Автор: Асылхан Бөрібай

Қшақ апаты Әзербайжан

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының қара жәшіктеріне қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бозымбаевтың айтуынша, қара жәшіктер ашылып, Қазақстанға қайтарылған, қазір Бас прокуратураның қолдауымен тергеу тобында. «Сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Бұл материалдардың көшірмелері Әзербайжан тарапында да, Ресей тарапында да бар. Жасыратын түгіміз жоқ», деді вице-премьер Үкіметтегі брифингте. Вице-премьер Қанат Бозымбаев келесі аптада Ақтауда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері жарияланатынын да айтты. Қазір ұшу режимдері мен экипаж мүшелерінің өзара және жермен жүргізген аудиожазбалары зерттеліп жатыр. «Белгілі бір қорытындылар жасалады. Бұл үшін әділет министрлігіндегі сот сараптамасы жұмыс жүргізіп жатыр. Туыстары мұның шын мәнінде…

Толық оқу
Ұшақ апаты Azerbaijan Airlines

Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы келесі аптада жарияланады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баспасөз конференциясында мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қара жәшіктердегі мәліметтер Бразилияда толығымен ашылып, Қазақстанға қайтарылған. Cондай-ақ, ұшақ апатында көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілген. «Барлық қара жәшік ашылды, 17-18 адам ондағы деректермен жұмыс істеп жатыр», — деді Бозымбаев. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.…

Толық оқу
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Ұлыбританиялық әнші Эд Ширанның концертінде төбе көрсетіп, көпшіліктің назарына ілікті, — деп жазады ErtenMedia. Саяхат барысындағы әсерлерін Әлиев әлеуметтік желіде жариялады. Белгілі болғандай, әлемдік жұлдыздың ән кеші Оңтүстік Азиядағы Бутан корольдігінде өткен. Нұрәлі Әлиев концерттен бөлек, Бутан королімен түскен суретін де бөлісіп, Тхимпху қаласында түсірілген фотоларын жариялаған. Суреттердің бірінде Аманкора қонақүйі көрініс тапқан. Ашық дереккөздерге сүйенсек, бұл қонақүй тау баурайындағы ең беделді ауданда, король резиденциясының жанында орналасқан. Желіге жүктелген фотоларда Нұрәлінің жанында непалдық кәсіпкер Нирвана Чаудхаридің жүргенін байқауға болады. Осы сапар туралы ой бөлісіп жатқан сарапшылардың пікірінше, Назарбаев әулетінің өкілі емін-еркін ел аралап жүр.…

Толық оқу

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Масабаев Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Наз» ЖШС-ның бас энергетигі, «Алмаз және КЮС» ЖШС техникалық директоры, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы қаласы энергия тиімділігі…

Толық оқу

Ресей президенті Владимир Путин Ресей экономикасының жағдайына алаңдаулы және Украинаның кейбір аймақтарындағы әскери операциялардан қажет нәтижеге қол жеткіздік деп есептейді екен. Бұл туралы Reuters агенттігі Кремльге жақын дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Агенттік мәліметінше, Путин Ресей экономикасындағы дисбаланстарға алаңдаулы. Әсіресе, жұмыс күшінің жетіспеушілігі мен жоғары инфляцияны тежемек мақсатта енгізілген жоғары пайыздық мөлшерлемелер экономикалық белсенділікке кері әсерін тигізіп жатыр. Ресейдің әскери шығындары рекорд деңгейге жеткен тұста ішкі нарықтағы шиеленіс күннен-күнге артуда. Бұл жағдай Кремльдің алдағы стратегиясына ықпал етіп, Ресей элитасының бір бөлігін Украинадағы соғысты келіссөздер арқылы реттеудің қажеттілігін мойындауға итермелеуде. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл пікір Ресей элитасының ішінде әлі де қызу талқыланып,…

Толық оқу

Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Украина Кремльмен келіссөздерге тек Вашингтон тарапынан кепілдік берілген жағдайда бара алатынын мәлімдеді. Бұл туралы РБК жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Жалғыз мәселе: қауіпсіздік кепілдіктері қандай болатынында. Шынымды айтсам, келіссөздерге дейін бәрін түсініп алғым келеді», – деді ол. Зеленский «кейбір еуропалық достар» басқаша ойласа да, АҚШ-тың қатысуынсыз мәселені реттеу мүмкін емес деп санайды. «АҚШ-сыз ешкім тәуекелге бармайды», – деді ол. Украина президенті бұл мәселеде ең ықпалды саясаткерлердің қатарында Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпинді атады: «Менің ойымша, мұны шын мәнінде жүзеге асыра алатын басқа одақтас жоқ. Путиннің экономикасы Қытайға қатты тәуелді», –…

Толық оқу

Қарағандыда В.И. Ленин атындағы кинотеатр мемлекетке қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. 1960 жылы ашылған кинотеатр Қарағандыдағы алғашқы екі залды кең экранды кинотеатр болған. «Бұл ғимарат қаланың мәдени өмірінің орталығына айналып, жоғары деңгейдегі премьераларды, фестивальдар мен кинофорумдарды көрді. Алайда 1998 жылы нысан тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен заңсыз шығарылып, кейіннен жекешелендірілген», — деп жазылған хабарламада. Қазыбек би ауданының прокуратурасы жекешелендірудің заңсыздығын сотта дәлелдеу үшін ұзақ және күрделі жұмыс жүргізген. Сот бірнеше айға созылды. Бұзушылықтар туралы ұсынылған дәлелдердің арқасында сот кинотеатрды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.

Толық оқу

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге арнап пост жазды. Бұл Трамптың ашық сес көрсеткені ме әлде алдын ала ескерткені ме, әлде тіпті жағдайды тез шешкісі келгені ме — бұл жағы бізге беймәлім. Дегенмен белгілі саясаткер Әміржан Қосан ErtenMedia-ға берген сұхбатында «соғысты тоқтату әлемжелідегі бір жазбамен шешілмейді» деді. «Соғысты тоқтат! Әйтпесе…» Трамптың Путинге арналған посты АҚШ президенті Трамп Украинамен арадағы соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейге жаңа санкциялар мен сауда баждарын енгізетінін айтты. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Трамп постында «Ресейге зиянын тигізбейтінін, орыс халқын жақсы көретінін және президент Путинмен үнемі өте жақсы қарым-қатынаста болғанын» жазды.…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде Мәслихат депутаты Тимур Елеусізов ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда депутаттың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Тимур Елеусізов блогер Руслан Кәрімовпен бірге ұсталды, Кәрімов 28 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілініп отыр. Елеусізов Кәрімовпен және Дамир Көшеевпен байланыста болғаны белгілі, олармен әлеуметтік желілерде жиі бірлескен контент жариялаған. БАҚ-қа берген сұхбатында депутат қамауға алынған кезде Кәрімовтың жанында болғанын, бірақ ол іске қатысы жоқ болғандықтан босатылғанын айтқан. Елеусізов іс бойынша куәгер екенін атап өтіп, жария етпеу туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Бопсалау туралы айыптауларға қатысты депутат күмән келтіріп: «Әзірге ештеңе айта алмаймын» деген», — деп жазылған ГосАрхив мәліметінде. Алайда кейінірек…

Толық оқу

Украина президенті Владимир Зеленский Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу барысында Әзербайжан авиакомпаниясының апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Украина басшысы әлеуметтік желілерде жазған. Ақпарат әзербайжандық Minval басылымында жарық көрді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Зеленский трагедия орнынан алынған дәлелдер бәрін көрсетіп беретінін және шындықты ашу үшін Ресейге қысым көрсетудің маңызы туралы айтқан. Зеленскийдің айтуынша, көшбасшылар екіжақты қарым-қатынастардың болашағын, оның ішінде тауар айналымы мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыру бағыттарын талқылаған. Украина президенті Әзербайжанның қолдауына жоғары баға беріп, көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірдген. Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines…

Толық оқу