайту, сондай-ақ, көлік секторын реттеу есебінен айтарлықтай нәтижелерге қолжеткізе аламыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті ол. Алматыда әлемдегі ең ірі мегаполистердің үлгісі бойынша автотұрақ құнын арттыру, сондай-ақ, шығарындылары төмен аймақтарды (Low-emission zone) құру жоспарланып отыр. Бұл мәселе қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылмақ. «Қазіргі экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін автомобильдер үшін мұндай аймақтарға кіру ақылы болады деп болжанып отыр. Алайда электромобильдер мен экологиялық таза көлік иелеріне шектеулер әсер етпейді», -…

Толық оқу

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында жылыту маусымының өтуі қаралды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде облысқа жылу беруді екінші ЖЭО, 24 орталық қазандық және 466 автономды қазандық қамтамасыз етуде. Стансада 8 қазандық пен 6 турбина агрегаты жұмыс істейді, резервте 2 қазандық пен 1 турбина бар. Бір қазандықты күрделі жөндеу басталды, сондай-ақ станцияға жаңа мұржаны қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, қатты тасқыннан зардап шеккен 53 шақырым жоғары вольтты электр желілері мен 737 бағаны қалпына келді. Жамбыл, Жұмабаев, Тимирязев, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында 7 блок-модульдік қазандық орнатылды. Бұл 20 көпқабатты үй мен 2 әлеуметтік нысанға тұрақты жылу беруді қамтамасыз…

Толық оқу

Ішкі істер министрлігі желіде жарияланған «борышкер блогерлердің» тізімін тексереді, — деп хабарлайды ErtenMedia Tengri Life-қа сілтеп. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі басылымның ресми сауалына жауап ретінде әлеуметтік желілерде тараған тізімге қатысты пікір білдірген. Ведомство мәліметінше, бұл ақпаратты тарату дерегі тіркеліп, одан әрі қарау үшін Астана Полиция департаментіне берілген. «Әлеуметтік желілерде блогерлердің деректері бар тізімді тарату дерегі ІІМ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген және материал Астана қаласының Полиция департаментіне жіберілген. Материалды қарау барысында осы тізімнің шынайылығын анықтау бойынша шаралар қабылданады», — деді ПД өкілдері. Сонымен қатар, ведомство өкілдері тексеріс қорытындысы бойынша соталды тергеуді бастау туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін…

Толық оқу

Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге орай ұйымдастырылған,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қалпына келтіру жұмыстары арнайы комиссияның тексерісі нәтижесінде басталды. Комиссия мемориалдағы гранитті және тас плиталардың, сондай-ақ кеспе тастың тозу деңгейін бағалады. Мемориалдық кешенге 50 жыл болды, осы уақыт ішінде оның гранитті жабындысы, тас тақталары мен кеспе тастары айтарлықтай тозған, жарықтар мен кей жерлерде бұзылу белгілері пайда болған. Бұл аумақта соңғы 20 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан мемориалдың тарихи келбетін сақтай отырып, оны бастапқы қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Қалпына келтіру жұмыстары Даңқ мемориалының…

Толық оқу

Сегіз блогер өз табысын ресми түрде жариялап, 1,2 миллиард теңгеге жуық кірісті декларациялаған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, бұл блогерлер салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, бюджетке 70,6 миллион теңге көлемінде салық төлеген. «Сегіз блогер 1 165,1 миллион теңге табысын ресми түрде декларациялап, 70,6 миллион теңге көлемінде салық төледі», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Алайда кірісін жариялаған блогерлердің аты-жөндері мен олардың табысты қалай декларациялағаны туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Айта кетейік, бұған дейін желіде блогерлердің тізімі тарады. Оның ішінде Мейрамбек Бесбаев, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздарынан бастап, продюсер Баян Алагөзова, танымал блогер, кәсіпкерлер де бар. Желіні шулатқан…

Толық оқу

Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасы, көпбалалы ана, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған ана біржолғы әлеуметтік төлем алады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қаз8андағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады. Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған…

Толық оқу

Петропавлда майлы дақылдарды өңдейтін «Масло-Дел» серіктестігінің майды экстракциялау зауыты іске қосылды. Жаңа кәсіпорынға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барып,  технологиялық процеспен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Солтүстік Қазақстан облысында ірі инвестициялық жоба сәтті жүзеге асты, бұл Президенттің аграрлық саладағы өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес орындалды. Жобаға 34 млрд теңге инвестиция құйылып, толық қуатына шыққанда 220 жұмыс орны ашылады. Бюджетке 3,2 млрд.тг салық құяды. Жаңа кәсіпорын жылына 400 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдей алады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған және қалдықсыз жұмыс істейді, заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған. Зауыттың өнімі —  күнбағыс, рап және зығыр майы, сондай-ақ күнжара мен шрот. ©СҚО…

Толық оқу

Ұлытау облысында ауылдық округ әкіміне 27 мың теңге айыппұл салынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жаңаарқа аудандық сотында ауылдық округ әкіміне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 479-бабымен (заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымға уақтылы жауап бермеу) әкімшілік іс қаралды. Істің мән-жайы 2023 жылғы 6 қарашада Жаңаарқа ауданында спорт кешенінің құрылысына арналған материалдарды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеуші А. 2024 жылғы 12 қарашада Жаңаарқа ауданының әкіміне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолдаған. Бұл құжат аудан әкімінің орынбасары М. арқылы 14 қарашада ауылдық округ әкімі С.-ға орындау үшін жіберілген. Алайда әкім ұсынымға бір ай ішінде жауап бермеген. Сот отырысында С. кінәсін мойындап,…

Толық оқу

2025 жылға Жетісу облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға бюджеттен 1,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген,— деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінесілтемежасап. Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Жетісу облысы көлемінде 2 372 км арық жүйесі, 768 км канал, 3 389 бірлік су өткізу құрылысы тазартылып, елді мекендерден 21 мың м3 қар шығарылды. Сонымен қатар 572 техника, 201 мотопомпа және 31 жүзу құралы әзір. Жетісу облысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарды қабылдайтын 235 эвакуациялық пункт бар. Өңірде су басу қауіпі бар 47 елді мекен анықталып, соның 43-інде уақтылы қабылданған шаралардың арқасында қауіп азайтылды, ал қалған 4 елді мекенде алдын алу жұмыстары жоспарға…

Толық оқу

Мемлекеттік сатып алулар сайтында Маңғыстау облысы әкімдігі шамамен жалпы құны 102 миллион теңгеге жеті кроссовер сатып алмақ деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMediaLada.kz-ке сілтеп. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтында «Маңғыстау облысы әкімдігінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көлік сатып алуға конкурс жариялағаны туралы хабарланды. «Бір өтініште екі лот көрсетілген: біріншісінде 18 990 000 теңгеге бір автокөлік сатып алу қарастырылған, екіншісінде 83 340 000 теңгеге (бірлігіне 13 890 000) алты автокөлік сатып алу қарастырылған», — деп жазылған мәліметте. «Шенеуніктер бұл мақсаттарға бюджеттен 102 миллион 330 мың теңге бөлуге дайын. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанында басталып, 3 наурызда таңғы…

Толық оқу