Соңғы 10 күнде Астанада бір айлық нормадан артық қар жауды. Қысқы маусым басталғалы қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау және арнайы полигондарға шығару жұмысы елорданың барлық алты ауданында үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Күндіз ауа температурасының нөлден жоғары болып, қар еріп, түнде күрт суытуына байланысты жолдар мен тротуарларда көктайғақ орнайды. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Қыс басталғалы бері көктайғаққа қарсы 3000 тоннадан астам материал пайдаланылып, 176 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 14 164 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең. Барлық жұмыс тәулік бойы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Адами капиталға салынған инвестиция экономикалық өсімнің негізгі қозғаушысы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары еңбек нарығын дамытуға, өңірлердің әлеуетін күшейтуге және фармацевтикадағы импорттық тәуелділікті азайтуға бағытталып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Еңбек нарығындағы сұраныс Соңғы жылдары медицина мамандарына деген қажеттілік айқын сезілді. 2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 10 530 жас маман тәмамдайды. Оның 1333-і ауылдық ұйымдарға жіберіледі, бұл 2024 жылға қарағанда екі есе көп. Ауыл аймақтарын дәрігерлермен қамтамасыз ету үшін 8,5 млн теңге мөлшеріндегі көтермеақы енгізіліп, 254 маман қолдауға ие болды. Соның нәтижесінде дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 13%-ға төмендеді. Интернатура мен резидентураның жаңа бағыттары ашылып, 20-дан астам…
2025 жылғы ТОП-500 «единорогтар» тізіміне Қытайдан 150 компания кіргені хабарланды. «Единорог» деп әдетте нарықтық бағасы 1 млрд АҚШ долларынан асқан, әлі биржаға шықпаған жеке стартаптарды атайды. Мұндай компаниялар көбіне жаңа технологияға, цифрлық сервистерге, онлайн платформаларға сүйенеді. Бұдан Қытайдағы жеке бизнестің, әсіресе технологиялық сектордың қаншалықты қарқын алып жатқанын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Статистикаға қарағанда, бір жылдың ішінде жасанды интеллект саласындағы «единорогтар» саны 20-дан 36-ға дейін өскен. Соның ішінде қытайлық AI-стартаптардың өзі 2-ден 9-ға көбейгені айтылды. Бұдан жаһандық технологиялық бәсекенің бағытын аңғаруға болады. Жасанды интеллект қазір өнеркәсіптен бастап, қаржы, логистика, денсаулық сақтау сияқты барлық салаға еніп жатыр. Қай ел осы бағытта көбірек…
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін шетелге сатуға уақытша шектеу енгізді. Ресми құжатқа сәйкес, сиыр еті экспортына квота 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады. Жалпы рұқсат етілген көлем 13 мың тонна. Бұл мөлшер үшінші елдерге де, Еуразиялық экономикалық одақтағы серіктестерге де ортақ. Яғни, қазақстандық өндірушілер сол шектен асып өте алмайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Квота бәріне бірдей берілмейді. Оны тек өзінде кем дегенде 5 мың басқа дейін ірі қара ұстайтын, арнайы бордақылау алаңы бар және етті өңдейтін өндірістік қуаты бар компаниялар ғана ала алады. Әр кәсіпорынға рұқсат етілетін экспорт көлемі де шектелген. Кәсіпорынның қуатына қарай 1 мыңнан 4 мың тоннаға дейін…
Бас аудитор Әлихан Смайылов жүргізген тексеріс нәтижесінде Жамбыл облысындағы өткір мәселелердің беті ашылды деп жазады Ertenmedia. Жоғары аудиторлық палата Жамбыл өңірін тексеріп, аймақтағы жағдайға шынайы баға беріпті. Соңғы 4 жылда облыстың ел экономикасындағы үлесі 2,7 пайыздан 2,3 пайызға дейін төмендеген. Инвестиция көлемі биыл біраз өскенімен, жалпы көрсеткіш бойынша басқа өңірлерден үш есе артта қалып отыр. Аудиторлардың айтуынша, Ербол Қарашөкеев басқаратын облыс бюджетінің 80 пайызы әлі де орталықтың мойнында. Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен берілетін ақша 344 млрд теңгеден 521 млрд теңгеге жеткенімен, соның 38 млрд теңгесі жұмсалмай, босқа тұрған. Өңірдің Астанаға тәуелдігі тым жоғары. Осы кезеңде бюджеттен берілген трансферттер көлемі…
Үкімет сиыр етінің экспортына қайта шектеу қойып, жалпы көлемін бар-жоғы 13 мың тонна деп бекітті, деп жазады Ertenmedia. Жаңа ереже 2 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Ауылминнің бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ірі қараның етін сыртқа шығаруға сандық квота енгізіледі. Шектеу жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған ет түрінің бәріне қатысты. Экспорт көлемі Еуразиялық одақ елдеріне де, өзге мемлекеттерге де ортақ тәртіппен есептеледі. Министрлік квота бөлудің қатаң шартын бекіткен екен. Енді ет экспорттау құқығы тек бірнеше талапқа сай келетін шаруашылықтар мен арнайы экспорттаушы компанияларға беріледі. Атап айтқанда, экспорттаушының ресми тіркеу нөмірі бар өз ет өңдеу зауыты, кемінде 5 мың бас…
«Отбасы банк» 4 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағы есебінен офтальмологиялық қызметке төлем жасау үшін өтінім қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Ertenmedia. Банк шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес қабылдаған. Бұған дейін тіс емдеу қызметіне де осындай шектеу қойылған еді. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мерзімге дейін түскен өтінімдер әдеттегі тәртіппен қаралады. Қазіргі уақытта офтальмология бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 15 808 өтінім қаралу үстінде. Қыркүйек айында стоматология қызметтерін зейнетақы есебінен төлеуге тыйым салынған соң көз емдеу қызметіне сұраныс күрт артқан. Қыркүйекке дейін офтальмологиялық қызмет бойынша айына шамамен 170 өтініш мақұлданса, кейін осы көрсеткіш бірден 1264-ке жеткен. «Отбасы банкі» қызметкерлері кейбір…
Қазақстан мен Еуроодақ визалық рәсімді жеңілдету және реадмиссия туралы келісім жасау бойынша алғашқы ресми келіссөзді бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Тараптар бастаманы желтоқсанда 10 жыл толатын кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің лайықты жалғасы ретінде бағалады. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еурокомиссияның Миграция және ішкі істер жөніндегі бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Луқнер төрағалық етті. Алғашқы кездесу сындарлы әрі іскерлік сипатта өтті. Сыртқы істер министрлігі процестің тарихи мәні зор екенін ерекше атап өтті. Себебі бұған дейін Еуроодақ Түркістанның ешбір елімен визалық келісім бойынша ресми келіссөз жүргізбеген. «Кездесу барысында тараптар ұстанымын ортаға салып, бастапқы бағдарларды айқындап, алдағы атқарылар…
Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа жоба қолға алынды. Тәртіп сақшыларының бұл бастамасын облыстық білім басқармасы мен ата-аналар бірлесіп қолдап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Пилоттық жоба ретінде Текелі қаласында екінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары, яғни 2,5 мың оқушы жарық шығылыстырғыш күртешемен қамтылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, көріну элементтері бар жарық шығылыстырғыш күртешелер мен киімдер көлік жүргізушілердің әсіресе көру мүмкіндігі нашар жауынды, тұманды күндері немесе қараңғы түскен мезгілде балаларды алыстан байқауына мүмкіндік береді. Сондықтан полиция қызметкерлері бұл жобаны қолдау туралы ұсынысын мектеп оқушыларының ата-аналарына жеткізген болатын. Облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өңір мектептерінде 1900-дей іс-шара…
Журналист Михаил Козачков Алматы қаласындағы №10 қалалық емхананың бұрынғы директоры төңірегіндегі істі Фейсбукте тарқатып жазды. Оның айтуынша, «Қалалық поликлиника №10» мекемесінің басшысы болған Гүлнар Қалибекова екі жекеменшік лабораториямен келісіп, мемлекет есебінен жасалмаған талдаулар үшін ақша төлеткізген. Схема қарапайым болған. Жүйеде бар сияқты боп көрінетін, бірақ шын мәнінде пациентке жасалмаған, деп жазады Ertenmedia.kz. Козачков келтірген дерекке сүйенсек, Қалибекова өткен жылдың көктемінде директор болып тағайындалған. 2025 жылдың басында емхана «АкваЛаб» ЖШС және «OpenHealthcare Kazakhstan» ЖШС компанияларымен диагностикалық және лабораториялық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасайды. Бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында бюджет есебінен төленуі тиіс. Яғни, пациентке…










