Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматыда 4-клиникалық аурухананың базасында көп ағзалық донорлыққа байланысты күрделі медициналық процесс жүрді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының мәліметіне қарағанда, донор 1967 жылы туған ер адам болған, дәрігерлер оған ми өлімі диагнозын қойған. Отбасы жақындарымен кеңесіп, ағзаларын басқа науқастарға беруге келісім бергеннен кейін мамандар жүрек, бауыр және екі бүйректі алу операциясын ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үйлестіру жұмыстары алдын ала жоспар бойынша жүріп, әр трансплантаттау бригадасы өз науқасына уақытында жеткізу үшін бірлесіп әрекет етті. Жүрек Алматыдағы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында» 1967 жылы туған пациентке қондырылды. Дәл осы жылы туған тағы бір…

Read More
Заң

Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде оқитын жасөспірімдер желтоқсанның 1-15 аралығында қаржылық қауіпсіздік негіздерін ойын форматында меңгеріп жатыр. «Qarzhy Saqshysy» деп аталатын компьютерлік жоба «Заң және тәртіп» жалпыұлттық нарративі аясында өтіп, жастарды заманауи цифрлық қатерлерден қорғауға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаны Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Білім басқармасы бірлесіп іске асырып отыр, ал ойынды AML Academy Қаржылық мониторинг агенттігімен бірге Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірлеген. Негізгі мақсат жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын көтеріп, интернетте, мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілерде жауапты әрі сақ болу дағдысын қалыптастыру. Ойын барысында оқушыларға қазіргі уақытта жиі кездесетін қаржылық алаяқтық тәсілдері түсіндіріледі. Қаржы пирамидалары қалай жұмыс…

Read More
Қайрат Қожамжаров

Алматының Медеу аудандық соты Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры Дулат Қожамжаров пен оған тиесілі фирмалардың мүлкін бұғаттады жазады Ertenmedia. BesMedia басылымының мәліметінше, бұған «Халық банкінің» шағымына себеп болған. Банк 2,63 млрд теңге көлеміндегі берешекті қайтару үшін кәсіпкер мен оның компанияларына тиесілі мүлікті бұғаттауды талап еткен. «Жауапкер тараптар «Ойл Снаб» компания тобы, «HILL Resources», «HILL Invest», «AvtoTechMas Ltd» ЖШС-ы, сондай-ақ Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжарованың барлық жылжымалы-жылжымайтын мүлкіне 2,63 млрд теңге көлемінде шектеу қойылсын», – делінген сот шешімінде. Дулат Қожамжаров байлығы 100 млн доллардан (!) асып жығылатын ауқатты қазақты бірі. Оның меншігінде 7 компания тіркелген. Бас прокуратура Қожамжаровтың інісін «заңсыз активті қайтару»…

Read More
Финполдың экс-төрағасы

Финполдың экс-төрағасы Қайрат Қожамжаров 2025 жылдың басынан бері Мәскеуде тұрып жатыр, деп жазады Ertenmedia. Elmedia-ның дерегінше, соңғы кезде Ресей Қожамжаровқа қолайсыз болып жүр, ескі Қазақстанның белді өкілі басқа елге қоныс аударуды жоспарлап жүр дейді-мыс. Егер бұл рас болса, демек Қайрекеңнің Мәскеудегі ықпалды достары оған қауіпсіздік кепілдігін бере алмайтынын, тиісінше тергеуден арашалап қала алмайтынын жеткізген. “Біздегі мәлімет бойынша, Қожамжаров Мәскеуге биылғы жылдың басында көшіп келген. Өзімен бірге Қостанай тумасы, ел ішінде Марго аталып кеткен Мәргәрита Александрова дейтін тоқалын да ертіп алған. Тоқалдан туған екі ұл Мәскеудегі беделді гимназиялардың бірінде оқиды. Қайрат Пернешұлы балаларын мектептен өзі алып кетеді екен. VIP санатындағы фастфудтан…

Read More
Спорт

Спорт тек медаль мен рекордтар емес, елдің экономикалық қуатын арттыратын маңызды сала. Соңғы жылдары елімізде спорттық заңнаманы жаңарту, бұқаралық спортты дамыту, инфрақұрылым салу және ірі жарыстар өткізу ел экономикасына нақты пайда әкеле бастады, деп жазады Ertenmedia.kz.  Бюджет саясаты: легионерден – ұлттық спортқа 2025 жылғы 16 маусымнан бастап бюджет қаражаты есебінен шетелдік легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынды. Бұл шешім бір қарағанда тек спорттық кадр саясатына қатысты секілді. Алайда шын мәнінде қаржы ағынының бағытын өзгертіп, ішкі нарықты қолдауға мүмкіндік беріп отыр. Бұдан былай Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындары мен Ұлттық ойындардағы нәтижелерге қарай қаржыландыру басымдық алады. Яғни қаражат нақты нәтиже әкелетін ұлттық құрамаға, балалар…

Read More

Мәдениет пен креативті индустрия бүгінде тек рухани саланың шеңберінде қалмай, нақты экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын қалыптастыратын бағытқа айналып келеді. Қазақстанда қабылданып жатқан салықтық ынталандырулар, инфрақұрылымдық жобалар және кино мен баспа саласын қолдауға арналған тетіктер осы сектордың нарықтық әлеуетін күшейтті, деп жазады Ertenmedia.kz.  Нарыққа жол ашқан инфрақұрылым Креативті индустрияны дамыту үшін 17 өңірде 18 креативті орталық ашылып, салықтық жеңілдіктер енгізілді. Сонымен бірге білім беру бағдарламалары, акселераторлар және халықаралық тағылымдамалар іске қосылды. Бұл – жас таланттарға ғана мүмкіндік емес, шағын бизнес пен стартаптарға тұрақты экожүйе қалыптастырудың тиімді құралы. Өйткені креативті өнім жасау үшін орта, құрал және нарыққа шығу жолдары қажет.…

Read More
Серік Шәпеков

Атырау облысында халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен және электр желілерімен қамтамасыз ету деңгейі 99,9 пайызға жеткен. Яғни 713 мыңнан астам тұрғынның басым бөлігі негізгі коммуналдық игіліктерге қосылған. Бұл турасында Астанада Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы Серік Шәпкеновтің айтуынша, соңғы кезеңде электр желілерін жаңғыртуға басымдық берілген. Атырау қаласы мен аудандарда 302 шақырым электр желісі жаңартылыпты. Ескі сымдар ауыстырылып, апатты жағдайлар азайтуға бағытталған шаралар қабылданнып жатқанын естідік. Әкім кездесуде журналситерге қуаттылығы 32 МВт болатын «Нұрсая-Самал» қосалқы стансасының құрылысы аяқталғаны да айтылғанын да айтты. Бұл жаңа ықшамаудандар мен халық саны өсіп келе…

Read More
Серік Шапеков Атырау облысы

Атырау аймағы соңғы жылдары тек мұнаймен емес, жол мен көлік инфрақұрылымын жаңартумен де көзге түсіп жатыр. Осы ретте облыс басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар орталығында журналистермен жүздесуде биыл өңірде 247,9 шақырым жол жөнделген айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Осының арқасында Атырау облысында жақсы жағдайда тұрған автомобиль жолдарының үлесі 78 пайыздан 83 пайызға өскен. Санмен айтқанда, әрбір он шақырымның сегізінен астамы қалыпты деңгейге жақындап келеді. Жергілікті тұрғын үшін бұл күнделікті жүрісінің жеңілдеуі, ауыл мен қала арасындағы қатынастың біршама сенімді бола бастауы. Жолаушы тасымалы тек жолмен шектелмейді. Брифингте автожол, авиация және теміржол салаларында да жаңарту жүріп жатыр деген ақпарат берілді. Әуе қатынасын дамыту…

Read More
Маңғыстау облысы әкімдігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес Маңғыстау облысында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Соңғы үш жылда облыстың негізгі капиталына 2,9 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы,деп жазады Ertenmedia.kz. Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, биыл жалпы құны шамамен 230 млрд теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, нәтижесінде 550-ге жуық тұрақты жаңа жұмыс орны ашылған. – Жыл соңына дейін жалпы құны 38 млрд теңге болатын тағы бес жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жыл басынан бері ірі шетелдік инвесторларды тарту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында жақын және…

Read More
Аида Балаева

Волонтерлер күні тек күнтізбедегі дата емес, ел ішіндегі мейірім мен жауапкершіліктің мерекесі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Аида Балаева өз құттықтауында волонтерліктің мәдениет, білім, экология, медицина және әлеуметтік қолдаудағы рөлін ерекше атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізеді. – Құрметті волонтерлер! Құрметті достар! Сіздерді Халықаралық волонтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі кезде волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сіздер мәдениет пен білім, экология мен медицина, әлеуметтік қолдау мен қайырымдылық салаларының дамуына үлес қосып келесіздер. Кейінгі жылдары Қазақстанда волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, ол әрқашан мемлекеттік саясаттың назарында. Дәл бүгін БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы…

Read More