Автор: Асылхан Бөрібай

Құран блогер

Құран сүресін рэп етіп оқып, желіде қызу талқыға түскен блогердің әрекетіне ҚМДБ баға берді, — деп хабарлайды Ertenmedia. «Отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда «Мағун» сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар «Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты» деп жазды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шыққан әрекеттерге алаңдаушылық білдіреді және олардың ісін қатаң айыптайды, сонымен қатар азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға үндейді», — деп жазылған хабарламада. ҚМДБ Құран Кәрімді келемеждеу, оны мазаққа айналдыруды қасиетті кітапқа құрметсіздік деп есептейтіндерін мәлімдеді. «Бұл жерде Құран Кәрім де, оған қатысты әдептер де аяқасты етілген. Құран Кәрім – Алла Тағаланың…

Толық оқу
АЭС энергетика

Энергетика министрлігі АЭС-құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ertenmedia. Қазақстан атом электр станциясына қатысушы вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайтыны айтылды. Министрлік атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтағанын мәлімдеді. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді», — деп жазылған хабарламада. 21 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барған. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздердің соңғы кезеңі болған. 2024 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін Корея Республикасына, Франция Республикасына және Қытай Халық Республикасына осындай…

Толық оқу
Болат Мажағұлов сотталды.

Астана қаласының Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол сот отырысында соңғы сөзін айтып, өз кінәсін толықтай мойындамайтынын жеткізді. «Барлығы ойдан шығарылған, ешқандай нақты дәлел жоқ. Өзімді кінәлі деп есептемеймін. Сонымен қатар, сотта менің кінәсіздігім толық дәлелденді. Бірақ мен сынбаймын, өз шындығымды соңына дейін дәлелдеймін, өйткені мен балаларыма қажетпін. Маған тағылған айыптардың бәрі негізсіз. Іс материалдарында менің шотыма ақша аударылғаны немесе менің тарапымнан заңсыз баю фактісі анықталған жоқ. Банктердегі барлық шот тексерілді, заңсыз алынған мүлік табылмады», — деді Мажағұлов өз сөзінде. Сот үкімі бүгін сағат 15:00-де шығарылады. Мемлекеттік…

Толық оқу

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шарты өзгеруі мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазіргі уақытта банктер үш ай бойы әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым алған қазақстандықтар туралы салық органдарына ақпарат беруге міндетті. Сонымен қатар, ақшаның түскен шоты кәсіпкерлік мақсаттарға арналмауға тиіс. Енді Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп, бұл ережелерге өзгерістер енгізуі мүмкін. «Қолданыстағы шарттарға шекті сома енгізіледі, яғни мобильді аударымдар 3 ай ішінде 12 АЕК-тен (1 020 000 теңге) асқан жағдайда ғана салық органдарына хабарланады», — делінген хабарламада. Бұл өзгерістер бойынша 3 ай ішінде қазақстандықтарға 1,02 миллион теңгеден аз аударым түскен болса, банктер салық органдарына ақпарат бермейтін болады. Аударымдардың саны үш ай бойы…

Толық оқу

«Қазақстан халқы» қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдаған. «Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, оның 62-сін іске асырды», — деп жазылған қордың баспасөз қызметі хабарламасында. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару…

Толық оқу

Атырауда ескерткіштің астына қалып қайтыс болған қыздың ата-анасы әділдік іздеп жүр. Ол «тергеу дұрыс жүріп, кінәлілер жазасын алсын» дейді, — деп хабарлайды ErtenMedia «Астана» телеарнасына сілтеп. Айдос Сабыров сол қайғылы кешті еске алған сайын қиналады. «Жеңіс» саябағына ұл-қызымен алаңсыз қыдырып шыққан отбасы өміріміз бір сәтте астан-кестен болды деп отыр. Сол күннен кейін 8 жастағы ұлы түнімен шошып оянатын көрінеді. Өзінің омыртқасы мен қабырғасы, тізесі сынып, әрең бой көтергенін жеткізді. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын. Адвокаттың айтуынша, монументтік өнер құрылысын орнатудың ережесі мен қағидасы талаптары орындалмаған. «Бұл қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізіліп, тараптар материалдармен танысып жатыр. Содан соң жинақталған іс құжаттары…

Толық оқу

Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданыс аясы күн санап кеңейіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатындағы қазақ тілінің бәсекеге қабілеті туралы ойлары қоғамда қызу талқылануда. Жастар арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артып, тіпті қазақша сөйлеу сәнге айналып келеді. Бұл үрдіс болашақта тіліміздің мәртебесін арттырумен қатар, оның әлемдік аренада лайықты орын алуына жол ашуы мүмкін. Жазушы Дәурен Қуат осы және басқа да маңызды мәселелерді қозғай отырып, мемлекеттік тілді дамыту жолындағы жетістіктер мен алда тұрған міндеттер туралы ой бөлісті. – Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келетінін…

Толық оқу
Тоқаев банктер туралы

Мемлекеттен алған берешекті тезірек қайтаруды талап еткен Тоқаевтың сөзі Банк Центр Кредитке (БЦК) қамшы болып тиді деп жазады Ertenmedia.kz. Банк былтыр желтоқсан айында қарызының бір бөлігін (20 млрд теңге) өтеген. Осылайша, бастапқы 60 млрд теңге қарыздың қазір 40 млрд теңгесі қалған. 2017–2020 жылдар аралығында Jusan Bank, Еуразиялық банк, Halyk Bank, Nurbank және Банк ЦентрКредит секілді бірқатар қаржы ұйымдары Ұлттық қордан 15 жылға есептелген ауқымды көмек алған. Мемлекет басшысы кейбір банктердің барлық шығынын жауып алғанын, бірақ берешекті қайтармай, керісінше, оны түрлі платформаларға жоғары пайызбен салып, тұрақты кіріс тауып отырғанын сынға алған. “Банктер Үкіметтің не халықтың қас жауы емес, бірақ әділ серіктестік…

Толық оқу

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі ресурстардың админдері мен желі қолданушыларына үндеу жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Министр Балаеваның айтуынша, мониторинг нәтижесінде онлайн платформаларда көбіне заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі тарайтыны анықталған. Аида Балаева осы мәселеге байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтарды мұқият қадағалап, расталмаған ақпарат таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұрады. «Миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, біздің министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін атап өткім келеді. Дегенмен желілік ресурстардың…

Толық оқу

Астанада полиция қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері болған. Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. ІІМ мәліметінше, эпизодтардың бірінде олар қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Тағы бір жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау деректері бойынша жүргізіліп жатыр», — деді…

Толық оқу