Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасына енгізілетін бірқатар маңызды өзгерістер жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, ұсынылған түзетулер халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етіп, ел экономикасына жаңа серпін беруі тиіс. Қазір бұл ұсыныстар Мәжілістің жұмыс тобында қызу талқыланып жатыр. Құмар ойын бизнесі туралы Аймағамбетов өз ұстанымын былай түсіндірді: «Құмар ойындар, әсіресе букмекерлік кеңселер өте жоғары табысқа ие. Үкімет ұсынған жаңа Салық кодексінде олардың салығын 10%-ға көтеру қарастырылған. Иә, бұл бұрынғыдан жоғары, бірақ жеткіліксіз. Біз бұл көрсеткішті кемінде 20%-ға жеткізуді ұсынамыз. Осылайша бюджетке қосымша жүздеген миллиард теңге түседі». Сонымен қатар, банк секторынан түсетін салық көлемі де артатын…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымда шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен шаһар тұрғындары қатысты. «Киелі шаһарымыздың тазалығына ат салысқан әрбір азаматқа алғысым шексіз. Түркілердің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне тікелей байланысты. Бүгінгі жалпыхалықтық тазалық жұмыстары нәтижесінде өңірге ат басын бұрып, қонақ болушылар саны да арта түспек. Себебі, қаланың көркі зәулім сарайлары ғана емес, тазалығына да тікелей байланысты»- деді шаһар басшысы. Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны…
Ақтөбе облысының полициясы өңірдегі перзентханалардың бірінде жаңа туған сәбидің сатылуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты, олар тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқан. «Ақтөбе облысы полициясы перзентханада жаңа туған нәрестенің сатылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жай мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Былтыр Алматы облысында 950 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, 17 ауыл газбен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 700 шақырымға жуық жол жөнделді және басқа да маңызды жұмыстар атқарылды. Өңірде партияның сайлауалды уәделерінің жүзеге асырылу тиімділігі Қонаев қаласында өткен «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысында талқыланды. Сонымен қатар партия өкілдері сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр өңірде нақты экономика саласында 23 жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ 19,4 мың орынға арналған 18 мектеп, 47 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Осылайша «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы азаматтардың өзекті…
Жамбыл облысында өткізілген көкпарда дау шығып, іс сотқа жетті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жуалы аудандық сотыда ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б., (Ұсақ бұзақылық) бойынша Б. және Ө.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. 2024 жылы қаңтарда құқықбұзушылар Ө. және Б. Ертай ауылында ауылдар арасында өткізілген көкпар ойынында ауыл тұрғындарының көзінше бір-бірін балағаттап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен. Б. өзінің түсініктемесінде О.-ның атының басы бетіне тиіп жарақат алып, нәтижесінде екеуінің арасында жанжал басталғанын көрсеткен. Cот отырысында өңір тұрғындары кінәларын толық мойындап, жасалған іс-әрекеттеріне өкінетінін көрсетті. Сот қаулысымен Ө. және Б. ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсына 78 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Сот қаулысы…
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп көмекшілеріне инаугурациядан кейін бірнеше күн ішінде Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. CNN мәліметінше, олардың телефон арқылы сөйлесетін күні әзірге белгісіз. Арна дерекөздерінің айтуынша, Трамп Путинмен жеке сөйлесу Украинадағы қақтығысты тоқтататын шешім табуға көмектеседі деп сенеді. Айта кетейік, бұған дейін Трамп Вашингтондағы ұлықтау алдындағы сөзінде ел алдында тұрған барлық дағдарысты шешетінін айтқан болатын. Ол АҚШ-тың иммиграциялық және сауда саясатын түбегейлі өзгертуге ниетті. АҚШ президентінің инаугурациясы бүгін шығыс уақыты бойынша түстен кейін (Астана уақыты бойынша 22:00-ге) жоспарланған, сол уақытта Трамп Капитолий ғимаратында президенттік ант қабылдайды. Еске салайық, 2024 жылы…
Қатігездікпен адам өлтірді деген күдікке ілінген екі қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Күдіктілер 2023 жылы қаңтарда Шымкентте басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздықпен танысын өлтіруді жоспарлаған. Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген. Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақатын келтірген. Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленуші көз жұмған соң оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші ауыр дене жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Күдіктілердің екеуі ізін суытпай ұсталып, әртүрлі жазаға тартылған. Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, оған халықаралық іздеу…
АҚШ-тың Мемхатшысы лауазымына ұсынылған сенатор Марко Рубио «Джексон-Вэник түзетулері» деп аталатын, Орта Азия елдерімен саудаға кедергі келтіріп отырған 50 жыл бұрынғы заңды «өткен дәуірдің қаңсығы» деп атады. Мәлімдеме Сенаттың Сыртқы істер комитетінде өткен тыңдау кезінде жасалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Рубионың пайымдауынша, Орта Азияның негізгі экономикалық серіктесі саналатын Бейжің Әмірика үшін басты — қауіп-қатердің бірі. Ұлттық қауіпсіздік мәселесінде қатаң позиция ұстанатын сенатор Мәскеу, Тегеран және Пхеньян сияқты «диктаторлық жүйелерді» де соңғы кезде қатаң сынға алуда. Сенаттың Сыртқы істер комитетінде өткен тыңдау кезінде сенаторлар Рубионың уәжін мұқият тыңдап, сөзін бөлмеуге тырысты. Бұл оның Мемлекеттік хатшы қызметіне бекітілуі ықтимал екенін көрсетіп отыр.…
Әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар роботтың көмегімен қозғала бастаған. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер бар: Басына сәтті ота жасалды. Инфекциядан толық арылды. Катетері мен мұрнындағы зонты алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады», — деп жазды ол. Инга Иманбайдың айтуынша, дәрігерлердің де болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Ал ем Ыстамбұлда жалғасып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін заңгер, құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу дұрыс жүргізілмей жатқанын мәлімдеді. Заңгер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіге іздеу салды.…
Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Ханболат Астанадағы сот шешімімен бұзылуға міндеттелген құрылыс нысанын ағасы Данияр Кесікбаевқа сыйға тартты, деп жазады Ertenmedia.kz Nege.Aqsha арнасына сілтеп. Айта кетелік, былтырғы жылдың 20 ақпанда Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сот Болат Назарбаевтың Майра Құрманғалиевадан туған ұлына Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы ойын-сауық орталығын заңсыз салғаны үшін 103 500 теңге айыппұл салған. Ханболат Назарбаев бұл учаскені 2020 жылы ақпанда кәмелетке толуына орай сый ретінде алған. Осылайша бұрын бұл жерде орналасқан қонақүй кешенін бұзып, оның орнына сауда ойын-сауық орталығын құрылыс рұқсатынсыз және алдын-ала ескертусіз жүргізе бастаған. Сот экс-президенттің (Нұрсұлтан Назарбаевтың — еск.) немере інісіне айыппұл төлетіп қана қоймай, заңсыз…










