Болат Назарбаевтың 2000 жылы дүниеге келген Ақбота Назарбаева есімді қызы бар. KursivMedia Ақбота Болатқызының атына тіркелген мүлікті түгендеп шыққан, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басылым мәліметінше, Ақбота Назарбаеваның атында қазір үш компания тіркелген: RUS Trans Oil ЖШС, BN-E Capital Group ЖШС және Asiabet ЖШС. «Asiabet букмекерлік компаниясы 2020 жыл құрыла салып, Назарбаеваның атына жазылып, ол құрылтайшы әрі директор болған. Компанияның құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу шараларын өткізу туралы рұқсаты бар. Компания Алматы қаласы Қазыбек би көшесінде тіркелген. Ресми тіркелгеніне 5 жыл өткеніне қарамастан, компанияның салық төлегені туралы ақпарат жоқ», — деп жазылған басылым дерегінде. Мәліметте Назарбаеваның атындағы ең ірі компания деп RUS Trans Oil компаниясы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ұлы Британия тележүргізушісі, журналист Афшин Раттанси Х әлеуметтік желісінде АҚШ Халқаралық даму агенттігінің (ағылшынша — United States Agency for International Development, USAID) жұмысына қатысты жазды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – АҚШ Халқаралық даму агенттігі (ағылшынша — United States Agency for International Development, USAID) ақыры өлді ме, оны алты фут жерге көмді ме? Демократтар әлі де Вашингтонның «терең мемлекетінің» сыртқы саясаттағы қылмыстық режимді өзгерту құралын құтқаруға тырысып жатыр. Бұл жиіркенішті ұйым «демократияны нығайту» мен «БАҚ-ты қолдау» деген сылтаумен әр елге кіріп, сол елдерге апатқа алып келді, – деп сөзін бастады ол. Афшин Раттансидің сөзінше, АҚШ Халқаралық даму агенттігі өзінің гранттары арқылы…
Қазақстанда ақылы жолдармен жүру ақысы төрт есе көбейе ме деген сауалға көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia «Курсивке» сілтеп. Сейсенбі күні Астанадағы үкімет сағатында республикадағы жолдар мәселесі талқыланды. Содан кейін журналистер үшін брифинг ұйымдастырған көлік министрі Қарабаев ақылы жолдар тарифіне қатысты сауалдарға жауап берді. Журналистердің бірі министрден «әлеуметтік желілерде биыл ақылы жолдар тарифі төрт есе көбейеді деген болжам таралып жатыр. Сол рас па?» деп сұраған. «Ақылы жолдар төрт есе қымбаттайды деген әңгімелерді растамаймын. Тарифті көтеру әр жолда әртүрлі жүзеге асады. Біреуінде 30 пайыз, тағы бірінде 40 пайыз қымбаттауы мүмкін. Жалпы алғанда біз жәймендеп қымбаттатып жатырмыз. Тағы қайталап айтамын,…
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Алайда нәтижесі жақын арада белгілі болмақ, — деп хабарлайды ErtenMedia. Көлік министрі Үкіметте өткен брифингте мән-жайды айтты. «Мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Бразилия және ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын бұған дейін де айттық. Алдағы күндері алдын ала есеп біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз. Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт қажет. Бұл — өте ауыр жұмыс», — деді Қарабаев. Айта кетейік, бұған дейін апатқа қатысты зерттеулерге шетелдік мамандар да тартылғаны хабарланды. Қазір 17-18 сарапшы жұмыс істеп жатыр, олардың қатарында Әзербайжан, Ресей, Бразилия және Нидерландтан келген мамандар бар. Олар 2024…
Қостанай облысында Бейімбет Майлин ауданы Мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы Мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты соталды тергеуді аяқтады. «Мәслихат төрағасы өзіне аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттары талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталып отыр», — деп жазылған хабарламада. Биыл 23 қаңтарда қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Бұған дейінгі оқиға Бұған дейін Ақтөбе облысында шенеунік депутаттармен бірлесіп, 672 млн теңгені…
Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) шегін 78,6 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін төмендету және оның мөлшерлемесін 20%-ға дейін арттыру бастамасы теріс зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек LS сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. Депутат өзгерістер инвесторлардың елден кетуіне және қымбатшылыққа жол ашатынын ескертті, — деп хабарлайды ErtenMedia. “Жұманғарин ұсынды, алайда шешімді Парламент қабылдайды” Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин көтерген бұл ұсыныстың түпкілікті тағдырына Парламент жауапты екенін айтқан депутат Базарбек жаңа Салық кодексін талқылау әзірге жүріп жатқанын еске салды. Депутаттың өзі ҚҚС шегін күрт түсіру және мөлшерлемені өсіру шараларын қолдамайтынын ашық білдірді. Оның сөзінше, мұндай маңызды салық саясатын…
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан кезінде Атырау облысының әкімі болған Бергей Рысқалиевке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia. Бергей елге оралғысы келе ме, Абзал Құспан оның айыбы бар деп ойлай ма? Депутат осы тектес сауалдарға жауап берді. Рысқалиевке қатысты іс жалпақ жұртқа жақсы таныс. «Кезінде Атырауда атышулы іс болды. Ол кезде Бергей Рысқалиев кетіп қалды. Командасы, 22 шенеуніктің үстінен іс жүріп жатты. Сол кезде қала әкімі болған бір азаматты қорғадым. Үлкен іс болды. Сол кездегі ең резонансты істің бірі болды», — дейді заңгер Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында. Заңгер Абзал Құспан өзін Бергей Рысқалиевпен не байланыстырады деген сауалға жауап берді.…
Бүгін Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының «Саяжай» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 600 орындық білім ошағының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз облысымыздың экономикалық өсіміне оң бағасын берді. Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта…
Бірнеше күннен бері БАҚ пен әлеуметтік желіде «Астананың бас имамына тиесілі» делінген зәулім сарай төңірегінде қызу талқы жүріп жатыр. Бұл үй шын мәнінде кімдікі екені анықталды, — деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін желіде тараған видеода белгісіз ер адам «бас имамның үйі мешіт сияқты үлкен екенін, оның төрт әйелі барын» айтқан еді. «Не деген сарай мынау?! Төрт әйелі бар дейді. Жаңа осы үйдің аспазын алып келдім. Аспазы бар тағы. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді», — дейді видеода ер адам. Кейінірек Астананың бас имамы Ербол Жүсіпов бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді. «Әлеуметтік желіде белгісіз бір азамат жалған парақша арқылы «Мынау тұрған зәулім үй Астана…
ІІМ ұрланған қаруды тәркілеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, заңсыз айналымнан қару-жарақты, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды анықтау және тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Министрлік мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік кезінде 2960 табельдік және азаматтық қару ұрланған. Бұл ретте соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту және рейдтердің нәтижесінде 8 мыңға жуық атыс және травматикалық қару, 831 граната және түрлі калибрлі 112 мыңнан аса оқ-дәрілер табылып, тәркіленген. Сондай-ақ қару жасырылған 722 орын табылды. «Бүгінгі таңда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі нақты айқындалды. Қалған тәркіленген 6765 қарудың қылмыскерлер тіркеу нөмірлерін қасақана…










