Автор: Асылхан Бөрібай

Үкіметтің брифингінде Көлік министрлігі басшысы жанармай бағасының өсуі такси қызметтеріне қалай әсер ететінін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia Orda.kz-ке сілтеп. Министрдің айтуынша, такси қызметтерінің бағасын мемлекет реттемейді. Егер такси жүргізушілері үшін өз-өзін реттейтін ұйымдар құрылса, бензиннің қымбаттауына қарамастан, такси бағасы төмендеуі мүмкін екен. «Біз өз-өзін реттейтін ұйымдар туралы заң жобасын талқыладық. Соның аясында интернет-агрегаторлар мен такси жүргізушілері өзара келісімге келіп, 1 шақырым жол жүру құнын және агрегаторлардың пайыздық мөлшерлемесін анықтай алады. Бұл – такси жүргізушілері мен агрегаторлар арасындағы нарықтық қатынас», — деп түсіндірді ол. Марат Қарабаев «өз-өзін реттейтін ұйымдар құрылуына байланысты такси қызметтерінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәдина Әбілқасымова қаржы нарығын дамыту саласының былтырғы қорытындылары туралы есеп берді; банк секторында тұрақтылық сақталып тұрғаны жөнінде баяндады: – 2024 жылдың басынан бері банктердің активтері 19,7 пайызға, яғни 61,6 триллион теңгеге дейін өскен; – экономиканы кредиттеу 20,9 пайызға немесе 33,8 триллион теңгеге дейін ұлғайған; – банктердің жұмыс істемейтін активтері – 3,1 пайыздан төмен деңгейде; – агенттік 21 банкке жыл сайынғы қадағалау-бағалау жұмыстарын аяқтаған. Сондай-ақ 11 банктің активі сапалық тұрғыдан бағаланып, стресс-тестілеу жүргізілген. Аталған шара банк жүйесі активтерінің 85 пайызын қамтыған. Бұған қоса, 400 миллиард…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде дау тудырған, астаналық имамның үйі деген видеоны таратқан адам жұрттан кешірім сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia. ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы видеоны таратқан адам туралы ақпарат жариялады. «Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым. Жаман оймен түсірсем, видеоны өз парақшама салмайтын едім», — дейді…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халыққа қаражатты қалай үнемдеу керектігі туралы кеңес берді, — деп жазады Ertenmedia. «Несие алмаңдар, iPhone 14, 15, 16 сатып алмаңдар. Сондай-ақ тауарды бөліп төлеу (рассрочка) жолымен алуға да әуес болмау қажет. Яғни, жарнаманың жетегінде кетудің қажеті жоқ. Жәрмеңкелерге барып, барынша үнемдеген дұрыс. Қазіргі таңда «Аманат» партиясының бастамасымен «Қоғам қарызсыз» жобасы іске асып жатыр, сол жерде толық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Көптеген жас отбасы кешкі уақытта кино көруге немесе кітап оқуға чипсы, кока-кола секілді дүниелерді пайдаланғанды жөн көреді. Біріншіден, бұл денсаулыққа зиян, екіншіден – артық шығын. Мұндай нәрселерге айына 150-200 мың теңге кетеді. Менің ойымша, халықты үнемшілдікке…

Толық оқу

Болат Назарбаевтың 2000 жылы дүниеге келген Ақбота Назарбаева есімді қызы бар. KursivMedia Ақбота Болатқызының атына тіркелген мүлікті түгендеп шыққан, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басылым мәліметінше, Ақбота Назарбаеваның атында қазір үш компания тіркелген: RUS Trans Oil ЖШС, BN-E Capital Group ЖШС және Asiabet ЖШС. «Asiabet букмекерлік компаниясы 2020 жыл құрыла салып, Назарбаеваның атына жазылып, ол құрылтайшы әрі директор болған. Компанияның құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу шараларын өткізу туралы рұқсаты бар. Компания Алматы қаласы Қазыбек би көшесінде тіркелген. Ресми тіркелгеніне 5 жыл өткеніне қарамастан, компанияның салық төлегені туралы ақпарат жоқ», — деп жазылған басылым дерегінде. Мәліметте Назарбаеваның атындағы ең ірі компания деп RUS Trans Oil компаниясы…

Толық оқу

Ұлы Британия тележүргізушісі, журналист Афшин Раттанси Х әлеуметтік желісінде АҚШ Халқаралық даму агенттігінің (ағылшынша — United States Agency for International Development, USAID) жұмысына қатысты жазды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – АҚШ Халқаралық даму агенттігі (ағылшынша — United States Agency for International Development, USAID) ақыры өлді ме, оны алты фут жерге көмді ме? Демократтар әлі де Вашингтонның «терең мемлекетінің» сыртқы саясаттағы қылмыстық режимді өзгерту құралын құтқаруға тырысып жатыр. Бұл жиіркенішті ұйым «демократияны нығайту» мен «БАҚ-ты қолдау» деген сылтаумен әр елге кіріп, сол елдерге апатқа алып келді, – деп сөзін бастады ол. Афшин Раттансидің сөзінше, АҚШ Халқаралық даму агенттігі өзінің гранттары арқылы…

Толық оқу

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру ақысы төрт есе көбейе ме деген сауалға көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia «Курсивке» сілтеп. Сейсенбі күні Астанадағы үкімет сағатында республикадағы жолдар мәселесі талқыланды. Содан кейін журналистер үшін брифинг ұйымдастырған көлік министрі Қарабаев ақылы жолдар тарифіне қатысты сауалдарға жауап берді. Журналистердің бірі министрден «әлеуметтік желілерде биыл ақылы жолдар тарифі төрт есе көбейеді деген болжам таралып жатыр. Сол рас па?» деп сұраған. «Ақылы жолдар төрт есе қымбаттайды деген әңгімелерді растамаймын. Тарифті көтеру әр жолда әртүрлі жүзеге асады. Біреуінде 30 пайыз, тағы бірінде 40 пайыз қымбаттауы мүмкін. Жалпы алғанда біз жәймендеп қымбаттатып жатырмыз. Тағы қайталап айтамын,…

Толық оқу

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Алайда нәтижесі жақын арада белгілі болмақ, — деп хабарлайды ErtenMedia. Көлік министрі Үкіметте өткен брифингте мән-жайды айтты. «Мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Бразилия және ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын бұған дейін де айттық. Алдағы күндері алдын ала есеп біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз. Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт қажет. Бұл — өте ауыр жұмыс», — деді Қарабаев. Айта кетейік, бұған дейін апатқа қатысты зерттеулерге шетелдік мамандар да тартылғаны хабарланды. Қазір 17-18 сарапшы жұмыс істеп жатыр, олардың қатарында Әзербайжан, Ресей, Бразилия және Нидерландтан келген мамандар бар. Олар 2024…

Толық оқу

Қостанай облысында Бейімбет Майлин ауданы Мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы Мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты соталды тергеуді аяқтады. «Мәслихат төрағасы өзіне аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттары талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталып отыр», — деп жазылған хабарламада. Биыл 23 қаңтарда қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Бұған дейінгі оқиға Бұған дейін Ақтөбе облысында шенеунік депутаттармен бірлесіп, 672 млн теңгені…

Толық оқу

Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) шегін 78,6 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін төмендету және оның мөлшерлемесін 20%-ға дейін арттыру бастамасы теріс зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек LS сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. Депутат өзгерістер инвесторлардың елден кетуіне және қымбатшылыққа жол ашатынын ескертті, — деп хабарлайды ErtenMedia. “Жұманғарин ұсынды, алайда шешімді Парламент қабылдайды” Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин көтерген бұл ұсыныстың түпкілікті тағдырына Парламент жауапты екенін айтқан депутат Базарбек жаңа Салық кодексін талқылау әзірге жүріп жатқанын еске салды. Депутаттың өзі ҚҚС шегін күрт түсіру және мөлшерлемені өсіру шараларын қолдамайтынын ашық білдірді. Оның сөзінше, мұндай маңызды салық саясатын…

Толық оқу