26 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыстық Қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс дамуының негізгі бағыттары — өңдеу өнеркәсібі, туризм, шағын және орта бизнес, көлік және логистика, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары. Аталған бағыттардың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірге соңғы бес жылда 4 трлн.теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс әкімі өңірде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — инженерлік желілерді қайта құрылымдау бағытында атқарлып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға дейін 919 шақырым инженерлік…
Автор: Асылхан Бөрібай
Абай облысының әкімі Берік Уәли облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, аймақтың дамуына қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуде сөз алған облыс әкімі алда ауқымды міндет тұрғанын, межеленген жоба-жоспарлар көп екенін, бұл ретте мәслихат пен жергілікті биліктің қоян-қолтық жұмыс істеуінің маңызы зор екенін атап өтті. «Шәкәрім атамыздың «Адамдық борышың – халқыңа қызмет қыл» деген терең мағыналы сөзі әрбіріміздің азаматтық ұстанымымызға айналуы тиіс. Бүгінгі таңда өңіріміз үшін жауапкершілік жүгі зор. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, облысымыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету – ортақ парыз. Қазақ руханиятының алтын бесігі саналған, еліміздің тарихи орталығына айналған қасиетті Семейдің өсіп-өркендеуіне…
Қызылорда облысында наурыз айындағы мерекелерді кең көлемде атап өту мақсатында түрлі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов брифингте баяндады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыз айындағы мерекелер тек табиғаттың жаңаруы мен көктемнің келуін атап өтумен шектелмейді. Бұл мерекелер халық арасында достықты, сыйластықты және бірлікті нығайтуға, еліміздің мәдени мұрасын сақтауға бағытталған. Наурыз айында өткізілетін әрбір мереке өзінше маңызды және терең мағынаға ие. Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні — биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен қатар келіп отыр. «Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл» айдарымен біз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің мызғымас…
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда аудандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті. Аудан басшысы ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті. Инвесторлар Сайрам ауданы аумағынан жасыл технология негізінде Биогаз өндірісін жолға қоймақ. Мал қалдықтарын кәдеге асыра отырып, электр және жылу энергиясын жетілдіру мақсатында құрылатын зауыттың жылдық қуаты сағатына 4,95 МВт…
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, іздеуде болған Тимур Сәдуақасовты Қазақстан аумағына жеткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тимур Сәдуақасов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген. 2023 жылғы шілдеде Т.Х. Сәдуақасов пен адвокат С.Н. Құрманбаев қызметтік байланыстарын пайдаланып, В.И. Долгалевтің іскерлік серіктестеріне қатысты соталды тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған. Бұл мәселені шешу үшін Т.Х. Сәдуақасов пен С.Н. Құрманбаевқа заңсыз сыйақы ретінде 225 млн теңге беру жөнінде келісім жасалған. Алайда күдіктілер параның алғашқы бөлігі, яғни 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндетін орындамаған. Кейін Т.Х.…
Алматы облысының Полиция департаменті Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полиция мәліметінше, былтыр 4 қазанға қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған. «Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ, қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды», — деп жазылған хабарламада. Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелген. «Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлел, сараптама қорытындылары, жауап алу…
Қазақсан халқы Ассамблеясының жас белсенділері биыл құрылғанына 30 жыл толатын ұйымның осынау мерейлі датаға ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен жетіп отырғанын айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ҚХА жанындағы Жас ғалымдар клубының тең төрағасы Анель Пимичеваның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізді мекен ететін түрлі этнос өкілдері бірлестіктерінің басы қосылған орта ғана емес, мәдениет, ғылым, білім мен өзара ынтымақтастықтың ордасына айналып үлгерген. – Бізде жас ғалымдар клубы құрылды. Бұл клуб құрылғалы бері біраз жұмысты атқарып үлгердік. Этномәдени бірлестіктердің жұмысы, әр этностың мәдениеті, олардың бірегейлігі, ерекшеліктері туралы зерттеулер жүргіздік. Бұл зерттеулер этносаралық татулықты нығайтуымен қатар жас ғалымдарға этномәдениет, этносаясат бағытында көптеген пайдалы…
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай айдау көлемін қысқарту қаупі жоқ. Бұл туралы брифингте Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеген. Оның сөзінен «Власть» үзінді келтіреді, — деп хабарлайды ErtenMedia Азаттыққа сілтеп. «Қазіргі уақытта мұнай тиеу көлемін қысқарту бойынша қауіп жоқ. Яғни, бұл станцияның транзиттік режимде өтуіне қатысты техникалық шешімдер қабылданды. Қазақстандық мұнайды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін тиісті қоспалардың қосымша көлемі сатып алынды. Қазіргі уақытта қауіп аз» деді министр. Оның сөзінше, бір топ қазақстандық маман «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына барып, оны тексеру жұмыстарына қатысқан. Бұған қоса, дрон шабуылы бойынша Украинамен кеңестер дипломатиялық арналар арқылы да жүрген. Оның сөзінше, шығынды қалпына келтіруге…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер» атағы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, ҒЗИ және ЖОО басшылары, Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен оқытушылары қатысты. 2005 жылдан бастап «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы оларға дәстүрлі түрде оқытушылық және ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктері үшін беріледі. ©Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі Іс-шара рәсімінің ашылуында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барлық жеңімпаз оқытушыларды құттықтап, ғылым…
6 жылдан аса уақыт жасырынып жүрген күдікті Қырғызстанда ұсталды, деп хабарлайды ErtenMedia. ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы ер адам Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған. «Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада. Қазақстандықты Қырғызстанның МҰҚК қызметкерлері 24 ақпанда Бішкекте ұстаған.
