Ақтөба облысында «Мағаджан» бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.
Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания саналатын ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған.
«2024 жылғы 4 сәуірде бөгеттің жарылуы нәтижесінде Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымға зиян келтірілді», — деп жазылған хабарламада.
Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.